▶ Қондыру құралын тек пайдалану мақсатында белгіленген жұмыстарда пайдаланыңыз → Бет 108.
Жарамсыз астыңғы бет материалына, мысалы, тым жіңішке, тым қатты немесе тым сынғыш
материалға бекіту элементтерін қондырмаңыз. Мұндай материалдарға қондырған жағдайда, бекіту
элементтері сынуы, материал бұзылуы немесе тесіліп қалуы мүмкін. Жарамсыз материалдардың
мысалдары:
▶ Болаттағы дәнекер жіктері, шойын, шыны, мәрмәр, пластик, қола, жез, мыс, оқшаулағыш
материал, қуыс кірпіш, керамикалық кірпіш, жіңішке жалпақ металл (< 4 мм) және газбетон.
▶ Hilti «Бекіту техникасының нұсқаулығын» немесе тиісті жергілікті Hilti «Бекіту техникасының
техникалық нұсқаулығын» ұстаныңыз. Оған қоса әрдайым қондырылатын бекіту элементінің
пайдалану бойынша нұсқаулығын ұстаныңыз.
Пайдаланушыға қойылатын талаптар
▶ Аталмыш қондыру құралын өкілеттігіңіз бар болғанда және ықтимал қауіптер туралы білгенде ғана
басқаруға немесе оған техникалық қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
▶ Пайдалану барысында жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз.
▶ Арнайы қорғауыш көзілдірікті және қорғауыш касканы киіп жүріңіз.
▶ Қорғауыш қолғаптарда жұмыс істеңіз. Қондыру құралы жұмыс кезінде қатты қызуы мүмкін.
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Отын зарядының тұтануы есту мүшелеріне зақым келтіре алады.
▶ Табаны сырғымайтын аяқ киімді пайдаланыңыз.
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік
▶ Жұмыс алаңында тәртіпті сақтаңыз. Жұмыс ортасын жарақаттауы мүмкін нысандардан бос күйде
сақтаңыз. Жұмыс аймағындағы ретсіздік жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін.
▶ Жұмыс аймағында жақсы жарықтандыруды қамтамасыз етіңіз және жабық жайларда жеткілікті ауа
алмасуды да қамтамасыз етіңіз.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Қондыру құралын ешқашан қолыңыз не басқа дене мүшесімен қыспаңыз!
ешқашан басқа адамдарға бағыттамаңыз! → Бет 111
▶ Қондыру құралын,
бағыттауышынан немесе енгізілген бекіту элементінен қолмен ұстап қыспаңыз. Қондыру құралын
қолмен қысқан кезде, тіпті болт бағыттауышы орнатылмаған болса да, қондыру құралы іске
қосылуы мүмкін. Нәтижесінде өзіңіз бен басқаларға ауыр жарақат тигізу қаупі туындайды.
▶ Жақын жерде орналасұан барлық адамдар құлақ қорғанысын, көз қорғанысын және қорғауыш
шлемді киіп жүруі керек.
▶ Ұқыпты болыңыз, орындап жатқан әрекетке көңіл бөліңіз, жұмыс істеуге ойланып қараңыз. Қондыру
құралын шаршап тұрған күйде немесе есірткілер, алкоголь немесе дәрілер әсерінде болғанда
пайдаланбаңыз. Өзіңізді жаман сезінсеңіз, жұмыс істеуді тоқтатыңыз. Қондыру құралымен жұмыс
істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶ Қолайсыз қалыпта жұмыс істемеңіз. Әрқашан тік, сенімді ұстаныңыз және тепе-теңдікті сақтаңыз.
▶ Қондыру құралын іске қосу сәтінде қолыңызды созып емес, бүгіп ұстаңыз.
▶ Жұмыс аймағында бөгде адамдардың, әсіресе балалардың болуына тыйым салынады.
Электр құралына күтіммен қарау және оны дұрыс пайдалану
▶ Қондыру құралын тек мақсатына сай және ақаусыз күйінде пайдаланыңыз және құрал жарамайтын
мақсаттар үшін пайдаланбаңыз.
▶ Қондыру құралын өрт және жарылыс қаупі бар жерлерде пайдаланбаңыз.
▶ Бекіту элементтерін қондыру алдында бекіту элементтері қондырылатын құрылыс бөлігінің
артындағы қондыру бағытында ешкім болмағанына көз жеткізіңіз. Тесіп өткен бекіту элементінен
болатын қауіп!
▶ Қондыру құралының шығыс саңылауы еш жағдайда өзіңізге немесе басқа адамдарға қарай
бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
▶ Қондыру құралын тек ұстауға арналған беттерінен ұстаңыз.
▶ Ұстауға арналған беттерді құрғақ, таза және майсыз күйде сақтаңыз.
▶ Іске қосу механизмін, қондыру құралы астыңғы бетке толықтай және тігінен басылған кезде ғана
басыңыз.
▶ Жұмыс істеу алдында таңдалған энергия реттеуін тексеріп шығыңыз.
▶ Үлгі ретінде бекіту элементтерін астыңғы бетке қондырыңыз.
▶ Қондыру құралын қондыру барысында әрдайым астыңғы бетке тік бұрышпен ұстаңыз. Осылайша
бекіту элементінің астыңғы бет материалынан ығысуына жол берілмейді.
▶ Hilti компаниясы ұсыныс бермесе, бекіту элементтерін бар саңылауларға енгізбеңіз.
106
Қазақ
қорабынан немесе болт бағыттауышынан,
Қондыру құралын
піспегінен немесе піспек
377625
*377625*