Herunterladen Diese Seite drucken

Бұйымды Мақсатына Сəйкес Қолдану; Қоршаған Ортаны Қорғау; Керек-Жарақ Жəне Қосалқы Бөлшектер; Жеткізілім Жинағы - Kärcher MT CS 250/36 Originalbetriebsanleitung

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
ҚАУІП
Қате пайдалану
Кесіп кетуінің салдарынан өмірге қауіп
Құрылғыны тек нұсқауға сəйкес қолданыңыз.
● Жоғары кескіш керек-жарақтары коммерциялық
мақсатта пайдалануға жарамды.
● Керек-жарақтар Multitool MT 36 Bp құралымен
бірге пайдалануға арналған.
● Құрылғы тек сыртта жұмыс істеуге арналған.
● Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны əрдайым екі
қолмен мықтап ұстау керек.
● Құрылғы майда бұтақтар мен ағаштағы биік
бұтанақтарды кесуге жəне бөлуге арналған.
Пайдаланушы бұл ретте еденде нық тұрады.
Кез келген басқа пайдалану, мысалы, өрмелеу,
жақын қашықтықта бөлу немесе материалдарды
еден деңгейінде кесу кезінде жол берілмейді.
Пайдаланушы дұрыс пайдаланбау салдарынан
болатын қауіп-қатерлерге жауапты.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
178
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Кесу кезінде араның тұрақтылығын қамтамасыз ету
үшін кіріктірілген тісті тіректі тіреу нүктесі ретінде
қолдануға болады.
Аралау кезінде құрылғыны металл кертіктер
ағаштың шетіне енгенше алға қарай қысыңыз. Білік
кесу бағытында жоғары немесе төмен жылжиды,
арамен жұмыс кезінде физикалық жүктеме азаяды.
Құрылғыдағы белгілер
Жалпы ескерту белгісі
Пайдалану алдында нұсқаулықты
жəне барлық қауіпсіздік нұсқауларын
оқыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде тиісті
көз жəне есту қорғауыштарын
пайдаланыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде
сырғымайтын жəне берік қолғап киіңіз.
Құрылғымен жұмыс істеген кезде
тайғанамайтын қорғаныс аяқ киімін
пайдаланыңыз.
Электрлік қауіптілік. Құрылғымен
жұмыс істеген кезде, əуе желілерінен
10m
кем дегенде 10 м қашықтықты
сақтаңыз.
Тасталған заттар қауіп төндіреді.
Көрермендерді, əсіресе балалар мен
үй жануарларын, жұмыс аймағынан
кем дегенде 15 метр жерде ұстаңыз.
Бағыттаушы рельсті жəне шынжырды
майлау
Шынжырдың айналу бағыты
Қорғаныш киім
ҚАУІП
Кесіп кетуінің салдарынан өмірге қауіп.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде тиісті қорғаныс
киімін киіңіз. Жергілікті жазатайым оқиғаларды
болдырмау ережелерін сақтаңыз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде EN 397 сəйкес
келетін жəне CE белгісі бар келетін қорғаныс шлемін
киіңіз.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде EN 352-1 сəйкес
келетін жəне CE белгісі бар құлық қорғанысын киіңіз.
Қазақша
Тісті тірек
Бас қорғанысы

Werbung

loading