Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch UniversalChain 18 Originalbetriebsanleitung Seite 266

Akku-kettensäge
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für UniversalChain 18:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
266 | Қазақ
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (4)
лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының (4) айналасын
шүберекпен тазалап алып, қақпағын бұрап отырып
шығарып алыңыз.
– Май резервуарын биологиялық тұрғыда бөлшектеніп
ажырай алатын, шынжыры аралан үшін арналған
Bosch компаниясының майлау материалымен "max"
деп белгіленген деңгейін белгісіне (7) жеткенінше
дейін толтырыңыз.
– Май резервуарына кір не лас түспеуіне назар
аударыңыз. Май резервуарының қақпағын (4) бұра
отырып қайтадан толығымен жауып қойыңыз.
– Алдын ала ішіне майды сорғылап тарту үшін
шынжырлы араны 30 секунд бойы іске қосып
қойыңыз.
Нұсқау: Май резервуарын желдету үшін май резервуары
бітеуші шағын ауа каналдарымен жабдықталған. Майдың
ағып шығуын болдырмау үшін шынжырлы араны, оны
қолданбаған уақытта әрқашан май резервуары бітеушін
(4) жоғарыға қарай қаратып көлбеу түрде қоюыңыз
лазым.
Нұсқау: Шынжырлы араның зақымдануын болдырмау
үшін тек қана биологиялық тұрғыда тез бөлшектеніп
ажырай алатын шынжырлы майлау заттарын (RAL-UZ48
ережелеріне сай) қолданыңыз. Ешқашан пайдаланған
майды немесе ескі майды пайдаланбаңыз. Рұқсат
етілмеген майды пайдалансаңыз кепілдік жарамсыз
болады.
Нұсқау: Төмен температураларда май тұтқыр болып
кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің деңгейі
төмендеп кетеді.
Пайдалану
Аккумуляторды енгізу
Қуаттандырылған аккумуляторды (17) енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Қосу/Өшіру
Шынжырлы араны "Шынжырлы арамен жұмыс істеу"
тарауында көрсетілгендей ұстаңыз.
Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосуды
құрсаулау қосқышын (3) басып, одан кейін Қосу/Өшіру
(2) басып және оны әрі қарай баса тұрыңыз.
Электр бұйым іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда іске
қосуды құрсаулау қосқышын босатуыңызға болады.
Электр құралды өшіру үшін Қосу/Өшіру қосқышын (2)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себептерінен Қосу/Өшіру қосқышын
(2) құрсаулауға болмайды, ол жұмыс барысында
басылған қалыпта қала беруі тиіс.
F 016 L94 153 | (04.02.2021)
Шынжырлы арамен жұмыс істеу
Арамен кесу алдынан
Араны іске қосу алдынан және әрдайым арамен кесу
барысында төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуіңіз
лазым:
– Шынжырлы ара іске қосылып қолданылу үшін
жарамды қалыпта ма?
– Май резервуары маймен толтырылды ма? Май
дәрежесінің көрсеткішін жұмысты бастау алдында
және әрдайым жұмыс барысында тексеріңіз. Май
дәрежесі көрсеткіш терезесіндегі ең төменгі белгіге
жетіп қалса, резервуарға май құйыңыз. Бір рет
толтырылған май көлемі құралдын, жұмыс барысында
үзіліс жасауға және жұмыс қарқындылығына қарай
отыра, шамамен 15 минутқа жетеді.
– Ара шынжыры дұрыс керілді ме немесе қайранып
алынды ма? Арамен кесу барысында шынжыр
кернеуін әрдайым әр 10 минут бойы тексеріңіз.
Әсіресе жаңа ара шынжырларын қолданғанда
алғашқы уақытта кеңейтудің жоғары бола алуына
назар аударуыңыз лазым. Ара шынжырының күйі
арамен кесу нәтижелеріне айтарлықтай әсер етеді. Тек
қана өткір ара шынжырлары шамадан тыс жүктелуден
қорғай алады.
– Талап етілетін лайықты қорғау жабдықтарын киіп
жүрсіз бе? Қорғаныс көзәйнек пен қорғау
құлаққаптарын қолданыңыз. Бас, қолдар мен аяқтар
үшін қосымша қорғау жабдықтарын киіп жүруіңіз
лазым. Лайықты қорғау киім арамен кесу барысында
ұшып жататын заттардан немесе ара шынжырын
кездейсоқ түрде түртіп қалудан түсе алатын
жарақаттану қауібін азайтады.
– Өңделген ағаштарды кескенде лайықты тыныс алу
қорғаныс маскасын киіп жүріңіз.
– Кесу аймағында электр тоқ кабелінің бар не жоқ
болуын тексеріп алыңыз.
Араның кері соғуы
Кесу пышағының ұшын қорғау бөлшегін ешқашан
алып тастамаңыз немесе өзгертеңіз! Араның ұшы
кездейсоқ түрде ағашқа қарай басылып жіберілген
уақытта кері соққының пайда болуына жол бермеу үшін
осы ара құралы кесу пышағының ұшын қорғау
бөлшегімен жабдықталған.
Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған
араның, шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп қалғанда
немесе ара қысылып ілініп қалғанда пайда болатын,
жоғарыға және артқа қарай кездейсоқ соға бастауын
білдіреді.
Араның кері соққысы пайда болғанда шынжырлы ара
күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының немесе
арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта тұрған
басқа адамдардың ауыр жарақаттануына апара алады.
Арамен бүйірінен кесу, көлденеңінен және ұзынынан
кесу жұмыстары аса сақтықпен өткізілуі тиіс, себебі тісті
таяныш (8) осы жерлерде бекітіле алынбайды.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis