Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Ақаулықтарды Жою - Philips RQ1260 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RQ1260:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

10
Қыру бөлігінің тілін электр ұстарының жоғарғы жағындағы тесікке кіргізіңіз (1). Одан кейін, ұстараға бекіту үшін, қыру
бөлігін төмен қарай итеріңіз (2) (сырт еткен дыбыс естіледі) (Cурет 25).
Триммерді тазалау
Триммерді әр қолданған сайын тазалап тұрыңыз.
1
Триммер сырғытпасын ілгері сырғытып, триммерді шығарыңыз (Cурет 24).
2
Триммерді ыстық ағынды сумен біраз шайыңыз. (Cурет 47)
3
Триммер сырғытпасын кері сырғытып, триммерді ішке кіргізіңіз.
Кеңес: триммер жақсы жұмыс істеуі үшін, алты ай сайын, триммер тістерін бір тамшы тігін машинасының майымен майлап отырыңыз.
сақтау
1
Қыру ұштарына зақым келмеуі үшін, қыру бөлігіне қорғау қақпағын сырғытып кигізіңіз (Cурет 48).
2
Электр ұстараны берілген қалтада сақтаңыз.
ауыстыру
Дисплейде қыру бөлігінің белгісі пайда болғанда, қыру бөлігін алмастырыңыз. Зақымданған қыру бөлігін дереу алмастырыңыз.
Жақсылап қырыну үшін, қыру бөлігін жыл сайын ауыстырып тұрған жөн.
Қыру бөлігін тек түпнұсқалы RQ12 Philips қыру бөлігімен алмастырыңыз.
1
Ескі қыру бөлігін тартып, электр ұстарадан шешіңіз (Cурет 23).
Ескертпе: электр ұстарадан шешкенде, қыру бөлігін бұрмаңыз.
2
Жаңа қыру бөлігінің тілін электр ұстарының жоғарғы жағындағы тесікке кіргізіңіз (1). Одан кейін, ұстараға бекіту үшін, қыру
бөлігін төмен қарай итеріңіз (2) (сырт еткен дыбыс естіледі) (Cурет 25).
Бөлшектерге тапсырыс беру
Төмендегі бөлшектерге тапсырыс беруге болады:
-
HQ8505 адаптері
-
RQ12 Philips қыру бөлігі
-
HQ110 Philips қыру ұшын тазалау спрейі
-
HQ200 Philips тазалау сұйықтығы
Қоршаған орта
-
Тозғаннан кейін, құралды күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Қайта өңдейтін арнайы жерге өткізіңіз.
Осылайша қоршаған ортаны сақтауға көмегіңізді тигізесіз (Cурет 49).
-
Ішіне орнатылған қайта зарядталатын ұстара батареясының құрамында қоршаған ортаға зиянды заттар бар. Құралды тастамас
немесе арнайы жинап алатын орынға бермес бұрын, батареяны шығарыңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға
өткізіңіз. Батареяны шағыра алмаған жағдайда, құралды Philips қызмет көрсету орталығына апаруға болады. Орталық қызметкерлері
батареяны шығарып, қоршаған ортаға қауіпсіз жолмен жояды (Cурет 50).
Қайта зарядталатын ұстара батареяларын алу
Батареяны тек ұстара тасталатын кезде шығарыңыз. Шығармас бұрын, батарея зарядының толық таусылғанын тексеріңіз.
Абай болыңыз, батарея ленталары өте өткір болады.
1
Электр ұстараның артқы панелін бұрауыштың көмегімен алып тастаңыз.
2
Қайта зарядталатын батареяны шығарыңыз.
кепілдік және қызмет көрсету
Қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, не болмаса қиын мәселе болса, Philips компаниясының www.philips.com веб-торабын
қараңыз немесе елдегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады). Елде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
кепілдік шектеулері
Қыру ұштары (кескіштер және қырыну қорғауыштары) тез тозатындықтан, халықаралық кепілдік шарттарына кірмейді.
ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер төменде берілген ақпараттың көмегімен
ақаулықты жоя алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық
Электр ұстара
бұрынғыдай жақсы
қырмайды.
Ықтимал себеп
Қыру ұштары зақымданған немесе тозған.
Қыру ұштарына ұзын шаш тұрып қалған.
Шешімі
Қырыну бөлігін алмастырыңыз («Алмастыру»
тарауын қараңыз).
Мұқият тазалау әдістерінің қадамдарын орындап,
қыру ұштарын тазалаңыз («Тазалау және техникалық
қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
ҚазаҚша
117

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Rq1280Rq1250Rq1290

Inhaltsverzeichnis