0499G14_MR0-EU.book Seite 67 Donnerstag, 5. Februar 2015 9:34 09
Салат үшін соус
Ингридиенттер
200 г кілегей, 200 г йогурт, 3 сарымсақ
бөлігі, 2–3 ас қасық кетчуп, бір салым тұз,
шекер, 3–6 ас қасық сірке
Аспап: Пышақ
Дайындалуы
Барлық ингредиенттерді тостаған ішіне
салып, шамамен 20 секунд бойы
миксермен араластырыңыз.
Майонез
Ингридиенттер
1 жұмыртқа, 1 ас қасық қыша, 1 ас қасық
сірке, тұз, бұрыш, 100 мл өсімдік майы
мен қосымша 150 мл өсімдік майы
Аспап: Миксер
Дайындалуы
Барлық өнімдер біркелкі жылылық
деңгейде болуы қажет.
Ингридиенттерді 100 мл өсімдік
майымен тостаған ішіне салып,
шамамен 20 секунд бойы миксермен
араластырыңыз.
150 мл өсімдік майы қосып,
тағы 30–45 секунд бойы миксермен
араластырыңыз.
Балды май
Кішкентай тостаған (MR008..) үшін
ингредиенттер
30 г май (тоңазытқыштан)
100 г бал (тоңазытқыштан)
Үлкен тостаған (MR015..) үшін
ингредиенттер
50 г май (тоңазытқыштан)
150 г бал (тоңазытқыштан)
Аспап: Пышақ
Дайындалуы
Майды шағын кесектерге бөліп кесіңіз.
Май мен балды тостаған ішіне салып,
шамамен 10 секунд бойы миксермен
араластырыңыз.
Кәдеге жарату бойынша нұсқаулар
Бұл электрбұйым Электр және
электроника бұйымдары туралы
2012/19/EU Еуропалық
Директивасына сай белгіленген
(waste electrical and electronic
equipment – WEEE).
Осы Директива шеңберінде
қолданылған ескі бұйымдар Еуропа Одағы
елдерінде қабылдау мен кәдеге жаратуға
тиісті.
Қазіргі уақыттағы мүмкін болған кәдеге
жарату жолдары туралы мәліметтерді
электрбұйым дүкеніңізде немесе өзіңіздің
жергілікті әкімшілік орындарында сұрап
біле аласыз.
Кепілдеме шарттары
Бұл бұйым үшін осы бұйым сатылып
алыңған елдегі фирмамыздың өкілдіктері
шығарған кепілдеме шарттары қолданы-
лады. Кепілдеме шарттарын өз қалағаны-
ңызша әр уақытта өзіңіз бұйымды сатып
алған электрбұйымдарын дүкеніңізде
немесе фирмамыздың сол елдегі
өкілдігінде сұрап білуіңізге болады.
Германия үшін кепілдеме шарттары мен
мекен-жайлар тізімін кітапшаның артқы
бетінде таба аласыз.
Сонымен қатар, кепілдеме шарттарын
ғаламторда да, осында көрсетілген
фирмамыздың веб мекен-жайы астында
таба аласыз. Кепілдеме қызметтерін алу
үшін әр жағдайда сатып алу туралы чек-
қағазының көрсетілуі талап етіледі.
Өзгертулердің бар болуы мүмкін.
kk
67