▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын және/немесе төмен түсетін сынықтар адамдарға жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Өнімді әрқашан екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде ұстаңыз.
▶ Алмалы-салмалы аспап жасырын электр сымдарына тие алатын жұмыстарды өткізген кезде өнімді
оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Кернеу өткізгіш сыммен жанасқан жағдайда, аспаптың металл
бөліктері де кернеу астына түсіп, ток соғуға әкелуі мүмкін.
▶ Айналмалы бөлшектерге тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы, қорғауыш құлаққапты және
жарамды респираторды киіп жүріңіз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және
күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Көз қорғанысын пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жарақаттауы мүмкін.
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶ Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс
істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
теріс әсер тиюі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында жасырын сымдардың, газ бен су құбырларының бар-
жоғын тексеріп шығыңыз. Қуыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген жағдайда, өнімнің
сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Электр құралмен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ Алмалы-салмалы аспап бұғатталған жағдайда, өнімді дереу өшіріңіз. Өнім бүйірімен ауытқуы
мүмкін.
▶ Өнімді алып тастау алдында ол толығымен тоқтағанша күтіңіз.
*2134963*
2134963
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
Қазақ
223