Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch 0.601.624.002 Originalbetriebsanleitung Seite 175

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 11
OBJ_BUCH-1178-004.book Page 174 Wednesday, April 30, 2014 10:24 AM
174 | Қaзақша
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, Germany
29.04.2014
Жинау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Фрезерлеу қозғалтқышын ендіру блогына/
көшіру блогына орнату (A–B суретін қараңыз)
– Ендіру блогының/көшіру блогының 22 қысқыш
тұтқышын ашыңыз.
– Фрезерлеу қозғалтқышын тірелгенше ендіру
блогына/көшіру блогына енгізіңіз.
– 3 көшіру блогын пайдалануда 25 қысқыш тұтқышты
басып, 1 фрезерлеу қозғалтқышын 3 көшіру блогына
керекті күйге жоғарыға немесе төменге ол 25 қысқыш
тұтқышы басылмағанда 3 тесіктердің 26 бірінде
бұғатталғанша енгізіңіз.
– Ендіру блогының/көшіру блогының 22 қысқыш
тұтқышын жабыңыз.
– Қажет ендіру тереңдігін орнатыңыз, „Кесу тереңдігін
орнату" тарауын қараңыз.
Фрезерлеу қозғалтқышын ендіру/көшіру блогынан
ажыратады (C суретін қараңыз)
– Ендіру блогының/көшіру блогының 22 қысқыш
тұтқышын ашыңыз.
– Фрезерлеу қозғалтқышын тірелгенше тартып осы
күйде ұстаңыз.
– 21 қауіпсіздік пернесін басып, фрезерлеу
қозғалтқышын толық ендіру блогынан/көшіру
блогынан шығарыңыз. 3 көшіру блогын пайдаланғанда
қосымша 25 қысқыш тұтқышына басыңыз.
Фрезаларды орнату (D суретін қараңыз)
 Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш
қолғапты кию ұсынылады.
Фрезаның пайдалану мақсатына байланысты түрлі
модельдер мен сапада қол жетімді.
Фреза жылдам кесілетін болаттан дайындалған (HSS)
жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ метариалдарды
өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы кескішжиекті фрезалар (HM) қатты
ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті
материалдарға жақсы жарамды.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Мүмкіншілік бойынша тұтқасының диаметрі 12 мм болған
фрезерді пайдаланыңыз. Тек аса таза фрезерлерді
пайдаланыңыз.
1 609 92A 0B3 | (30.4.14)
Фрезерді фрезерлеу қозғалтқышы ендіру блогына/
көшіру блогына орнатылғанда да алмастыруға болады.
Бірақ біз аспапты фрезерлеу қозғалтқышы шешілген
кезде алмастыруды ұсынамыз.
– Фрезерлеу қозғалтқышын ендіру блогынан/көшіру
блогынан шығарыңыз.
– 27 () шпиндельдік бұғаттау пернесін басып ұстаңыз.
Керек болса шпиндельді қолмен ысырма тірелгенше аз
бұраңыз.
27 шпиндельдік бұғаттау пернесін тек аспап істемей
тұрғанда басыңыз.
– 17 жаппа сомынын 28 айыр тәрізді кілтімен (сомын
кілтінің ені 24 мм)  сағат тіліне қарсы бұрап
босатыңыз.
– Фрезаны қысқыш цангаға енгізіңіз. Фреза тұтқасы
кемінде 20 ммге қысқышқа салыңыз.
– 17 жаппа сомынын 28 айыр тәрізді кілтімен (сомын
кілтінің ені 24 мм) сағат тілімен бұрап бекітіңіз. 27
шпиндельдік бүғаттау пернесін жіберіңіз.
 Диаметрі 50 мм-ден үлкен болған фрезаларды
орнатылған копир төлкелерінсіз орнатпаңыз. Бұл
фрезалар негізгі тақтадан өтпейді.
 Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе
қысқыш зақымдануы мүмкін.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін ендіру блогына орнату (E суретін
қараңыз)
30 сору адаптері шланг қосқышымен алға немесе артқа
орнатылуы қажет. 50 көшіру төлкесінің адаптері
орнатылғанда көшіру төлкесінің адаптерін 180° бұрап
орнату керек, осылай 30 сору адаптері 52 ашу тұтқышына
тимейді. 30 сору адаптерін 2 29 домалатпа бұрандасымен
13 негізгі плитасында бекітіңіз.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 30
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Bosch Power Tools

Werbung

loading