Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Техникалық Қауіпсіздік Бойынша Нұсқау - Thomas CYCLOON HYBRID PET & FRIENDS Gebrauchsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқау
• Егер бақылауда болса немесе осы құрылғыны пайдалану қауіпсіздігі
жөнінде нұсқаулар алған болса және осы құрылғыны пайдалануға
қатысты қауіптерді түсінетін болса, бұл құрылғыны 8 жастан асқан
балалар және физикалық, сенсорлық немесе ақыл­ой мүмкіндіктері
шектелген адамдар немесе тәжірибесі және / білімі жеткіліксіз
адамдар пайдалана алады. Балалардың құралмен ойнамауын
қадағалаңыз. Ересектердің қадағалауынсыз балалардың тазалауына
және күнделікті пайдалануына тыйым салынады.
• Фирмалық жапсырмада көрсетілген кернеу желі кернеуіне сәйкес келуі қажет.
Фирмалық жапсырма құралдың төменгі жағында орналасқан.
• Шаңсорғышты келесі жағдайларда мүлдем қосуға болмайды:
- желінің қосқыш кабелі зақымдалған,
- құралда көрініп тұрған зақымдар бар,
- оның алдында құрал құлаған.
• Құралды 16 А автоматты сақтандырғышпен қорғалған розеткаға ғана қосыңыз.
• Бұл құрылғыны өртенуі мүмкін заттар сақталған немесе газдар пайда болатын бөлмелерде
пайдалануға тыйым салынады.
• Құрал мен оның жабдықтарын құрғақ, таза және жабық үй-жайларда сақтаңыз.
• Қосулы құралды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
• Құралды тегіс, берік тірекке орнатыңыз – басқыштарды тазалау кезінде ерекше мұқият болыңыз.
• Пайдалану кезінде құралды ешқашан тігінен қоймаңыз. Жұмыс кезінде құрал әрқашан
дөңгелегімен тұруы қажет.
• Шлангтерді тым тартпаңыз және майыстырмаңыз.
• Құралдың үстіне тұрмаңыз.
• Қондырманы және сорғыш түтікті (құрал қосулы кезде) басқа жақындатуға болмайды – жарақат
алу қаупі бар.
• Құралды адамдарға немесе жануарларға қолданбаңыз.
• Тазалаудан, қызмет көрсетуден, толтырудан, босатудан бұрын, сондай-ақ ақаулар болған кезде,
барлық қосқыштарды ажыратып, желілік штекерді розеткадан шығарыңыз.
• Құралды күннің астында қалдырмаңыз, ылғалдың тікелей түсуінің алдын алыңыз және сұйықтыққа
батырмаңыз.
• Құралды жоғары температурада сақтамаңыз және химиялық агрессивті сұйықтықтарға
жақындатпаңыз.
• Ашаны электр тогы розеткасынан кабельден емес, ашадан ұстап ажыратыңыз.
• Желілік кабельдің өткір жиектер немесе тегіс емес беттер арқылы өтуін болдырмаңыз.
• Құралдың, бөлшектердің немесе электр сымының зақымдарын ешқашан өзіңіз жөндемеңіз.
Өкілетті тұтынушыға қызмет көрсету орталықтарынан ғана көмек алыңыз. Құралға енгізілген
өзгерістер денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін. Тек түпнұсқа бөлшектерді және компоненттерді
пайдаланыңыз.
Ылғалды тазалау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері:
• Ылғалды ғимараттарда ұзартқыш шнурды пайдалануға тыйым салынады.
• Тазалауды және сұйықтықты жинауды аяқтаған соң құралдың барлық ыдыстарын босатыңыз.
8

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis