Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GIS 1000 C Professional Originalbetriebsanleitung Seite 250

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GIS 1000 C Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
250 | Қазақ
Егер термоэлемент алынса, дисплейдегі функция
индикаторы (s) сөнеді. Термоэлементті алып тастағаннан
кейін қақпақты (1) қайтадан жабыңыз.
Пайдаланушы режимі
Пайдаланушы режимінде беткі және қоршаған орта
температурасы және салыстырмалы ауа ылғалдылығы
өлшенеді. Осыдан еру нүктесінің температурасы және
орташа температура (өлшеу ұзақтығының барысындағы
беткі температураның орташа мәні) есептеледі.
Қажет болса, мына мәндерді индикаторда жасыруға
болады: орташа температура, салыстырмалы ауа
ылғалдылығы, қоршаған орта температурасы және еру
нүктесінің температурасы.
Ол үшін <Бас мәзір> мәзірін шақырыңыз(қараңыз „<Бас
мәзір> бойынша шарлау", Бет 251). <Пайдаланушы
режимі> ішкі мәзірін таңдаңыз. Осы жерде <Орташа
температура>, <Ауа ылғалдығы>, <Бөлме
температурасы> және <Еру пункті> индикаторларын
қосып өшіруге болады.
Беткі температураны өлшеу әрекеттері үшін минималды
және максималды мәннің (j) нәтижелер шкаласына (k)
автоматты түрде бейімдеу немесе қолмен орнату
қажеттігін таңдауға болады. Ол үшін <Пайдаланушы
режимі> мәзіріндегі <Шкала аймағы> ішкі мәзіріне
кіріңіз.
– <авто> тармағын мәндерді (j) беткі температура
режиміндегідей автоматты түрде анықтау қажет
болғанда таңдаңыз. Өлшеу нәтижелерінің
айырмашылығы 3 °C шамасынан артық
болғанда, өлшеу әрекетінің минималды және
максималды температура мәндері (j) индикаторында
пайда болады.
– Мәндерді қолмен белгілеу үшін <алдын ала
реттелген> тармағын таңдаңыз. <Пайдаланушы
режимі> мәзіріндегі <Шкаланың төменгі шегі> және
<Шкаланың жоғарғы шегі> тармақтарда қалаулы
мәндерді реттеп шығыңыз. (j) индикаторында қолмен
орнатылған минималды және максималды мәндер
пайда болады. Осылайша, мысалы, әртүрлі өлшеу
әрекеттерінің экрандық фотосуреттерін (p)
таңбаламасы бойынша сәйкестендіруге болады.
Беткі температура дабылы
Беткі температура дабылын жанасу кезіндегі
температураны өлшеу режимінен басқа барлық
режимдерде пайдалануға болады. Минималды және
максималды температураны анықтауға болады.
Егер минималды температурадан төмен түсірілсе,
температура дабылының индикаторы (m) көк түспен
жыпылықтап, дыбыстық сигнал қосылып тұрғанда,
ескерту сигналы беріледі.
Егер максималды температурадан асырылса,
температура дабылының индикаторы (m) қызыл түспен
жыпылықтап, дыбыстық сигнал қосылып тұрғанда,
ескерту сигналы беріледі.
1 609 92A 4X3 | (03.11.2020)
Беткі температура дабылын пайдалану үшін <Бас мәзір>
мәзірін шақырыңыз(қараңыз „<Бас мәзір> бойынша
шарлау", Бет 251).
– <Дабыл> ішкі мәзірін таңдаңыз.
– <мин/макс. сигналы> реттеуін <қосулы> күйіне
орнатыңыз.
– <мин. сигналы> тармағында минималды
температураны реттеп шығыңыз.
– <макс. сигналы> тармағында максималды
температураны реттеп шығыңыз.
Минималды және максималды температура дабылды
<өшік> күйіне орнатқанда да сақталады.
Деректерді тасымалдау
Өлшеу нәтижелерін сақтау/көрсету/жіберу
Өлшеу әрекетін аяқтағаннан кейін, дисплейде сақтау
белгісі өлшеу нәтижелерін жадқа сақтауға болатынын
білдіретін индикатор ретінде пайда болады. Ол үшін
сақтау/жіберу түймесін (9) басыңыз.
Өлшеу нәтижелері JPG файлы (сақталған дисплейдің
экрандық фотосуреті) ретінде сақталады.
– Сақталған экрандық фотосуретті көрсету
үшін галерея белгісінің (q) астындағы сол
жақ функциялық түймені (17) басыңыз.
Дисплейде соңғы сақталған фотосурет
пайда болады.
– Сақталған экрандық фотосуреттердің
арасында алға немесе артқа ауысу үшін оң
жақ (11) немесе сол жақ (15) көрсеткі
түймесін басыңыз.
– Көрсетілген өлшеу нәтижелерін
Bluetooth® арқылы жіберу үшін сақтау/
жіберу түймесін (9) басыңыз. Егер
Bluetooth® байланысы әлі қосылмаған
болса (қараңыз „Bluetooth® арқылы
деректерді тасымалдау", Бет 251), ол
сақтау/жіберу түймесін басу арқылы іске
қосылады.
– Көрсетілген экрандық фотосуретті жою
үшін себет белгісінің астындағы оң жақ
функциялық түймені (10) басыңыз.
– Жою процесін растау үшін қанат белгісінің
астындағы сол жақ функциялық түймені
(17) басыңыз.
– Жою процесін тоқтату үшін крест
белгісінің астындағы оң жақ функциялық
түймені (10) басыңыз.
– Галерея көрінісінен шығу және өлшеу
режиміне қайтып оралу үшін қайту
белгісінің астындағы сол жақ функциялық
түймені (17) басыңыз.
Сондай-ақ сақталған барлық файлдарды бір уақытта
жоюға болады (қараңыз „<Барлық суреттерді өшіру>",
Бет 252).
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis