Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қызмет Көрсету; Арнайы Қауіпсіздік Ақпараты; Бұрандакесу Құрылғыларының Қауіпсіздік Ескертулері - RIDGID 535M Handbuch

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 77
• Тұтқаларды және ұстау беттерін құрғақ және таза
күйде, майдан және жақпа майдан таза ұстаңыз.
Сырғанақ тұтқалар мен ұстау беттері қауіпсіз
қолдануға және күтпеген жағдайларда құралды
басқаруға мүмкіндік бермейді.
Қызмет көрсету
• Электр құралына білікті жөндеу маманының тек
бірдей қосалқы бөлшектерімен қызмет көрсетуін
қадағалаңыз. Бұл электр құралы қауіпсіздігінің
сақталуын қамтамасыз етеді.
Арнайы қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ
Бұл бөлімде осы құралға қатысты маңызды қауіпсіздік
ақпараты бар.
535 қол патронымен/535 автоматты патронмен бұрандакесу
құрылғыларын пайдаланбас бұрын, электр тогы соғуы
қаупін немесе басқа ауыр дене жарақатын алу қаупін азайту
үшін сақтандыруларды мұқият оқыңыз.
КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ
ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП
ҚОЙЫҢЫЗ!
Бұл нұсқаулықты пайдаланушының пайдалануы үшін
құрылғымен бірге ұстаңыз.
Бұрандакесу құрылғыларының қауіпсіздік
ескертулері
• Еденді құрғақ және май сияқты тайғақ материалдардан
таза ұстаңыз. Тайғақ еден келеңсіз жағдайлар ықтималдығын
арттырады.
• Жұмыс бөлшегінен кемінде бір метр (3 фут) аралықты
қамтамасыз ету үшін жұмыс бөлшегі құрылғыдан тыс
созылған кезде қатынасты шектеңіз немесе аумақты
қоршаңыз. Жұмыс бөлшегі айналасында қатынасты
шектеу немесе жұмыс аумағын қоршау шатысып қалу
қаупін азайтады.
• Қолғап кимеңіз. Айналатын құбырда немесе құрылғы
бөлшектерінде қолғаптар шатысып, дене жарақатына
әкелуі мүмкін.
• Саңылаулар тесу немесе көтергішті бұру сияқты басқа
мақсаттарда пайдаланбаңыз. Осы құрылғыны басқаша
пайдалану немесе басқа мақсаттарда түрлендіру ауыр
жарақат қаупін арттыруы мүмкін.
• Құрылғыны үстелге немесе тұғырға бекітіңіз. Ұзын
ауыр құбырды құбыр тіреуіштерімен тіреңіз. Бұл
әдіс құрылғының аударылуына жол бермейді.
999-998-086.09_REV. C
535 автоматты патронмен бұрандакесу құрылғылары
• Құрылғыны пайдаланған кезде оператордың
басқару қосқышы орналасқан жағында тұрыңыз.
Құрылғыны осы жақтан пайдалану құрылғыға
созылу қажеттілігін жояды.
• Қолдарыңызды айналатын құбырдан және қосымша
бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Құбыр бұрандаларын
сүртпес немесе қосымша бөлшектерді бұрамас
бұрын құрылғыны тоқтатыңыз. Құбырды алмас
бұрын құрылғының толық тоқтауын күтіңіз. Бұл әдіс
айналатын бөлшектердің шатысу ықтималдығын
азайтады.
• Осы құрылғыны қосымша бөлшекті орнату немесе
алып тастау (жасау немесе бұзу) үшін пайдаланбаңыз.
Бұл әдіс қысылып, шатысып қалуға және басқаруды
игере алмауға әкелуі мүмкін.
• Барлық қақпақтарын дұрыс орнатпай құрылғыны
пайдаланбаңыз. Қозғалыстағы бөліктерді ашу
құрылғыда шатысып қалу қаупін арттырады.
• Аяқ қосқыш бұзылған немесе жоқ болса, құрылғыны
пайдалануға болмайды. Аяқ қосқышы құрылғыны
қауіпсіз түрде басқаруды қамтамасыз етеді, мысалы,
шатысып қалған кезде жұмысын аяқтау.
• Құрылғының жұмысы мен аяққосқышты бір ғана адам
басқаруы керек. Құрылғы іске қосылған кезде жұмыс
аумағында тек пайдаланушы болуы қажет. Бұл жарақат
қаупін азайтуға көмектеседі.
• Құрылғыға алдыңғы жұдырықшадан немесе артқы
ортасы бойынша туралау басынан қолыңызды созбаңыз.
Бұл құрылғыға шатысып қалу қаупін азайтады.
• Ауыр дене жарақаты қаупін азайту үшін осы
құралды пайдалану алдында осы нұсқауларды және
пайдаланылатын барлық жабдық пен материалдардың
нұсқаулары мен ескертулерін оқып шығыңыз және
түсініңіз.
Егер осы RIDGID ® өніміне қатысты қандай да бір сұрағыңыз
болса:
– Жергілікті RIDGID® дистрибьюторына хабарласыңыз.
– Жергілікті Ridge Tool байланыс орнын табу үшін
RIDGID.com веб-торабына кіріңіз.
– Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне
rtctechservices@emerson.com мекенжайы немесе АҚШ
пен Канада аумағында (800) 519-3456 нөміріне қоңырау
шалу арқылы хабарласыңыз.
535 қол патронымен/
547

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

535a

Inhaltsverzeichnis