Күту мен техникалық тексеру
жұмыстары
ҚАУІП
Электрлік токтың соғу қаупі.
Құрылғыда өткізілетін барлық жұмыстарды
орындамас бұрын, құрылғыны өшіріңіз жəне
қуат айырын ажыратыңыз.
Су жеткізу жеріндегі електі тазалау
Су жеткізу жеріндегі електі жүйелі түрде
тазалаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Електі зақымдауға болмайды.
Су жеткізу жерінен муфтаны шығарыңыз.
Сурет
Електі кемпірауызбен шешіңіз.
Електі ағынды су астында тазалаңыз.
Електі қайтадан су жеткізу жеріне орнатыңыз.
Қызмет көрсету
Құрылғы қызмет көрсетуді қажет етпейді.
Кедергілер болғанда көмек алу
Шағын кедергілерді астыда көрсетілген тізімге
сəйкес Өзіңіз жоя алуыңыз мүмкін.
Күдікті жағдайларда Қызмет Көрсету бөлімінің
арнайы мамандарымен хабарласыңыз.
ҚАУІП
Электрлік токтың соғу қаупі.
Құрылғыда өткізілетін барлық жұмыстарды
орындамас бұрын, құрылғыны өшіріңіз жəне
қуат айырын ажыратыңыз.
Бұйым жұмыс істемегенде
Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін итеріңіз
де, бұйым қосылады.
Бұйымның түр тақтасында көрсетілген кернеу
ток көзінің кернеуіне сəйкес екендігін тексеріңіз.
Қуат сымындағы зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз.
Қозғалтқышқа шамадан тыс жүк түскен кезде
қозғалтқышты ажыратқыш іске қосылады.
–
Бұйымды "0/OFF" күйіне орнатыңыз.
–
Бір сағат бойы суытып қойыңыз.
–
Оны іске қосып, жұмысын жалғастырыңыз.
Егер ақаулық қайталанса, бұйымды
клиенттерге қызмет көрсету орталығына
тексерту керек.
Бұйым іске қосылмайды, мотор
дірілдейді
Əлсіз электрлік ток немесе ұзартқышты пайдалану
себебінен кернеудің төмендеуі.
Бұйымды қосып, алдымен жоғары қысымды
бүріккіштің иінтірегін итеріңіз, содан кейін бұйым
қосқышын "I/ON" күйіне орнатыңыз.
Бұйым қысымға жауап бермегенде
Шашырату құбырындағы параметрді тексеріңіз.
Су беру жүйесіндегі жеткілікті беріліс көлемін
тексеріңіз.
Су жеткізу жеріндегі електі кемпірауызбен
шешіңіз жəне ағынды су астында тазалаңыз.
Бұйымды қолдану алдында желдетіңіз.
Бұйымды қосылған шашырату құбырынсыз
қосыңыз жəне су көпіршіксіз бүріккішке
шығарылғанша жұмыс істетіңіз (макс. 2 минут).
Бүйымды өшіріңіз жəне шашырату құбырын
қайта жалғаңыз.
Қатты қысым іркілістері
Жоғары қысымды шүмекті тазалау: Шүмек
каналынан кірленуді инемен кетіріңіз жəне
қайтадан сумен шайыңыз.
Су құю мөлшерін қайта тексеріңіз.
Бұйым бітеулігі жоқ
Бұйымның аздаған кемуі техникалық себеппен
орын алды. Қатты кему орын алғанда өкілетті
қызмет көрсету маманына хабарласыңыз.
Тазалағыш зат сорғытылмайды
Қысым реттегіші бар шашырату құбырын (Vario
Power) пайдаланыңыз.
Ыдыратушы түтікті «ЖҰМСАҚ» бағытына қарай
тірелгенше бұраңыз.
Тазалағыш затқа арналған мөлшер
реттегішіндегі параметрлі қайта тексеріңіз.
Plug 'n' Clean тазалағыш зат бөтелкесін
саңылауын төмен түсіріп ішінде тазалағыш
заттың қалғанын тексеріңіз.
Бұйымдарымыз үшін əр елде жауапты өтім
серіктестеріміз тарапынан шығарылатын кепілдеме
шарттары күште болады. Егер материалдардың
ақаулығы немесе дайындау барысындағы
қателіктер табылса, біз ықтимал ақаулықтарды
кепіл мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі
ішінде наразылықтарыңыз болса, аспапты сатқан
сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті
сервистік қызмет көрсету орнына сатып алу чегін
көрсетіп, хабарласыңыз.
Мекенжайлар төменде берілген:
www.kaercher.com/dealersearch
– 9
KK
Кепілдеме
171