Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Moulinex MASTERCHEF ESSENTIAL QA150127 Bedienungsanleitung Seite 29

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 12
ҚАПТАМА МЕН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Қаптама қоршаған ортаға зиян тигізбейтін материалдардан жасалған, сондықтан
оларды қолданыстағы кәдеге жарату шараларына сәйкес қоқысқа тастауға
болады. Құрылғыны қоқысқа тастау үшін жергілікті биліктегі тиісті қызмет
бөлімшесіне хабарласыңыз.
ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР
Қоршаған ортаны ойлаңыз!
Құрылғыда қайта жөндеуге және кәдеге жаратуға болатын материалдар көп.
Оны өңдеу үшін жинау орнында қалдырыңыз.
НЕГІЗГІ РЕЦЕПТТЕР
Шантилья кремі
Ингредиенттер: 400 мл салқын сұйық крем (майдың мөлшері кем дегенде 30%), 35 г қант
ұнтағы.
Барлық ингредиенттерді салқын араластырғыш ыдысына салыңыз, содан кейін қақпақ пен
бұлғауышты орнатыңыз. 3 минутқа 5-жылдамдықпен қосыңыз, содан кейін жылдамдықты
1 минутқа 6-ға арттырыңыз. Шантилья кремінің консистенциясын 3 минут 30 секундтан кейін
қадағалау керек, өйткені ол температура мен майдың мөлшеріне байланысты тез өзгеруі
мүмкін.
Безе
Ингредиенттер: 4 жұмыртқа ақуызы (120 г), 120 г құмшекер, 120 г қант ұнтағы
Пешті 95°С-қа дейін алдын ала қыздырыңыз. Жұмыртқа ақуызы мен құмшекерді араластырғыш
ыдысына салыңыз, содан кейін қақпақ пен бұлғауышты орнатыңыз. 6-жылдамдықпен
4 минут бойы араластырыңыз. Миксердің бастиегін көтеріп, 120 г қант ұнтағын қосыңыз.
6-жылдамдықпен тағы 2 минут шайқаңыз. Бұдырлағыш шүмегі бар кондитерлік қаптарға
толтырып, табаға салынған пісіру қағазының үстіне пішін жасай отырып сығыңыз.
95°C температурада 2 сағат пісіріңіз.
Кекстерге арналған ингредиенттер қоспасы
Ингредиенттер: 200 г қант, 200 г бөлме температурасындағы май, 4 жұмыртқа (200 г), 200 г ұн,
KK
толған 2 шай қасық қопсытқыш (4 г).
Барлық ингредиенттерді ыдысқа салып, қақпақ пен бұлғауышты орнатыңыз. Құрылғыны
1-жылдамдықпен 30 секундқа, содан кейін 6-жылдамдықпен 2 минутқа қосыңыз. 2 минут 30
секундтан кейін араластырғыштың бастиегін көтеріп, ыдыстың қабырғаларын шпательмен
тазалап алыңыз; сұйық қамырды тағы 1 минут бойы 6-жылдамдықпен шайқаңыз. Қамырды
майланған және ұн себілген пісірмеге арналған қалыпқа құйып, алдын ала 180°C-қа дейін
қыздырылған пеште 1 сағат пісіріңіз.
50
Құймақ қамыры
Ингредиенттер: 250 г ұн, 500 г сүт, 4 жұмыртқа, 2 қап ванильді қант, 6 г тұз.
Жұмыртқа, ванильді қант пен сүтті ыдысқа салыңыз. Қақпақ пен баллонды бұлғауышты
орнатып, 6 жылдамдықта араластырыңыз. Қақпақтағы саңылау арқылы ұнды біртіндеп
қасықпен қосыңыз. Ұн қосылғаннан кейін оны 1 минутқа араластырып қойыңыз да, қоспаны
ұсақ електен өткізіңіз. Құймақты пісірмес бұрын, қамырды бөлме температурасында кем
дегенде 1 сағатқа қалдырыңыз.
Майонез
Ингредиенттер: 2 жұмыртқа сарыуызы, 20 г қыша, бір шөкім тұз, 250 мл май.
Араластырғышқа жұмыртқа сарыуыздарын, қыша мен тұзды салыңыз. Қақпақ пен баллонды
бұлғауышты орнатып, құрылғыны 6-жылдамдықта іске қосыңыз. Майды қақпақтағы саңылаудан
3 минут бойы біртіндеп қосыңыз. Барлық май эмульсияға қосылғаннан кейін, ыдыс пен
бұлғауышты алыңыз. Ыдыстың қабырғаларын қолыңызбен тазалап алыңыз да, оны майонезге
қосу үшін араластырыңыз. Үш-төрт араластыру жеткілікті. 24 сағат ішінде тұтыныңыз.
Нан қамыры
Ингредиенттер: 30°C шамасындағы 300 г жылы су, 500 г ұн, 10 г тұз, 1 қап кептірілген ашытқы (5 г).
Ұн, тұз және кептірілген ашытқыны араластырғыш ыдысына салыңыз. Қақпақ пен баллонды
бұлғауышты орнатып, араластырғышты 1-жылдамдықта іске қосыңыз. Майонез сияқты суды
1 минут бойы біртіндеп құйыңыз, содан кейін 9 минутқа илену үшін қалдырыңыз. Қамырды
жауып, 35°C температурада 1 сағатқа қалдырыңыз. Оның көлемі екі еселенуі керек. Нанды
пішінге келтіріп, оны тағы 1 сағат 35°C температурасында тұрғызыңыз. Нанның көлемі екі
еселенуі керек. Алдын ала 220°C-қа дейін қыздырылған пеште, астына ылғалдылық жасау үшін
суы бар ыдысты салып, 30 минут пісіріңіз.
Пиццаға арналған қамыр
Диаметрі 22 см-лік бес пиццаға арналған ингредиенттер: 500 г ұн, 30°C шамасындағы 280 г
жылы су, 30 г зәйтүн майы, 1 қап наубайлық кептірілген ашытқы (5 г), 8 г тұз, 10 г қант.
Ұн, зәйтүн майы, ашытқы, тұз бен қантты араластырғыш ыдысқа салыңыз. Қақпақ пен баллонды
бұлғауышты орнатып, араластырғышты 1-жылдамдықта іске қосыңыз. Майонез сияқты суды
1 минут бойы біртіндеп құйыңыз, содан кейін 9 минутқа илену үшін қалдырыңыз. Қамырды
жауып, 35°C температурада 1 сағат 30 минутқа қалдырыңыз. Оның көлемі екі еселенуі керек.
Қамырды 165 г болатын бес бөлікке бөліңіз. Қамыр жаятын жұмыс бетіне ұн сеуіп, бес бөлікті
диаметрі 22 см болатын дөңгелектерге жайыңыз. Қамырдың дөңгелектерін пісіру қағазына
салып, оны қалауыңыз бойынша салмалармен әсемдеңіз. Пиццаны 15 минутқа тындырыңыз,
содан кейін біртіндеп алдын ала 230°C-қа дейін қыздырылған пеште 12 минут пісіріңіз.
51
KK

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis