Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch 4Exact Originalbetriebsanleitung Seite 97

Spannungskonstanter
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 4Exact:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-3072-001.book Page 97 Wednesday, December 21, 2016 2:15 PM
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Кернеу тұрақтандырғышын тазалау жұмыстарын
орындаудан алдын желіден ажыратыңыз. Осылай
тоқ соғу қаупінің алдын аласыз. Кернеу
тұрақтандырғышын өшіру жеткіліксіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Кернеу тұрақтандырғышына қызмет көрсету керегі жоқ.
Кернеу тұрақтандырғышы мен желдету саңылауын бос
және таза ұстаңыз.
Тоқтан ажыратылған электр құралының қосу ұяшықтарын,
тіркесімдерін және штекерді жүйелік ретте құрғақ, түксіз
шүберекпен сүртіп шаң мен лас бөлшектерін алып
тастаңыз.
 Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындасын. Сол арқылы кернеу
тұрақтандырғышының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді ретте орындайды.
 Майлау және тазалау құралдарын қоршаған ортаны
қорғайтын ретте кәдеге жарату қажет. Заңдық
нұсқаулықтарды орындаңыз.
Керек-жарақтар
9,6 В, 12,0 В және 14,4 В кернеулері үшін кернеу
адаптерлерін, 11 қабырға ұстағышын және желі кабелін
(суық құрылғы құбыры) арнайы дүкеннен сатып алыңыз.
Толық сапалы жабдықтар бағдарламасы туралы
интернетте www.bosch-pt.com пен
www.boschproductiontools.com мекенжайында немесе
маманданған дүкеніңізде мәлімет алу мүмкін.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Bosch Power Tools
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Кәдеге жарату
Кернеу тұрақтандырғышы, оның керек-жарақтары мен
орамын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату
орнына тапсыру қажет.
Кернеу тұрақтандырғышын үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі
және оның ұлттық заңдарда орындалуы
бойынша басқа пайдаланып болмайтын
электр құралдар бөлек жиналып кәдеге
жаратылуы қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Қaзақша | 97
1 609 92A 3HF | (21.12.16)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis