Кедергілер болғанда
көмек алу
Қауіп
Электрлік токтың соғу қаупі.
Құрылғыға қызмет көрсету алдында
құрылғыны өшіріп, электр ашасын ро-
зеткадан шығарыңыз.
Жөндеу жұмыстары мен электрлік
бөлшектер бойынша жұмыстар тек
өкілетті қызмет көрсететін маман-
дар орындауы керек.
Шағын кедергілерді астыда көрсетілген
тізімге сəйкес Өзіңіз жоя алуыңыз
мүмкін.
Күдікті жағдайларда Қызмет Көрсету
бөлімінің арнайы мамандарымен
хабарласыңыз.
Бұйым жұмыс істемегенде
Қол бүріккішінің иінтірегін тартыңыз
да, бұйым қосылады.
Бұйымның түр тақтасында
көрсетілген кернеу ток көзінің керне-
уіне сəйкес екендігін тексеріңіз.
Қуат сымындағы зақымдардың бар-
жоғын тексеріңіз.
Бұйым іске қосылмайды, мотор
дірілдейді
Əлсіз электрлік ток немесе ұзартқышты
пайдалану себебінен кернеудің
төмендеуі.
Бұйымды қосып, алдымен қол
бүріккішінің тұтқасын тартыңыз, со-
дан кейін бұйым қосқышын "I/ON"
күйіне орнатыңыз.
Бұйым қысымға жауап
бермегенде
Шашырату құбырындағы параметрді
тексеріңіз.
Су беру жүйесіндегі жеткілікті беріліс
көлемін тексеріңіз.
Су жеткізу жеріндегі електі кемпіра-
уызбен шешіңіз жəне ағынды су
астында тазалаңыз.
Бұйымды қолдану алдында
желдетіңіз.
Бұйымды қосылған шашырату
құбырынсыз қосыңыз жəне су
көпіршіксіз бүріккішке шығарылғанша
жұмыс істетіңіз (макс. 2 минут).
Бүйымды өшіріңіз жəне шашырату
құбырын қайта жалғаңыз.
Қатты қысым іркілістері
Жоғары қысымды шүмекті тазалау:
Шүмек каналынан кірленуді инемен
кетіріңіз жəне қайтадан сумен
шайыңыз.
Су құю мөлшерін қайта тексеріңіз.
Бұйым бітеулігі жоқ
Бұйымның аздаған кемуі техникалық
себеппен орын алды. Қатты кему
орын алғанда өкілетті қызмет көрсету
маманына хабарласыңыз.
Тазалағыш зат сорғытылмайды
Қысым реттегіші бар шашырату
құбырын (Vario Power)
пайдаланыңыз.
Шашырату құбырын "Mix" күйіне
бұрыңыз.
Тазалағыш затқа арналған мөлшер
реттегішіндегі параметрлі қайта
тексеріңіз.
Plug 'n' Clean тазалағыш зат
бөтелкесін саңылауын төмен түсіріп
ішінде тазалағыш заттың қалғанын
тексеріңіз.
– 13
KK
289