Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher GSH 4-4 Plus Bedienungsanleitung Seite 278

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Телескопиялық тұтқасы бар шөп
кескішпен шөп кесіңіз
1. Шөп кескішті құрылғыға орнатыңыз, Шөп немесе
бұта кескішті орнатыңыз тарауын қараңыз.
Нұсқау
Қауіпсіздік мақсатында бұта кескішті
телескопиялық тұтқамен пайдалануға болмайды.
Егер бұта кескіш орнатылған болса, құрылғыны
қабылдау науасына итеру мүмкін емес. Бұта
кескішке ешқандай өзгерістер енгізбеңіз!
2. Құрылғыны қабылдау науасына кіретін жерге
дейін итеріңіз.
Сурет J
Нұсқау
Құрылғыны алу үшін оны қабылдау науасынан
шығарыңыз.
Сурет K
3. Мысалы, шығыңқы жерлерде шөп кесу үшін
құрылғыны солға немесе оңға бұраңыз:
Сурет L
a Құлпын ашу ысырмасын көрсеткі бағытында
тартып ұстап тұрыңыз.
b Құрылғыны қабылдау науасымен 90° солға
немесе оңға бұрыңыз.
c Құлпын ашу ысырмасын жіберіңіз.
Қабылдау науасы орнына түседі.
4. Қажет болса, телескопиялық тұтқаның
ұзындығын реттеңіз:
Сурет M
a Салмалы сомынды босатыңыз.
b Телескопиялық тұтқаны біріктіріңіз немесе
ажыратыңыз.
c Салмалы сомынды қатайтыңыз.
5. Пышақ қорғанысын алыңыз.
6. Телескопиялық тұтқадағы ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
арқылы құрылғыны қосыңыз:
Сурет N
a Телескопиялық тұтқадағы ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін қалпына келтіру түймешігін басып
тұрыңыз.
b Телескопиялық тұтқадағы ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін басыңыз.
Құрылғы іске қосылады.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қалпына келтіру
түймешігін енді босатуға болады.
Құрылғыны тоқтату үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін
босатыңыз.
Нұсқау
Құрылғы телескопиялық тұтқаға орнатылған
болса, құрылғыдағы ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
ешқандай функцияны атқармайды.
ҚАУІП
Құрылғыны телескопиялық тұтқамен көтеру
кезінде жарақат алу қаупі бар!
Телескопиялық тұтқамен көтерген кезде
құрылғыны қауіпсіз бағыттау мүмкін емес,
бақылаудан шығып, кесіп кетуге немесе
көгерулерге əкелуі мүмкін.
Құрылғыны телескопиялық тұтқамен көтермеңіз.
Құрылғыны тек дөңгелектерін жерге қойып
бағыттаңыз.
7. Құрылғыны телескопиялық тұтқамен
бағыттаңыз.
Сурет O
Сурет P
Бұта кескішпен бұталарды/тал-шіліктерді/
278
1. Бұта кескішті орнатыңыз, Шөп немесе бұта
кескішті орнатыңыз тарауын қараңыз.
2. Құрылғыны қосыңыз:
Сурет H
a ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қалпына келтіру
түймешігін басып тұрыңыз.
b ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Құрылғы іске қосылады.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қалпына келтіру
түймешігін енді босатуға болады.
Құрылғыны тоқтату үшін ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін босатыңыз.
3. Бұта кескішпен бұталарды/тал-шіліктерді/
тоғайларды кесіңіз.
Тал-шіліктерді кесу кезінде пышақты тал-
шіліктерге параллель бағыттаңыз.
Сурет Q
Шөп пен бұта кескіштерді ауыстыру
ҚАУІП
Өткір пышақтың кесіп кетуі жəне құрылғының
кездейсоқ қосылуы салдарынан жарақат алу
қаупі!
Құрылғыдағы кез келген жұмысты бастамас бұрын
аккумулятор жинағын құрылғыдан шығарыңыз.
Аккумулятор жинағын орнату кезінде ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесінің басылмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының байқаусызда қосылуын болдырмаңыз.
Құрылғыда жұмыс істеген кезде қорғауыш
көзілдіріктер мен қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
Пышақ қорғанысын құрылғыдағы кез келген жұмыс
алдында жəне əрбір тасымалдау алдында
орнатыңыз.
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін жіберіңіз.
Құрылғы өшеді.
2. Құрылғыдан батарея жинағын алығыз
Аккумулятор жинағын шығарыңыз тарауын
қараңыз.
3. Пышақ қорғанысын шөп пен бұта кескіштерге
орнатыңыз, Пышақ қорғанысын монтаждау
тарауын қараңыз.
4. Құрылғыдағы шөп немесе бұта кескішті
бөлшектеу:
Сурет R
a Екі босату түймешігін бір уақытта басыңыз.
b Шөп немесе бұта кескішті кескіш ұстағышынан
алыңыз.
5. Құрылғыға шөп немесе бұта кескішті бекіту:
Сурет D
a Шөп немесе бұта кескіштерді суреттегідей
кескіш ұстағышына салыңыз.
b Шөп немесе бұта кескішті кескіш ұстағышына
оның орнына түскен дыбысын естігенше
басыңыз.
Аккумулятор жинағын шығарыңыз
Нұсқау
Ұзақ жұмыс үзілістері үшін аккумулятор жинағын
құрылғыдан алып тастаңыз жəне оны рұқсатсыз
пайдаланудан қорғаңыз.
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін жіберіңіз.
Құрылғы өшеді.
2. Аккумулятор жинағын бұғаттан шығару түймесін
басып, аккумулятор жинағын аккумулятор
жинағының ұстағышынан тартып шығарыңыз.
Сурет S
Қазақша
тоғайларды кесу

Werbung

loading