ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар алдында
осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз
және оларды кейінірек пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Құрылғыны ашық, тегіс және ыстыққа
төзімді бетке қойыңыз. Қабырғадан
қашықтық кемінде 5 см болуы тиіс. Ауаның
кедергісіз айналымын қамтамасыз ету
үшін құрылғының үстіндегі аумақ бос болу
керек. Құрылғыны немесе қуат сымын
ыстық беттерге қоюға болмайды. Сондай-ақ
құрылғыны ашық газ жалынының жанында
орнатуға және пайдалануға болмайды.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Бұл құрылғының ешбір бөлігін (газ не электр
оттығы немесе қыздырылатын пеш сияқты)
ыстық бетте немесе оған жақын жерде
қолданбаңыз және қоймаңыз.
• Құрылғы берік әрі тегіс бетте орналасқанына
және оған балалардың қолы жетпейтініне
көз жеткізіңіз, бұл – құлап кету салдарынан
болатын зақымдар мен жарақаттанудан
сақтайды.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Жұмыс барысында құрылғы ыстық болады.
Сондықтан абай болыңыз, ыстық бөліктерге
қол тиіп кетпеңіз.
• Жұмыс істегенде қақпақтың жабық болуын
әрдайым қадағалаңыз және құрылғыны бұл
кезде көтермеңіз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және ақау
пайда болған жағдайда, құрылғыны міндетті
түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Құрылғы қызып тұрғанда, тіпті қуат көзіне
қосылып тұрмаса да, оны қараусыз
қалдырмаңыз. Тазаламас және сақтамас
бұрын, құрылғының толық суығанын күтіңіз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
СИПАТТАМАСЫ:
(А сур.)
Басқару панелі:
1. [+]/[-] түймелері
2. Дисплей
3. Таймер түймесі: [TIMER]
4. Температура түймесі: [TEMP]
5. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі: [ON/OFF]
40
Науалар:
6. Тот баспайтын болат
7. Тор
8. Тамшыларға арналған науаша
Торлы науа:
Шөп пен жидек сияқты кішігірім тағамдарға
немесе банан мен қызанақ сияқты жабысқақ
тағамдарға пайдаланылады.
Тамшы науасы:
Құрылғының төменгі жағына салыңыз. Оны
дәмді жеміс орамдарын жасау үшін де
пайдалануға болады.
МҮМКІНДІКТЕР
Бұл құрылғы жылы ауа шығару үшін
ішкі желдеткіш пен қыздыру элементін
пайдаланады. Ол ішіне салынған тағамның кез
келген түрін кептіреді. Кептірілген тағамдардың
дәмі тамаша болады, себебі оларда тағам
құндылығы мен барлық дәм сақталады.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
1. Құрылғыны бірінші рет қолданар алдында,
науаларды дымқыл шүберекпен және аздап
қосылған жуғыш затпен тазалаңыз. Содан
кейін оларды шайып, құрғатып алыңыз.
2. Бастапқы тазалаудан кейін құрылғыға тағам
салмай, оны шамамен 30 минут қосып
қойыңыз. Бұл процесс кезінде шыққан түтін
немесе иіс — қалыпты жағдай. Желдетудің
жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
НҰСҚАУЛАР
1. Құрылғыны жазық, тегіс жерге қойыңыз.
2. Қажетті тағамды тиісті өлшемдерге бөліп,
науаға салыңыз. Науаларға артық салмаңыз
және тағамдарды қабаттастырып қоймаңыз.
3. Толтырылған науаларды құрылғыға салыңыз.
4. Есігін жабыңыз.
5. Құрылғыны қуат көзіне жалғаңыз. Дыбыстық
белгі шығып, дисплейде «OFF» көрсетіледі.
6. [ON/OFF] түймесін басыңыз.
7. [TIMER] түймесін басып, қажетті кептіру
уақытын қойыңыз, сосын оны [+]/[-]
түймелерімен реттеңіз (әдепкі мәні: 10:00
| толық ауқымы: 00:30-24:00, 30 минуттық
қадаммен реттеледі).
8. [TEMP] түймесін басып, кептіруге қажетті
температураны қойыңыз, сосын оны [+]/
[-] түймелерімен реттеңіз (әдепкі мәні: 70°C
| толық ауқымы: 35-70°C, 5°C қадаммен
реттеледі).
9. Уақыты мен температурасын қойған соң,
кептіру процесін бастау үшін [ON/OFF]
түймесін басыңыз.
10. Дисплейдегі уақыт кері есептеле бастайды.
Уақыт біткен кезде, құрылғы автоматты
түрде тоқтап, 5 рет дыбыстық белгі береді
де, дисплейде «End» көрсетіледі.
11. [ON/OFF] түймесін қайтадан басып,
құрылғыны «OFF» режиміне ауыстырыңыз.
Ескертпе: Уақыт пен температураны қойған
кезде 5 секундтың ішінде ештеңе енгізілмесе,
құрылғы күту режимін қайтып, дисплейде «OFF»
көрсетіледі.
КЕПТІРУГЕ БЕРІЛЕТІН КЕҢЕСТЕР:
Кептіру уақыты төмендегі факторларға
байланысты өзгереді:
1. Бөлшектердің немесе тіліктердің қалыңдығы
– (тіліктер неғұрлым жұқа кесілсе, қажетті
кептіру деңгейіне соғұрлым тезірек жетуге
болады)
2. Тағам салынған науалар саны
3. Кептіріліп жатқан тағамның көлемі
4. Температура деңгейін орнатыңыз
5. Ортаңыздағы ылғалдылық
6. Кептіру дәрежесіне арналған жеке
қалауыңыз
Ұсыныстар:
• Тағамды сағат сайын тексеріңіз.
• Біркелкі кептіріліп жатпағанын байқасаңыз,
науаларды айналдырыңыз және/немесе
қайта жинақтап салыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
• Құрылғыны тазаламас бұрын әрдайым
желіден ажыратып, суытып алыңыз.
• Құрылғыны немесе қуат сымын суға салушы
болмаңыз. Электрлік бөлшектерді суға
тигізбеңіз.
• Қарқынды химиялық заттарды немесе
абразивті тазартқыштарды пайдаланбаңыз.
• Ешқандай бөлшегін ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
• Науалар ыстық суға (>40°C) тікелей тимесін.
• Науаларға жабысып қалған тағамды кетіру
үшін жұмсақ щетканы пайдаланыңыз.
• Қазағ орамалдардан артық маринадты
алыңыз.
• Науалар мен қақпақты жұмсақ жөкемен
және жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз. Ағын
сумен шайыңыз да кептіріп қойыңыз.
• Базаны дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
41