Herunterladen Diese Seite drucken

Қолдануға Арналған Маңызды Ескертулер; Қондырмаларды Қолдану - Kärcher SC 2 Deluxe EasyFix Bedienungsanleitung

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
макс. бу мөлшері
төмендетілген бу мөлшері
бу жоқ - балалардан қорғаныс
Нұсқау
Бұл қалыпты бу тетігі басылмаған
күйде болады.
1. Ауыстырып-қосқышты қалаған бу мөлшеріне
орнатыңыз.
2. Бу тетігін басыңыз.
3. Тазалау алдында бу пистолетін шүберекке
бағыттап, бу тегіс шығарылмайынша күтіңіз.
Суды толтырыңыз
Жұмыс кезінде немесе бу болмаған кезде бу
мөлшері азайса, суды толтыру қажет.
1. Құрылғыны өшіру, бөлімді қараңыз: Құрылғыны
өшіру.
2. Сақтандырғыш қақпақты бұрап ашыңыз.
3. Бу қазанына макс. 1 литр дистилденген немесе
құбыр суын құйыңыз.
4. Сақтандырғыш қақпақты бұрап жабыңыз
5. Желілік штекерді электр розеткасына қосыңыз.
6. Жарықдиодтың түсі қызылдан жасылға
ауысқанын күтіңіз.
Құрылғы пайдалануға дайын.
Құрылғыны өшіру
1. Желілік штекерді электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
2. Бу шығарылуын тоқтатпайынша, бу тетігін басып
тұрыңыз.
Сурет M
Бу генераторы қысым үстінде емес.
3. Балалардан қорғаныс ауыстырып-қосқышын (бу
мөлшерін ауыстырып-қосқышты) артқы қалыпқа
қойыңыз.
Бу тетігі құлыпталған.
Бу генераторын жуу
Қазанды əр 10 толтырғаннан кейін құрылғының бу
қазанын жуыңыз.
1. Құрылғыны өшіру, бөлімді қараңыз: Құрылғыны
өшіру.
2. Құрылғыны суытыңыз
3. Қондырмаларды ажыратыңыз.
4. Бу генераторын сумен толтырып, қатты
шайқаңыз. Бұл бу генераторының астында əкті
шөгінділердің қабатталуына əкеледі.
5. Бу генераторынан бүкіл суды ағызыңыз.
Сурет P
Құрылғыны сақтауға булау
1. Еден қондырмасын тұраққа қою тұтқышына
салыңыз.
Сурет N
2. Бу беру құбырішегі мен желілік кабельді тұтқаны
немесе құрылғыны айналдыра ораңыз жəне/
немесе бу пистолетін едендегі саптамаға
орнатыңыз.
Сурет O
3. Ұзартқыш тұтқаны үлкен құрал-саймандар
ұстағышына орнатыңыз немесе оның кебуін
126
күтіп, сосын құрал-саймандарға арналған
сөмкеге салыңыз.
Сурет O
4. Қалған құрал-саймандарды кептіріп, оларды да
құрал-саймандарға арналған сөмкеге салыңыз.
Сурет O
5. Қүрылғыны құрғақ жəне аяздан қорғалған орынға
сақтаңыз.
Қолдануға арналған маңызды
Еден бетін тазарту
Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін
шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес
беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын
еден лас пен бөтен заттардан тазартылады.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын бүркеулі жерде
матамен үйлесімділігін əрқашан тексеріңіз: Матаны
бумен өңдеп, кептіріңіз, сосын түсінің немесе
пішімінің өзгергенін тексеріңіз.
Көпқабатты немесе лакталған беттерді
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Бу балауызды, жиһаз лагын, пластик жабындарды
немесе шеттерінің бояуы мен жапсырмасын ерітіп
жібере алады.
Буды желімделген шеттеріне бағыттамаңыз,
жапсырмасы қатпарлануы мүмкін.
Құралды қорғалмаған ағаш немесе паркет
едендерді тазартуға қолданбаңыз.
Құрылғыны боялған немесе пластикпен жабылған
беттерді, асүй немесе үй жиһазын, есіктерді немесе
паркетті тазалауға қолданбаңыз.
1. Осы беттерді тазарту үшін, матаны бумен қысқа
уақыт өңдеп, онымен бетін сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Əйнектің сынуы жəне беттің зақымдалуы
Бу терезе жақтауының жапсырылған бөліктерін
зақымдауы жəне сырт температурасы төмен болған
кезде терезе əйнегі бетіне күш түсуіне əкелуі,
нəтижесінде оның сынуы мүмкін.
Буды терезе жақтауының жапсырылған бөліктеріне
бағыттамаңыз.
Əйнектің бүкіл бетін бумен мұқият жеңіл өңдеу
арқылы əйнектерді сырт температурасы төмен
болған кезде қыздырыңыз.
 Терезенің бетін қондырма-щеткамен тазалап,
микроталшыққа арналған алынбалы майлықты
тазартыңыз. Суды жою үшін, айдауды
пайдаланыңыз немесе бетін құрғатып кептіріңіз.
Қондырмаларды қолдану
Бу пистолетін мына жағдайларда құрамдас
бөліктерсіз пайдалануға болады:
 Ілініп тұрған киімдегі жеңіл қыртыстарды жою
үшін: Киімді бумен 10-20 см қашықтықтан
өңдеңіз.
 Шаңды ылғалмен жою үшін: Майлықты бумен
жеңіл өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.
Қазақша
ескертулер
Матаны жаңарту
тазарту
Əйнекті тазарту.
Бу тапаншасы

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Sc 2 deluxe easyfix premium