Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GCL 2-15 G Professional Originalbetriebsanleitung Seite 167

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCL 2-15 G Professional:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
кіргізіңіз.
Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама
ұстағыштан шығарыңыз.
Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері:
– тегіс аймақта тұруда,
– тік аймаққа бұрап бекітілгенде,
– төбе қапсырмалары (18) көмегімен металл төбе
рейкаларында,
– магниттердің (17) көмегімен метал беттерде.
Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен
u
кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы
жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту
күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы
мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
u
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
u
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температуралық ауытқулары жағдайында алдымен
өлшеу құралының температурасын дұрыс
пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе
температура тербелулері кезінде өлшеу құралының
дәлдігі төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден
u
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру", Бет 169).
Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны
u
қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе
ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (9) "  On"
күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін)
немесе "
 On" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен
жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Өлшеу құралы
қосылғаннан кейін бірден шығару саңылауларынан (1)
лазер сәулелерін шығарады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (9) "Off"
күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы
бұғатталады.
Bosch Power Tools
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
u
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
50 °C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс
температурасынан асырған жағдайда лазер диоды
қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта
қосылуы мүмкін.
Өшіру автоматикасы
Егер шам. 120 минут ішінде өлшеу құралында ешбір
түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау
үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралын автоматты түрде өшкен соң қайта іске
қосу үшін, ажыратқышты (9) алдымен "Off" күйіне
жылжытып, сонан соң өлшеу құралын қайта қосыңыз
немесе лазерлік нүктенің жұмыс режимі түймесін (4)
немесе лазерлік сызықтың жұмыс режимі түймесін (5)
бір рет басыңыз.
Өшу автоматикасын уақытша өшіру
Өшу автоматикасын өшіру үшін (өлшеу құралы қосулы
болғанда) лазерлік сызықтың жұмыс режимі түймесін (5)
кемінде 3 сек. басып ұстаңыз. Өшу автоматикасы өшкен
болса, лазер сәулелері растау үшін қысқа уақыт
жыпылықтайды.
Нұсқау: жұмыс температурасы 45 °C шамасынан жоғары
болса, өшу автоматикасын бұдан былай өшіруге
болмайды.
Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын
өшіріп, қайта қосыңыз.
Пайдалану түрін орнату
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды
әркез ауыстыруға болады:
– Қиысу мен нүктелік жұмыс: Өлшеу құралы алға
қарай көлденең және тік лазерлік сызықты және
жоғары және төмен қарай көлденең лазерлік сызықты
шығарады. Лазерлік сызықтар 90° бұрышта қиысады.
– Көлденең сызықтық жұмыс: өлшеу құралы көлденең
лазерлік сызықты алға қарай шығарады.
– Тік сызықтық жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік
сызықты алға қарай шығарады.
Өлшеу құралы бөлмеде орналасқанда тік лазерлік
сызық төбеде жоғарғы лазерлік нүктеден жоғары
көрсетіледі.
Өлшеу құралын тікелей қабырғада орналастырғанда
тік лазерлік сызық толық дерлік айналалық лазерлік
сызықты (360° сызығын) шығарады.
– Нүктелік жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік нүктені
жоғары және төмен қарай шығарады.
Нүктелі жұмыс режимінен басқа барлық жұмыс
режимдерін нивелирлеу автоматикасымен де, маятникті
бұғаттау тетігімен де таңдауға болады.
Қазақ | 167
1 609 92A 7L7 | (08.06.2022)

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gcl 2-15 professional