Herunterladen Diese Seite drucken

Hotpoint Ariston OS 89 IX/HA Bedienungsanleitung Seite 67

Werbung

Verfügbare Sprachen

Verfügbare Sprachen

Ықтимал үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін
төмендегі нұсқауларды мұқият орындауға кеңес
беріледі:
• Рецепт бойынша жасаңыз.
• 7-позицияға салынатын нан пісіретін науашаға
150 г (150 мл) салқын су құюды ұмытпаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
Егер тамақты алдын ала қыздырылған пешке
салғыңыз келсе, жоғары температуралы пісіру
бағдарламасынан кейін температура 40° градусқа
түскенше дисплейде бірден «Hot» («Ыстық») деген
мәтін көрінеді. Осы кезде нанды пешке салуға
болады.
ПИЦЦА функциясы
Бұл функцияны пицца пісіру үшін пайдаланыңыз.
Қосымша мәліметтерді келесі тараудан қараңыз.
Ұзақтықты -5/+12 минутқа ғана реттеуге болады.
Ықтимал үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін
төмендегі нұсқауларды мұқият орындауға кеңес
беріледі:
• Рецепт бойынша жасаңыз.
• Қамырдың салмағы 350 г мен 500 г аралығында
болуы тиіс.
• Таба мен нан пісіретін науашаларды аздап
майлаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
Егер тамақты алдын ала қыздырылған пешке
салғыңыз келсе, жоғары температуралы пісіру
бағдарламасынан кейін температура 120° градусқа
түскенше дисплейде бірден «Hot» («Ыстық») деген
мәтін көрінеді. Осы кезде пиццаны пешке салуға
болады.
ПИЦЦА рецептісі:
3 немесе 4 пицца жасау үшін: 1000 г ұн, 500 мл су,
20 г тұз, 20 г қант, 100 мл зәйтүн майы, 20 г ашытқы
(немесе 2 пакет ашытқы ұнтағы)
• Бөлме температурасында ашыту: 1 сағат немесе
қолмен орнатылатын ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА
функциясы үшін 40° градус қойылған. Шамамен
30-45 минут көтерілгенше күтіңіз.
• Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
ПИЦЦА пісіру режимін қосыңыз.
НАН рецептісі (қамырдың барынша мөлшері):
Құрамы:
• 1,3 кг ұн
• 700 г су
• 25 г тұз
• 50 г нан ашытқысы немесе 4 пакет құрғақ ашытқы
ұнтағы.
Дайындау әдісі:
• Ұн мен тұзды үлкен кеседе араластырыңыз.
• Ашытқыны жылымшы суға (шамамен 35 градус)
ерітіңіз.
• Үйілген ұнның ортасында кішкене шұқыр жасаңыз.
• Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
• Қамырды алақанмен созып, өзіне-өзін бүктеу
арқылы ол біртекті болып, жабысқақтығы
кеткенше 10 минут илеңіз.
• Қамырды домалақтап, үлкен тегенеге салыңыз да,
қамыр кеуіп кетпеу үшін бетін мөлдір пластмасса
орағышпен жабыңыз. Тегенені пешке салып,
қолмен орнатылатын ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРА
функциясының көмегімен 40° градусқа қойыңыз
да, шамамен 30–45 минут көтерілгенше күтіңіз.
Не болмаса, бөлме температурасында шамамен
1 сағатқа (қамырдың көлемі екі еселенгенше)
қойыңыз.
• Қамырды жеңіл илей отырып, бірнеше бөлке етіп
бөліңіз.
• Оларды тартпаның үстіндегі нан пісіретін қағазға
(немесе нандарды әр түрлі сөрелерде пісіргіңіз
келген жағдайда 2 немесе 3 тартпаларға)
қойыңыз да, аздап ұн себіңіз.
• Өткір жүзбен үстіне бірнеше өрнек салыңыз.
• Тартпаны тек бір деңгейді пайдаланған жағдайда
пештегі 2-деңгейдегі сөреге немесе екі деңгейді
пайдаланған жағдайда екі тартпаны 1 және
4-деңгейлердегі сөрелерге, не болмаса үш
деңгейді пайдаланған жағдайда үш тартпаны 1, 3
және 5-деңгейлердегі сөрелерге қойыңыз.
• Табаны 7-деңгейдегі сөреге қойып, 150 г суық
су құйыңыз.
• Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
НАН автоматты функциясын қосыңыз.
• Пісіру аяқталған кезде, толық салқындағанша
нандарды тартпада қалдырыңыз.
KZ
67

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Os 99 c ix/haOs 997 c ix/haOs 992 c ix/ha