Қамырды бірнеше минут бойы
демделенуі үшін қоя тұрыңыз.
Одан кейін тағы бір рет илеңіз.
Үзбе кеспесін жасау үшін
қолдарыңызды әрқашан жақсылап
сумен сулаңыз. Үзбе кеспелерін
ұнға аунатып алыңыз.
Үзбе кеспелерін қайнап тұрған суға
салып, шамамен 20 минут бойы
бұқтырып алыңыз. Қайнатпаңыз!
Шұжық толтырғыш қондырғысы
Табиғи ішек қабықтарын өңдеу
алдында оларды шамамен 10 минут
бойы жылылау суда жібітіп алыңыз.
Шұжықтарды тым толтырмаңыз –
пісірілігенде немесе қуырылғанда
жарылып кетуі мүмкін.
Бүріккілерді ішектерсіз де қолдануға
болады! Шұжық турамасын ұнға
аунатып алып, одан кейін қуырыңыз.
Кеббе үшін қондырғы
Толтырылған кеббе рецепті
Тұшпаралар:
500 г қой еті, таспадай кесілген
500 г булгур бидайы, жуылған және
сорғалып алынған
1 кіші пияз, ұсақтап тұралған
Қой етін және булгур бидайын бірінен
кейін бірін еттартқыш қондырғысының
шағын саңылаулар шілтерінен
тартыңыз.
Қамырды жақсылап араластырыңыз,
оған пиязды қосыңыз.
Араласпаны тағы екі рет еттартқыш
қондырғысынан тартыңыз.
Жентегі:
400 г қой еті, таспадай кесілген
2 орташа пияз, ұсақтап тұралған
1 ас қасық өсімдік майы
1 ас қасық ұн
2 шай қасық хош иісті пимент бұрышы
тұз бен бұрыш
Қой етін еттартқыш қондырғысының
шағын саңылаулар шілтерінен
тартыңыз.
Пиязды алтын-қоңыр түсіне дейін біраз
қуырыңыз.
Оған қой етін қосып, бәрін жақсылап
қуырып алыңыз.
100
Қалған ингредиенттерін қосыңыз.
Барлығын шамамен 1–2 минут бойы
бұқтырып пісіріңіз.
Артық майды қотарып құйып алыңыз.
Жентекті суытып алыңыз.
Кеббені дайындау:
Тұшпаралар үшін араласпаны кеббе
қондырғысы арқылы өткізіңіз.
Бос қамыр ширағынан 7,5 см ұзын
бөлшектерін кесіп алыңыз.
Осындай тұшпаралардың шеттерін
жақсылап қысып жабыңыз.
Ашық жерлеріне біраз жентек салып,
тұшпараның басқа шетін де жақсылап
қысып жабыңыз.
Майды қыздырып (шамамен 180 °C),
тұшпараларды шамамен 6 минут бойы
алтын-қоңыр түсіне дейін шыжып
тұрған майда қуырыңыз.
Ұсатқыш қондырғысы
Кесу қондырғысы
пияз, жасылкөк, алма, сәбіз үшін
Ұсатқыш қондырғысы, ірі
жаңғақтар, шоколад, ірімшік, қатты нан/
тоқаш нан үшін
Кәдеге жарату бойынша
нұсқаулар
Бұл бұйым еуропалық "Электр және
электроникалық қолданған
бұйымдары туралы" 2012/19/EG
директивасына сай (waste electrical
and electronic equipment – WEEE)
белгіленген. Бұл директива қолданған
бұйымдарды Еуропа Одағы бойынша
қабылдау және қайта өңдеу үшін
шеңберлерін белгілейді.
Қазіргі уақыттағы мүмкін болған кәдеге
жарату жолдары туралы мәліметтерді
электрбұйым дүкеніңізде немесе өзіңіздің
жергілікті әкімшілік орындарында сұрап
біле аласыз.
kk
131