Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GSB 16 RE Professional Originalbetriebsanleitung Seite 117

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GSB 16 RE Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосалқы тұтқа (A суретін қараңыз)
Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз (7).
Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізу үшін
қосымша тұтқаны (7) кез келген жаққа қайыруға болады.
Қосымша тұтқаның (7) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (7) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (7)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (8) қажетті бұрғылау тереңдігін X
реттеуге болады.
Қосымша тұтқаның (7) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, тереңдік шектегішін (8)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішін (8), бұрғы ұштығы мен тереңдік
шектегіші (8) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X
бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.
Содан кейін қосымша тұтқаның (7) астыңғы бөлігін сағат
тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Тереңдік шектегішіндегі (8) бұдырлану жоғары қарап
тұруы тиіс.
Жұмыс құралын ауыстыру
Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.
u
Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты
қызып кетуі мүмкін.
Тез қысатын бұрғылау патроны (B суретін қараңыз)
Ажыратқыш (5) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
бекітіледі. Бұл бұрғы патронында алмалы-салмалы
аспапты жылдам, оңай және жай алмастыруға мүмкіндік
береді.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (1) айналу
бағытында ➊ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша
ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Тез қысу патронының (1) гильзасын қолмен ➋ бағытында
сартылдаған дыбыс кеткенше бұраңыз. Бұрғылау
патроны автоматты түрде бекітіледі.
Бұғаттау алдыңғы гильзаны қарама-қарсы бағытта
айналдырғанда алынады.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (C суретін
қараңыз)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (10) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
Bosch Power Tools
Бұрғылау патронының кілтін (9) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының (10) тиісті саңылауларына енгізіп,
құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Бұрап бекіту құралдары (D суретін қараңыз)
Қондырма биталарды (11) пайдаланғанда әрқашан
әмбебап ұстағышты (12) пайдаланыңыз. Тек шуруп
басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау шпинделінің бекіткіші жоқ электр
u
құралдарында бұрғылау патронын өкілетті Bosch
электр құралдарының сервистік орталығында
ауыстыру қажет.
Бұрғылау патронын бөлшектеу (E суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (7) бөлшектеңіз.
Шамамен 50 мм ұзындығымен Ø 4 м болат штифтіні
шпиндель мойнының ойығына салып бұрғы шпинделін
бекітіңіз. Ішкі алты қырлы гайка кілтін (13) қысқа
тұтқамен алға, тез қысатын бұрғылау патронына (1)
қысыңыз.
Электр құралын тұрақты негізге, мысалы верстакқа
қойыңыз. Электр құралын нық ұстап тұрып, тез қысатын
бұрғылау патронын (1) ішкі алты қырлы гайка кілтін (13)
айналу бағытымен ➊ бұрау арқылы босатыңыз. Берік
орнатылған тез қысатын бұрғылау патроны азғантай
соққымен ішкі алты қырлы гайка кілтінің (13) ұзын
ілгегінде босатылады. Алты қырлы дөңгелек кілтті тез
қысатын бұрғылау патронынан шығарып, тез қысатын
бұрғылау патронын толық бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату (F суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) орнату кері
реттілікпен орындалады.
Бұрғылау патронын орнатудан соң болат штифтын
u
ойықтан қайта шығарыңыз.
Бұрғылау патронын шамамен 30 – 35 Нм
тарту моментімен бұрап бекіту қажет.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
Қазақ | 117
1 609 92A 7YN | (06.07.2022)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis