Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher GSH 18-20 Battery Bedienungsanleitung Seite 214

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GSH 18-20 Battery:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
майлау материалдары сияқты кірлерді алып
тастаңыз.
Нұсқау
● Жөндеу жəне техникалық қызмет
көрсету бойынша жұмыстарды тек білікті
мамандар жəне арнайы оқытылған персонал ғана
жүргізу керек. Өнімді жөндеу үшін уəкілетті сервис
орталығына жіберуге кеңес береміз.
Қауіпсіз тасымалдау жəне сақтау
АБАЙЛАҢЫЗ
оқиғалардан немесе жарақаттанулардан құтылу
үшін, пышағының қорғаныс қабы орнатылған жəне
аккумуляторы алынып тасталған құрылғыны ғана
тасымалдауға жəне сақтауға болады. ● Жарақат
алу жəне құрылғыны зақымдау қаупі бар.
Құрылғыны тасымалдау кезінде немесе қозғалыс
кезінде құлап кетуден қорғаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
немесе сақтаудан бұрын құрылғыдан кез келген
бөтен заттарды алыңыз. ● Құрылғыны балаларға
рұқсат бермейтін құрғақ жəне жақсы
желдетілетін жерде сақтаңыз. Құрылғыны бау-
бақша химикаты сияқты абразивті заттардан
аулақ ұстаңыз. ● Құрылғыны ашық ауада
сақтамаңыз.
Қалдық тəуекелдер
ЕСКЕРТУ
● Құрылғы алдын ала белгіленгендей
пайдаланылса да, кейбір қалдық тəуекелдер
қалады. Құрылғыны пайдаланған кезде келесі
қауіптер туындауы мүмкін:
● Кескіш құралдармен байланыстың салдарынан
жарақаттар. Кескіш құралдарды денеден алыс
жəне белдік биіктігінен төменірек ұстаңыз.
Кеспейтін кезде пышақ қорғанысын
пайдаланыңыз.
● Діріл зақым келтіруі мүмкін. Əр жұмыс үшін
дұрыс құралды пайдаланыңыз, берілген
тұтқаларды пайдаланыңыз жəне жұмыс
уақытын жəне экспозициясын шектеңіз.
● Шу есту қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Құлақ қорғау құралын пайдаланыңыз жəне
жүктемені шектеңіз.
Тəуекелдерді азайту
АБАЙЛАҢЫЗ
● Құрылғыны ұзақ қолданған кезде қолдағы қан
айналымы бұзылуы мүмкін. Щеткамен
жұмыстың жалпы ұзақтығын орнатпау керек,
себебі ол көптеген факторларға байланысты
болады:
● Жеке нашар қан айналымға бейімділік (жиі
саусақтарыңыз салқындайды, саусақтарыңыз
шаншиды).
● Қоршаған орта температурасы төмен. Қолды
қорғау үшін жылы қолғаптарды қолданыңыз.
● Щетканы мықтап ұстау салдарынан қан
айналымының нашарлауы.
● Үзіліспен жұмыс істеуге қарағанда, үздіксіз
жұмыс істеу зиян.
Құрылғыны тұрақты жəне ұзақ қолданған кезде
жəне саусақтардың шаншуы, салқын саусақтар
сияқты қан айналымының нашарлау белгілері
бірнеше рет пайда болғанда, дəрігерге қаралу
қажет.
214
● Жазатайым
● Тасымалдаудан
Бұйымды мақсатына сəйкес
● Аккумуляторлы шөп жəне бұта кескіш тек жеке
пайдалануға арналған.
● Аккумуляторлы шөп жəне бұта кескіш жақсы
желдетілетін жерде ашық ауада жұмыс істеуге
арналған.
● Ауыстырылатын саптамамен бірге қолданған
кезде, құрылғы шөпті оңай кесуге арналған.
● Бұта пышағымен бірге қолданған кезде, құрылғы
шөпті, тал-шіліктерді жəне бұталарды оңай
кесуге арналған.
Мақсаты бойынша пайдаланбауға рұқсат
берілмейді.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтерді мына мекенжай бойынша табуға
болады: www.kaercher.de/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Пышақ қорғанысы
Сурет B
Пышақ қорғанысы шөп кескіштің жəне бұта
пышағының қауіпсіздік техникасының маңызды
бөлігі болып табылады. Зақымдалған пышақ
Қазақша
қолдану
бөлшектер

Werbung

loading