▶ Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз.
жалғаудан, шығарудан немесе тасудан бұрын оның өшірулі екеніне көз жеткізіңіз. Электр
құралды тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған электр құрал желіге
қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Электр құралды қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр
құралдың айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
Электр құралды қолдану және оған қызмет көрсету
▶ Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралды қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
▶ Сөндіргіші бұзылған электр құралды қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құрал қауіпті
және оны жөндеу керек.
▶ Аспапты орнату жұмыстарын орындаудан, керек-жарақтарды ауыстырудан немесе аспапты
сақтауға қоюдан бұрын аккумуляторды шығарып алыңыз. Бұл сақтық шарасы электр құралдың
кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
▶ Қолданылмайтын электр құралдарды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралды
оны пайдалана алмайтын немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған тұлғаларға бермеңіз.
Электр құралдар тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
▶ Электр құралдарға мұқият күтім көрсетіңіз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз қызмет ететінін,
олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр құралдың
жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың зақымдалған
бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралға техникалық қызмет көрсету
ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
▶ Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
▶ Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер көмегіне
жүгініңіз.
2.4 Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ LiIon аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша арнайы нұсқаулардың
талаптарын орындаңыз.
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен өрттен алшақ ұстаңыз.
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C-тан жоғары температураға дейін қыздыруға және
жағуға тыйым салынады.
▶ Зақымдалған аккумуляторларды зарядтауға да, пайдалануға да болмайды.
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аспапты тұтану қаупі
жоқ орынға, тұтанғыш материалдардан алыс, оны бақылауға болатындай қойыңыз және оны сууға
қалдырыңыз. Аккумулятор суығаннан кейін Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
3 Сипаттама
3.1 Шолу
1
Кассетаны бекітуге арналған ұстағыш
@
194
Қазақ
Printed: 13.12.2016 | Doc-Nr: PUB / 5069934 / 000 / 06
Электр құралды аккумуляторға