Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Redmond RMC-M4510 Bedienungsanweisung Seite 87

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RMC-M4510:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 28
Әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RMC-М4510 мультипісіргішінде «ЭКСПРЕСС» бағдарламасынан басқа, әр бағдар-
лама үшін әзірлеу уақытын өзіңіз орната аласыз. Тапсырылған уақыттың өзгеру қадамы
мен ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты.
Автоматты бағдарлама таңдалып, «Меню» түймешігі басылған соң сағат мәнін орнату үшін
«Час/+» түймешігін және минут мәнін орнату үшін «Мин/–» түймешігін пайдаланыңыз.
Сағат және минут мәндері біріне бірі байланыссыз өзгереді. Параметрдің ең үлкен мәні
болғанда орнату диапазон басынан жалғасады. Мәнді тез өзгерту үшін қажетті түймешік-
ті басып ұстаңыз.
Кейбір автоматты бағдарламаларда орнатылған әзірлеу уақытының есебі тек аспап
тапсырылған жұмыс температурасына шыққан соң басталады. Мысалы, суық су құйылып,
«НА ПАРУ» бағдарламасында әзірлеу уақыты 5 минут орнатылса, бағдарламаның іске
қосылуы мен тапсырылған әзірлеу уақытының керісінше есебі тек су қайнап, табада
жеткілікті тығыз бу қалыптасқан соң басталады. «МАКАРОНЫ» бағдарламасында орна-
тылған уақыттың есебі су қайнап, «Старт» түймешігі қайта басылған соң басталады.
Бағдарлама стартын шегеру
«Отсрочка старта» («Стартты шегеру») функциясы тағам дайын болуы керек уақытты
тапсыруға мүмкіндік береді (бағдарлама жұмысы уақытын ескеріп). Стартты шегерудің ең
ұзақ уақыты 24 сағат құрайды. Стартты әдепкі шегеру уақыты бағдарламаның жұмыс
уақыты мен мультипісіргішке жұмыс параметрлерге шығу үшін қажетті уақытты құрайды
(егер бұл бағдарламаның зауыт теңшелімдерімен қарастырылса). Стартты шегеру уақытын
орнату қадамы — 1 минут.
Автоматты бағдарламаны таңдауды растаған соң стартты шегеру уақытын өзгерту үшін
«Отсрочка» түймешігін басыңыз. Сағат мәндерін көбейту үшін «Час/+» түймешігін басыңыз.
Минут мәнін өзгерту үшін «Мин/–» түймешігін пайдаланыңыз. Сағат және минут мәндері
біріне бірі байланыссыз өзгереді. Параметрдің ең үлкен мәні болғанда орнату диапазон
басынан жалғасады. Мәнді тез өзгерту үшін қажетті түймешікті басып ұстаңыз.
«Отсрочка старта» («Стартты шегеру») функциясы жұмыс істеп тұрғанда дисплейде
ағымдағы уақыт мәні көрінеді. Тағам дайын болу уақытын көру үшін «Отсрочка» түй-
мешігін басып ұстаңыз. Стартты шегеру функциясы «ЖАРКА», «МАКАРОНЫ» және
«ЭКСПРЕСС» бағдарламаларынан басқа, барлық автоматты түрде әзірлеу бағдарлама
үшін қол жетімді.
Егер рецептте тез бұзылатын азық (жұмыртқа, сүт, ет, ірімшік және т.б.) болса,
«Отсрочка старта» («Стартты шегеру») фнукциясын пайдалануға кеңес берілмейді.
Дайын тағам температурасын ұстау (автоысыту)
Осы функция әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен бірден автоматты түрде
қосылады және дайын тағам температурасын 70-75°С арасында 12 сағат ішінде ұстай
алады. Автоысыту жұмыс істеп тұрғанда «Отмена/Разогрев» түймешігінің индикаторы
жанады, дисплейде «Подогрев» («Ысыту») индкаторы мен осы режимде жұмыс істеудің
тура есебі көрінеді.
Қажет болғанда «Отмена/Разогрев» түймешігін басып, бірнеше секунд ұстап, автоысытуды
өшіруге болады.
Автоысытуды алдын ала өшіру
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен автоысытуды қосқан ылғи дұрыс бол-
майды. Мұны есепке алғанда, REDMOND RMC-М4510 мультипісіргішінде «Отсрочка старта»
(«Стартты шегеру») функциясының немесе негізгі әзірлеу бағдарламасының жұмысы
кезінде бұл функцияны адын ала өшіру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл үшін бағдарламаның
жұмысы кезінде «Старт» түймешігін басыңыз. Автоысытуды жаңадан қосу үшін «Старт»
түймешігін қайта басыңыз.
«ЙОГУРТ», «МАКАРОНЫ», «ЭКСПРЕСС» бағдарламалары пайдаланылғанда және «МУЛЬ-
ТИПОВАР» бағдарламасында әзірлеу температурасы 80°С төмен орнатылғанда автоы-
сыту функциясы қол жетімді емес.
Тағамды ысыту
REDMOND RMC-М4510 мульитпісіргішін суық тағамды ысыту үшін пайдалануға болады.
Бұл үшін:
1. Азық-түлікті табаға салыңыз, оны мультипісіргіш корпусына қойыңыз.
2. Қақпақты жауып, аспапты электр желісіне қосыңыз.
3. «Отмена/Разогрев» түймешігін басып, бірнеше секунд ұстаңыз. Дисплей мен түймешік-
те тиісті индикаторлар жанады. Таймер ысыту уақытын тура есептей бастайды.
Аспап тағамды 70-75°С ысытады және ыстық күйінде 12 сағат ішінде ұстайды. Қажет
болғанда «Отмена/Разогрев» түймешігін басып және тиісті индикаторлар өшкенінше бір-
неше секунд ұстап, ысытуды тоқтатуға болады.
Мультипісіргіш автоысыту және ысыту функциялары арқасында азықты ыстық күйде
12 сағатқа дейін сақтай алады, алайда тағамды ыстық күйде екі-үш сағаттан артық
ұстауға кеңес бермейміз, өйткені бұл кей кезде оның дәмін өзгертуі мүмкін.
«MASTERCHEF LITE» функциясы
«MASTERCHEF LITE» жаңа функциясымен аспаздық шығармашылық үшін өзіңізге көбірек
мүмкіндік ашыңыз! Егер «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы бағдарламаның жұмыс параме-
трлерін оны қосуға дейін тапсыруға мүмкіндік берсе, «MASTERCHEF LITE» функциясын
пайдаланып, теңшелімдерді тура әзірлеу үдерісі кезінде өзгерте аласыз.
Сіз кез келген бағдарлама жұмысын дәл сіздің қалауыңызға сәйкес келетіндей теңшей
аласыз. Көженің суы қайнап азайды ма? Сут ботқасы тасыды ма? Көкөніс өте ұзақ әзірле-
не ма? Сіз плитада немесе пісіру шкафында әзірлегендей, бағдарлама жұмысын үзбей,
әзірлеу температурасы мен уақытын өзгертіңіз.
«MASTERCHEF LITE» функциясын тек әзірлеген кезде пайдалана аласыз. «ЭКСПРЕСС»
бағдарламасы пайдаланылған кезде «Отсрочка старта» («Стартты шегеру») функци-
RMC-M4510
KAZ
87

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Rmc-m4510eu

Inhaltsverzeichnis