▶ Абразивті аспаптарды тек рұқсат етілген мақсатына сай қолдану керек. Мысалы: тегістеуді
кесу дискісінің бүйірлік бетімен орындауға тыйым салынады. Кесу дискілері материалды диск
жиегімен алуға арналған. Дискіге бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының себебіне айналуы
мүмкін.
▶ Тегістеу дискісін орнату үшін әрқашан зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні дұрыс қыспа
фланецті қолданыңыз. Пішіні мен өлшемі жарайтын фланецтер тегістеу дискісін бекітеді және оның
сыну қаупінің дәрежесін азайтады. Кесу дискілерінің қыспа фланецтері басқа тегістеу дискілерінің
қыспа фланецтерінен ерекшеленуі мүмкін.
▶ Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған тегістеу дискілерін қолданбаңыз.
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған тегістеу дискілері шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы себепті бұзылуы мүмкін.
▶ Екі рет пайдалануға болатын абразивті аспаптарды қолданған кезде әрдайым тиісті қолдану
мақсатына арналған қорғауыш қаптаманы пайдаланыңыз. Жарамсыз қорғауыш қаптаманы
пайдалансаңыз, қорғаныс жеткіліксіз болып, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
Зімпара дискілерімен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы арнайы нұсқаулар:
▶ Тек жарамды өлшемді ажарлағыш дөңгелектерді қолданыңыз. Ажарлағыш дөңгелек өлшемі
бойынша өндіруші мәліметтерін ұстаныңыз. Ажарлағыш тостағанның шеңберінен тым қатты
шығатын ажарлағыш дөңгелектер жарақат алуға әкелуі және бұғатталуға, ажарлағыш дөңгелектің
жарылуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және таза болуы керек.
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Әрқашан аспапты екі
қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін үзілістер
жасаңыз.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶ Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін ғана
қосыңыз.
Айналатын түйіндерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Ажарлауды орындаған кезде зиянды шаң бөлінуі мүмкін. Жұмысты бастау алдында ажарлау кезінде
пайда болатын шаң қауіпті материалдардың қандай класына жататынын анықтап алыңыз. Аспаппен
жұмыс істеу үшін қауіпсіздік класы ресми түрде бекітілген, жергілікті шаңнан қорғау ережелеріне
сай келетін шаңсорғышты мүмкіндігінше қолданыңыз.
▶ Құрамында қорғасын бар бояулар,
қамтитын жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң
денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаң сорудың жоғары деңгейіне жету
үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне
арналған респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс орнының жақсы желдетілуі үшін өңделетін
материалдар бойынша еліңізде қолданылатын ережелерді сақтаңыз.
▶ Ажарлау жұмысын бастамас бұрын шегелер, бұрандалар және т.б. сияқты шығып тұрған бөліктерді
абайлап шығарып алыңыз.
▶ Ажарлау кезінде ұшқындар ұшуы мүмкін. Жан-жаққа ұшатын ұшқындардың айналадағыларға зиян
тигізбеуін қадағалаңыз.
Электр құралдарымен дұрыс жұмыс істеу және дұрыс пайдалану
▶ Қолданысқа әр енгізуден бұрын, сонымен қатар жұмыстағы үзілістер кезінде құралдың берік
орнатылғанын тексеріп тұрыңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен.
266
Қазақ
ағаштың кейбір түрлері,
2240961
Өлшемі
бетон/кірпіш қалауы/кварц
Электр сымдарына
*2240961*