Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GIS 1000 C Professional Originalbetriebsanleitung Seite 249

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GIS 1000 C Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Өлшеу аяқталғаннан кейін, соңғы мақсатты өлшеу
нысанының беткі температурасы (n) индикаторында, ал
қоршаған орта температурасы (h) индикаторында
тіркеледі. Есептелген f
мәні (қараңыз „Жылылық
Rsi
көпірі", Бет 253) және оның күтілетін ұйғарынды
ауытқуы (v) индикаторында көрсетіледі.
Өлшеу құралы мәндердің түсініктемесін (p)
таңбаламасымен бірге нәтижелер шкаласында (k)
көрсетеді:
– (p) таңбаламасы жасыл түсті аймақта (f
ұйғарынды ауытқуды қосқанда 0,7 шамасынан артық):
жылылық көпірі жоқ
– (p) таңбаламасы сары түсті аймақта (f
шамасындағы шектік аймақта): өлшеу аймағында
жылылық көпірі бар болуы ықтимал. Өлшеу әрекетін
қолайлырақ қоршаған орта шарттарында (мысалы,
төменірек сыртқы температурада) қайталау керек.
– (p) таңбаламасы қызыл түсті аймақта (f
ұйғарынды ауытқуды қосқанда 0,7 шамасынан кем):
өлшеу аймағында жылылық көпірі бар болуы тиіс.
Еру нүктесі режимі
Өлшеу құралы зең пайда болуы мүмкін жерлерді іздеу
кезінде қолдау көрсете алады.
Осы режимде қосымша өлшенетін қоршаған орта
температурасы мен салыстырмалы
ылғалдылықтан(қараңыз „Салыстырмалы ауа
ылғалдыдығы", Бет 254) еру нүктесінің
температурасы(қараңыз „Еру нүктесінің температурасы",
Бет 254) есептеледі. Еру нүктесінің температурасы
өлшенген беткі температурамен салыстырылады және
зең басу қаупін ескере отырып түсіндіріледі.
Өлшеу нәтижелері тек ағымдағы қоршаған орта
шарттарына негізделген лезде сурет болып табылатынын
ескеріңіз. Қоршаған орта шарттарының ықтимал
өзгерісін болжау мүмкін емес. Критикалық өлшеу
нәтижелері үшін өлшеу әрекетін әртүрлі мезеттерде және
әртүрлі шарттарда қайталау керек болады.
Өлшеу түймесін (4) басу арқылы өлшеу әрекеті
басталады. Дисплейде көрсетілген өлшеу мәндері әрекет
барысында жаңартылады.
Өлшеу аяқталғаннан кейін, соңғы мақсатты өлшеу
нысанының беткі температурасы (n) индикаторында,
қоршаған орта температурасы (h) индикаторында, ал
салыстырмалы ауа ылғалдылығы (g) индикаторында
тіркеледі. Есептелген еру нүктесінің температурасы (i)
индикаторында көрсетіледі.
Өлшеу құралы мәндерді (p) таңбаламасымен бірге
нәтижелер шкаласында (k) түсіндірген кезде автоматты
түрде көмектеседі:
– (p) таңбаламасы жасыл түсті аймақта: ағымдағы
шарттарда зең басу қауіпі жоқ.
– (p) таңбаламасы сары түсті аймақта: мәндер шектік
аймақта; бөлме температурасына, жылылық
көпірлеріне және ауа ылғалдылығына назар аударып,
қажет болса, өлшеу әрекетін аз уақыттан кейін
қайталаңыз.
Bosch Power Tools
– (p) таңбаламасы қызыл түсті аймақта: асқын зең басу
қаупі бар, себебі ауа ылғалдылығы тым жоғары немесе
беткі температура еру нүктесі температурасының
диапазонына жақын тұр. Ағымдағы мән индикаторда
жыпылықтайды.
Беткі температура еру нүктесі температурасының 80 %
шамасына жеткенде, зең басу қаупі туралы ескерту пайда
болады.
Нұсқау: өлшеу құралының көмегімен зең спораларын
анықтау мүмкін емес. Бұл шарттар өзгермеген жағдайда
мәні
Rsi
зең баса алатындығын ғана білдіреді.
Жанасу кезіндегі температура режимі
мәні 0,7
Жанасу кезіндегі температураны өлшеген кезде,
Rsi
стандартты K түріндегі термоэлементтің көмегімен
нысанның температурасын тікелей өлшеуге болады.
Жанасу кезіндегі температураны өлшеу функциясы
температураны жанасусыз өлшеу функциясына пайдалы
мәні
қосымша бола алады. Әсіресе инфрақызыл өлшеу
Rsi
әдісінің негізінде кемшіліктері болғанда, мысалы,
орталарда, сұйықтықтарда, ауа ағындарында немесе
төмен эмиссия дәрежесіне ие беттерде (оқшауланбаған
металдар) температураны өлшеу кезінде, қолданба
айрықша пайдалы болады.
Сұйықтықтарда, ауа ағындарында немесе беттердің
үстінде әртүрлі пайдалану әдістері үшін жарамды датчикті
пайдаланған жағдайда тиісінше өлшеуге мүмкіндік
беретін арнайы оңтайландырылған датчик
геометриялары бар.
Термоэлемент өндірушісінің тиісті нұсқауларын оқып
шығыңыз және ұстаныңыз.
Термоэлемент қолданылған кезде, негізінде өлшеу
нысанымен жанасу орын алады. Бұл ретте пайда болуы
мүмкін қауіпті жағдайларды және қауіпсіздік
техникасының нұсқауларын ескеріңіз.
Бұл режимде тек температура датчигінің температурасы
өлшенеді, басқа өлшеу көрсеткіштері есептен
шығарылған.
Нұсқау: тек K түріндегі термоэлементтерді
пайдаланыңыз. Басқа түрдегі термоэлементтер қосылған
жағдайда, қате өлшеу нәтижелері пайда болуы мүмкін.
Қақпақты (1) ашып, термоэлементті жалғағышқа (25)
қосыңыз.
Термоэлемент қосылғаннан кейін, дисплейде (n)
индикаторы пайда болады. Индикатордың өлшеу мәні
үздіксіз жаңартылып тұрады. Өлшеу үшін өлшеу
түймесін (4) осы режимде баспау керек және лазер
ажыратылады. Сенімді нәтиже алу үшін өлшеу мәні ары
қарай өзгертілмегенше күтіңіз. Термоэлемент
құрылымына байланысты бұл бірнеше минутқа созылуы
мүмкін.
Жанасу кезіндегі температураны әрбір режимде беткі
температураға қоса өлшеуге болады. Сонда өлшеу мәні
басқа жерде көрсетіледі (s). Алайда жылылық көпірлерін
және зең басу қаупін анықтау үшін әрдайым беткі
температура (n) қолданылады.
Қазақ | 249
1 609 92A 4X3 | (03.11.2020)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis