Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Grundfos SP 1A Montage- Und Betriebsanleitung Seite 528

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SP 1A:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 68
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Өнімде кез келген жұмысты бастамас бұрын, қуат
көзін өшіріңіз.
Қуат көзінің байқаусызда қосылып кетпеуіне көз
жеткізіңіз.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Сорғыны қорғаныштық жерге тұйықтауға қосу
қажет.
Өнімде кез келген жұмысты бастамас бұрын, қуат
көзін өшіріңіз.
Қуат көзінің байқаусызда қосылып кетпеуіне көз
жеткізіңіз.
Бір фазалы MS4000 электр қозғалтқыштары қорғалуы тиіс.
Қорғағыш құрылғы бақылау қорабына немесе бөлек
орнатылады.
6.1.2 Үш фазалы электр қозғалтқыштары
MS электр қозғалтқыштары ендірілген температуралық
таратқышпен бірге немесе онсыз қолжетімді.
Ендірілген немесе жұмыс істейтін температуралық датчиктері
бар электр қозғалқыштары былайша қорғалуы керек:
жылу релесі бар электр қозғалтқышын қорғайтын автоматты
ажыратқыш немесе
MP 204 электр қозғалтқышын қорғау блогы жəне
контактор(лар).
Жұмыс істемейтін температуралық датчиктері бар немесе жоқ
электр қозғалтқыштары былайша қорғалуы керек:
жылу релесі бар электр қозғалтқышын қорғайтын автоматты
ажыратқыш немесе
MP 204 электр қозғалтқышын қорғау блогы жəне
контактор(лар).
MSS электр қозғалтқыштарында ендірілген температуралық
таратқышы жоқ. Pt100 датчигі керек-жарақтар ретінде беріледі.
Pt100 датчигі бар электр қозғалтқыштары былайша қорғалуы
керек:
жылу релесі бар электр қозғалтқышын қорғайтын автоматты
ажыратқыш немесе
MP 204 электр қозғалтқышын қорғау блогы жəне
контактор(лар).
Pt100 датчигі жоқ электр қозғалтқыштары былайша қорғалуы
керек:
IEC 60947-4-1 стандартына сəйкес максималды 10 ажырату
класы мен жылу релесі бар электр қозғалтқышын қорғайтын
автоматты ажыратқыш немесе
MP 204 электр қозғалтқышын қорғау блогы жəне
контактор(лар).
6.1.3 Электр қозғалтқышының қорғаныш автоматты
ажыратқышының қажетті параметрілері
MP 204 электр қозғалтқышын қорғайтын блогы бар электр
қозғалтқыштары үшін Grundfos Un 1 секундта 5 рет орнатқанда
P сипаттамалары бар арнайы ажырату қисық сызығын
қолдануды ұсынады.
Электр қозғалтқышының қорғаныш автоматты ажыратқышына
ендірілген максималды ток ажыратқышы электр қозғалтқышы
суық күйде іске қосылып номиналды ток бес есе асқанда 10
секунд ішінде іске қосылуы керек.
Grundfos батырылған барлық MMS электр қозғалтқыштары үшін
ең жоғары басталу жəне тоқтау уақыты - 3 секунд (минималды
30 Гц).
Егер осы талап орындалмаса, электр қозғалтқышына
берілетін кепілдік жарамсыз болып есептеледі.
Батырылатын электр қозғалтқышын жаңа əдіспен қорғау үшін,
оның қорғайтын автоматты ажыратқышты төменде берілген
нұсқауларға сəйкес орнатыңыз:
528
1. Электр қозғалтқышын қорғау автоматын тұтынатын токтың
шамасына қарай реттеңіз.
2. Сорғыны іске қосып, жарты сағат бойы қалыпты жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
3. Электр қозғалтқышының максималды ток ажыратқыш мəнін
жұмыс істейтін мəнге дейін ақырын төмендетіңіз.
4. Жұмыс істеу сəтін осы мəннен шамамен 5 % жоғарыға
қойыңыз.
Ең жоғары рұқсат етілген мəн - электр қозғалтқышының
номиналды максималды тогы.
"Жұлдыз - үшбұрыш" электр қозғалтқыштар үшін электр
қозғалтқышының қорғағыш автоматы жоғарда көрсетілгендей
орнату керек, бірақ максималды орнату ең жоғарғы ток x 0,58
болуы керек.
"Жұлдыз - үшбұрыш" немесе іске қосу трансформаторы бар
қозғалтқыштың ең жоғары рұқсат етілген іске қосу уақыты 2
секунд болып табылады.
6.2 Найзағайдан қорғау
Орнатуда найзағай соққан кезде қуат жеткізу кезінде электр
қозғалтқышын кернеудің көбеюінен қорғауға арналған арнайы
құрылғы болуы мүмкін. 8-суретті қараңыз
L1
L2
L3
PE
825045
1
Кернеудің көбеюінен қорғайтын құрылғыны жалғау
Орны
Сипаттамасы
1
Үш фазалы
2
Бір фазалы
Бірақ кернеудің көбеюінен қорғайтын құрылғы найзағайдың
тікелей түсуінен қорғай алмайды.
Кернеудің көбеюінен қорғайтын құрылғы электр қозғалтқышына
мүмкіндігінше жақын қосып, жергілікті бұйрықтарды сақтаңыз.
Найзағайдан қорғау құрылғыларын Grundfos фирмасынан
сұраңыз.
MS 402 электр қозғалтқышының оқшауланған деңгейі
соншалықты жоғары, ол ешқандай қосымша найзағайдан
қорғауды қажет етпейді.
6.3 Кабельді таңдау
Суға батырылатын электр қозғалтқышының
кабельдеріне суға батыру үшін өлшемдері қойылған
жəне кабельдер бос ауада болуы үшін оларды
көлденең қимауға да болады.
Суға батырылып орнатылған кабель нақты бір температурада
əрдайым су астында батырылып тұра алатынына төзімді
екеніне көз жеткізіңіз.
Кабельдің көлденең қимасы (q) бойынша мына талаптар
орындалуы керек:
Кабельдің қимасы электр қозғалтқышының ең жоғары тоқ
мөлшері есептелуі керек.
Кабельдегі кернеудің төмендеуін жеткілікті ету үшін,
көлденең қима жеткілікті болуы керек.
L
N
PE
825017
2

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis