Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher GSH 4-4 Plus Bedienungsanleitung Seite 277

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Құрылғыда жұмыс істеген кезде қорғауыш
көзілдіріктер мен қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
Пышақ қорғанысын құрылғыдағы кез келген жұмыс
алдында жəне əрбір тасымалдау алдында
орнатыңыз.
1. Шөп немесе бұта кескіштің пышақтарына пышақ
қорғанысын салыңыз.
Сурет C
Шөп немесе бұта кескішті орнатыңыз
ҚАУІП
Өткір пышақтың кесіп кетуі жəне құрылғының
кездейсоқ қосылуы салдарынан жарақат алу
қаупі!
Құрылғыдағы кез келген жұмысты бастамас бұрын
аккумулятор жинағын құрылғыдан шығарыңыз.
Аккумулятор жинағын орнату кезінде ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесінің басылмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының байқаусызда қосылуын болдырмаңыз.
Құрылғыда жұмыс істеген кезде қорғауыш
көзілдіріктер мен қорғаныс қолғаптарын киіңіз.
Пышақ қорғанысын құрылғыдағы кез келген жұмыс
алдында жəне əрбір тасымалдау алдында
орнатыңыз.
1. Қолдану мақсатына сəйкес шөп немесе бұта
кескішті таңдаңыз.
2. Пышақ қорғанысын монтаждаңыз, Пышақ
қорғанысын монтаждау тарауын қараңыз.
3. Құрылғыға шөп немесе бұта кескішті бекіту:
Сурет D
a Шөп немесе бұта кескіштерді суреттегідей
кескіш ұстағышына салыңыз.
b Шөп немесе бұта кескішті кескіш ұстағышына
оның орнына түскен дыбысын естігенше
басыңыз.
Аккумулятор жинағын салыңыз
ҚАУІП
Құрылғы байқаусызда қосылса, кесіп кету
салдарынан жарақат алу қаупі бар!
Аккумулятор жинағын орнату кезінде ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесінің басылмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғының байқаусызда қосылуын болдырмаңыз.
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін жіберіңіз.
2. Аккумулятор жинағын құрылғыдағы аккумулятор
жинағының ұстағышына орнына түскенін
сезгенше басыңыз.
Сурет E
Зарядтау күйінің индикаторы
Құрылғы қосылғаннан кейін аккумулятор жинағының
заряд деңгейі көрсетіледі.
Сурет F
Телескопиялық тұтқаны құрастыру
(қосымша)
Телескопиялық тұтқа көгалдың тіпті ең ұзын
жиектерін жүріп бара жатып оңай кесуге мүмкіндік
береді.
Телескопиялық тұтқа қосымша қол жетімді.
1. Салмалы сомынды босатыңыз жəне
телескопиялық тұтқаны сəл тартып алыңыз,
Телескопиялық тұтқасы бар шөп кескішпен
шөп кесіңіз тарауын қараңыз.
Бұл қабылдау науасын телескопиялық тұтқаға
кигізуді жеңілдетеді.
2. Көрсетілгендей қабылдау науасын
телескопиялық тұтқаға сырт еткен дыбыс
естілгенше сырғытыңыз.
Сурет G
Нұсқау
Ол орнына түскеннен кейін, қабылдау науасын
телескопиялық тұтқадан шығару мүмкін емес.
ҚАУІП
Өткір пышақтың кесіп кетуі жəне құрылғының
кездейсоқ қосылуы салдарынан жарақат алу
қаупі!
Пышақтар кесіп кету салдарынан ауыр
жарақаттарға əкелуі мүмкін.
Пышақтарды ұстамаңыз.
Құрылғымен немесе құрылғыда кез-келген жұмыс
жасау кезінде көзілдірік пен қорғайтын қолғап
киіңіз.
Құрылғының байқаусызда қосылуын болдырмаңыз.
Құрылғы шамадан тыс жүктелу салдарынан
өздігінен өшсе, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін дереу
босатыңыз. Құрылғыны немесе аккумулятор
жинағын қайта қоспас бұрын, олар қайтадан
жұмысқа дайын болғанша күтіңіз.
ЕСКЕРТУ
Жан жаққа бөлшектердің лақтырылуы
салдарынан жарақат алу қаупі бар!
Пышақтар бос бөлшектерді жан жаққа лақтыруы
мүмкін.
Жұмыс басталғанға дейін жұмыс аймағын сым,
тастар, шыны тəрізді тасталуы мүмкін
заттардың жоқтығына тексеріңіз.
Құрылғымен кез-келген жұмыс жасау кезінде
көзілдірік, қорғайтын қолғап жəне есту мүшелерінің
қорғанысын киіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Пышақ арқылы немесе пышақтардың
зақымдану қаупі бар!
Пышақтар заттарды зақымдауы мүмкін.
Қатты заттар пышақтарды зақымдауы мүмкін.
Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында
баусымдар, шлангтар, құбырлар, кабельдер,
металл өзектер, сымды торлар сияқты
заттардың бар-жоғын тексеріп, жеткілікті
қашықтықта ұстаңыз.
Шөпті шөп кескішпен кесу
1. Шөп кескішті орнатыңыз, Шөп немесе бұта
кескішті орнатыңыз тарауын қараңыз.
2. Пышақ қорғанысын алыңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз:
Сурет H
a ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қалпына келтіру
түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
b ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Құрылғы іске қосылады.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қалпына келтіру
түймешігін енді босатуға болады.
Құрылғыны тоқтату үшін ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін босатыңыз.
4. Пышақты еденге параллель бағыттаңыз.
Сурет I
Қазақша
Қолдану
277

Werbung

loading