Қосу және пайдалану
! Тиісті газ оттығының немесе электр конфорканың*
орны әрбір тұтқада көрсетілген.
Газ пешінің конфоркалары жалынды 5 түрлі қуат
деңгейіне дәл реттеуге мүмкіндік беретін дискретті қуат
реттеуімен жабдықталған. Осы жүйенің арқасында газ
конфоркалары пісіруге қажетті оңтайлы қуат деңгейін
оңай әрі дәл түрде анықтауға мүмкіндік беретіндіктен,
әрбір рецепт үшін бірдей пісіру нәтижесін қамтамасыз
ете алады.
Газ оттықтары
Әрбір оттықты тиісті басқару тұтқасының көмегімен
төмендегі параметрлердің біріне реттеуге болады:
●
Өшірулі
Ең жоғары
Ең төмен
Оттықтардың бірін жандыру үшін жанып тұрған сіріңкені
немесе шақпақты оттыққа жақындатып, дәл сол
уақытта тиісті тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта ең
жоғары параметрге басып, бұрыңыз. Оттық қауіпсіздік
құралымен жабдықталғандықтан жалынды жандырып
тұратын автоматты құралдың қызуы үшін тұтқаны
шамамен 2-3 секунд басып тұру қажет. Тұтату түймесі
бар модельдерді пайдаланған кезде, тиісті тұтқаны соңына
дейін басып, оны сағат тіліне қарсы бағытта ең жоғарғы
параметрге бұрау арқылы қажетті оттықты жандырыңыз.
! Жалын байқаусыз өшірілсе, басқару тұтқасын өшіріңіз
де, оны қайтадан жақпас бұрын кем дегенде 1 минут
күтіңіз.
Оттықты өшіру үшін тұтқаны сағат тілі бағытында
тоқтағанша бұрыңыз ("●" позициясына жеткенше).
Дискретті жалын реттеуі
Таңдалған оттықты тұтқа көмегімен 5 түрлі қуат деңгейіне
реттеуге болады. Деңгейлерді ауыстыру үшін тұтқаны
қажетті қуат деңгейіне бұрсаңыз болғаны.
Бір деңгейден екінші деңгейге өткен кезде "тық" еткен
дыбыс шығады.
Таңдалған қуат деңгейін тиісті
таңба көрсетеді (
таңбалары) және дисплейі
бар конфоркаларда жанатын
диодтар білдіреді (5 = макс. қуат;
1 = мин. қуат). Жүйе жалынды
дәл реттеуді және қажетті қуат
деңгейін таңдау арқасында
пісіру нәтижесінің күтілгендей болуын қамтамасыз етеді.
"Қос жалын" оттығы
Бұл газ оттығы бірге немесе бөлек (тек қос басқару тұтқасы
бар болған жағдайда) жұмыс істей алатын екі шоғырлас
жалын сақинасынан тұрады.
Оттық қауіпсіздік құралымен жабдықталғандықтан
жалынды жандырып тұратын автоматты құралдың
қызуы үшін тұтқаны шамамен 2-3 секунд басып тұру
қажет.
Қос басқару тұтқасы
Оттық құрамындағы әрбір сақинаның жеке басқару
тұтқасы бар:
таңбасымен белгіленген тұтқа сыртқы сақинаны
басқарады.
cтаңбасымен белгіленген тұтқа ішкі сақинаны
басқарады.
Екі сақинаның бірін іске қосу үшін тиісті тұтқаны
басып, сағат тіліне қарсы бағытта
параметріне бұраңыз.
Қос жалынды оттықты барынша тиімді пайдалану
үшін бір уақытта ішкі сақинаны минималды
қуатқа, ал сыртқы сақинаны максималды қуатқа
орнатпаңыз.
Бір басқару тұтқасы:
Оттық құрамындағы сақиналар бір басқару тұтқасымен
қосылады.
Екі сақинаны бір уақытта қосу үшін тұтқаны
-
(мин.) таңбасына орналастырыңыз, одан кейін
тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
Тек ішкі сақинаны қосу үшін тұтқаны
таңбасына орналастырыңыз, одан кейін тұтқаны сағат тілі
бағытымен бұраңыз. (режимді ауыстыру үшін оттықты
өшіру қажет).
Оттықты өшіру үшін тұтқаны басып, сағат тілі бағытымен
тоқтағанша бұрыңыз ("●" позициясына жеткенше).
Керамикалық шыны модулі*
Бұл плита шыны астында орналасатын қос сақиналы
қыздыру элементтерімен жабдықталады. Элементтің тек
дөңгелек бөлігін ("А" деп белгіленеді) қосуға немесе "А"
мен "В" бөліктерін қосып, пісіру бетін кеңейтуге болады. Тек
дөңгелек "А" элементін қосу үшін тұтқаны 12 параметрдің
кез келгеніне сағат тілінің бағытымен бұрсаңыз болғаны.
"В" бөлімін қосу үшін тұтқаны 12-параметрге бұрап,
pпараметріне басыңыз. Одан кейін тұтқаны 12 параметрдің
біріне сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.
*
Тек кейбір модельдерде болады.
KZ
максималды қуат
(макс.)
(макс.) -
(мин.)
,
65