Жалпы шолу
Бұл айнымалы ток адаптері Sony медициналық
жабдығымен ғана пайдалануға арналған.
Бұл адаптер оқшауланған трансформатор арқылы
айнымалы ток қуатын өзгертеді жəне оны түзету жəне
туралау арқылы тұрақты ток қуатына түрлендіреді.
Жабдығыңыздың нұсқаулығына ашып, осы адаптер
жабдықпен үйлесімді екенін тексеріңіз.
Бұл құрылғыны қосу жəне пайдалану туралы толық
мəліметтерді алу үшін жабдықтың нұсқаулығын
қараңыз.
Ескертулер
• Əрқашан пайдаланудан бұрын құрылғының
дұрыс жұмыс істейтіндігін тексеріңіз. SONY
КОРПОРАЦИЯСЫ ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ
АҚАУЫ САЛДАРЫНАН ҚАЗІР НЕМЕСЕ
БОЛАШАҚТА ПАЙДАНЫҢ АЛЫНБАУЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ КОМПЕНСАЦИЯ НЕМЕСЕ
ТӨЛЕМДІ ҚОСА, БІРАҚ ОЛАРМЕН
ШЕКТЕЛМЕЙ, КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ ІШІНДЕ
НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТІҢ МЕРЗІМІ
АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН НЕМЕСЕ БАСҚА
СЕБЕПТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН
ШЫҒЫНДАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
• SONY КОРПОРАЦИЯСЫ ОСЫ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ
НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ
ЖАСАҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ШАҒЫМДАРЫ
ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
• SONY КОРПОРАЦИЯСЫ КЕЗ КЕЛГЕН
ЖАҒДАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛУЫ
МҮМКІН ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫҒА ҚАТЫСТЫ
КЕЗ КЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ
ТОҚТАТЫЛУЫ НЕМЕСЕ ҮЗІЛІСІ ҮШІН
ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Егер осы нұсқаулыққа сүйене отырып, ақаулықты жою
мүмкін болмаса, ең жақын заңды тіркелген
SONYжөндеу жəне күтіп ұстау орталығына
хабарласыңыз.
Сатуды күшінде тұрған заң талаптарына сəйкес жүзеге
асыру керек.
Қызмет мерзімі біткен бұйымды күшінде тұрған заң
талаптарына сəйкес залалсыз кəдеге асыру керек.
10
KZ
Жалпы шолу / Бөлшектердің орны мен функциясы
Бөлшектердің орны мен
функциясы
1 AC IN коннекторы
Айнымалы ток қуат сымын қосыңыз.
2 DC коннекторы
Тұрақты ток кабелін медициналық жабдықтың
тұрақты ток коннекторына қосыңыз.