OBJ_BUCH-1257-004.book Page 139 Monday, October 21, 2013 10:36 AM
Сырғақ (G суретін қараңыз)
Пластмассалық сырғу плитасы 6 тіреу тақтасында 7
сезімді беттердің қырылуын кемейтеді. Металды өңдеуде
болаттық сырғақты 22 пайдаланыңыз.
Болаттық сырғақты 22 орнату үшін оны алдындан тіреу
плитасына 7 жылжытыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Тербелуді реттеу
Төрт басқышты тербелу аралау жылдамдығын, аралау
өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға
лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеуші тұтқышпен 8 пайдалану кезіндегі тербелісті
реттеуге болады.
тербелусіз
жай тербелу
орташа тербелу
қатты тербелу
Әрбір пайдаланудағы оптималды тербелу басқышын
тәжірібемен білу мүмкін. Онда төмендегі ұсыныстарға
назар аударыңыз:
– Аралау шеті нәзік немесе таза болуы қажет болса, жай
тербелу басқышын реттеңіз немесе тербелуді өшіріңіз.
– Жіңішке заттарды (қаңылтыр) өңдеуде тербелуді
өшіріңіз.
– Қатты заттарды (болат) жай тербелумен өңдеңіз.
– Жұмсақ материалдарды және ағашты талшығымен
аралауда максималды тербелуді пайдалану керек.
Бағыт бұрышын реттеу (H суретін қарау)
Тірек тақтасын 7 қисық аралауда 45° шейін оңға немесе
солға қисайту мүмкін.
Аспирациялық келте құбырды 19 шешіңіз.
23 бұрандасын ішкі алты қырлы кілтпен 5 тіреу тақтасын 7
аккумулятор 3 бағытында жылжыту мүмкін болғаныша
босатыңыз.
Дәл қисаю бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасында оң жән
сол жағында 0° мен 45° бұрыштарында тірелу нүктелері
бар. Тіреу тақтасын 7 шкалаға 24 сай керекті күйге
қисайтыңыз. Басқа қисаю бұрыштарын бұрыш өлшегіші
арқылы реттеу мүмкін.
Сосын тіреу тақтасын 7 ара полотносы 11 бағытында
тірелгенше жылжытыңыз.
Бұрандалы шегені 23 қайта бұрап қойыңыз.
Аспирациялық келте құбыр 19 мен жарылудан сақтайтын
пластинаны 21 қисық аралауда орнату мүмкін емес.
Bosch Power Tools
Тіреу тақтасын жылжыту (H суретін қарау)
Шетке жақын болатын аралау үшін тіреу тақтасын 7 артқа
жылжыту керек.
23 бұрандасын ішкі алты қырлы кілтпен 5 тіреу тақтасын 7
аккумулятор 3 бағытында жылжыту мүмкін болғаныша
босатыңыз.
Бұрандалы шегені 23 қайта бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасымен 7 аралауда параллельді
тірек пен айналма кескішті 26 және жарылудан сақтайтын
пластинаны 21 пайдлану мүмкін емес.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 3 төменнен электр
құралының тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды қызыл
сызық көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше толық
тұтқаға салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін алдымен таңбаның қасындағы
қосу бұғаттамасына 1 басып өшіріңіз. Сосын қосқыш/
өшіргішті 2 басып ұстап тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 2 жіберіңіз.
Қосу бұғаттамасын 1 белсендіру үшін таңба қасындағы
қосу бұғаттамасына басыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 2
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті 2 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының жүрістер санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті 2 жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану
оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып
тастап электр құралын аз суыту үшін оны шамамен 3 минут
максималды жүрістер санында істетіңіз.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық
жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген
0–70 °C аккумулятор температурасы аралығы өтілсе
айналымдар саны қысқарып, электр құралы өшеді.
Қaзақша | 139
1 609 92A 0C6 | (21.10.13)