Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіп Деңгейлері; Қоршаған Ортаны Қорғау; Керек-Жарақ Жəне Қосалқы Бөлшектер; Жеткізілім Жинағы - Kärcher SP 17.000 Flat Level Sensor Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

● Жууға арналған су, мысалы, ағып жатқан кір
жуғыш машиналардан. Содан кейін сорғыны
мөлдір таза сумен шайыңыз жəне тазалаңыз,
Шайыңыз жəне тазалаңыз-тарауды қараңыз.
● Сорылатын сұйықтықтардың температурасы
5 °C-тан 35 °C-қа дейін болуы керек.
Тиісті түрде пайдаланбауы
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Аязға байланысты зақымдану қаупі бар!
Аязда жұмыс істеу құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Толығымен төгілмеген құрылғы аяздан
зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыны аязда пайдаланбаңыз.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Үздіксіз жұмыс кезінде зақымдану қаупі бар!
Құрылғы үздіксіз жұмыс істеуге жарамайды.
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы үздіксіз (мысалы,
тоғандардағы үздіксіз айналым) немесе тұрақты
қондырғы ретінде (мысалы, сорғы станциясы,
субұрқақ сорғысы) пайдаланбаңыз.
Нұсқау
Өндіруші мақсатына сай пайдаланбау жəне дұрыс
іске қоспау нəтижесінде туындаған ықтимал
зақымдар үшін жауапты болмайды.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайымыз артқы бетте)
Құрылғының сипаттамасы
Суреттері бар бетті қараңыз
Сурет A
Қосқыш (автоматты/қолмен басқару)
1
Жылжытуға арналған сап
2
Ашасы бар қуат сымы
3
Автоматты желдету құрылғысы
4
Жылдам қосылым
5
G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементі (1",
6
1 ¼" жəне 1 ½" шланг қосылымы жəне G 1 ½ –
бұранда)
Кері соққы клапаны (SP 17.000 Flat Level
7
датчигі)
Жалғау бөлігі (G 1 1 ½ – бұранда)
8
Бағыттағыш (деңгей датчигі)
9
Деңгей датчигі
10
Тіреу аяқтары (SP 17.000 Flat Level датчигі)
11
Алдын ала тазалау сүзгісі (SP 22.000 Dirt Level
12
датчигі алынбалы)
Пайдалануға енгізу
ҚАУІП
Электр тогының соғу жəне жарақат алу қаупі!
Құрылғыда электрлік жəне механикалық
компоненттер бар.
Құрастыру, бөлшектеу немесе тазалау алдында
құрылғыны əрқашан қуат көзінен ажыратыңыз.
Нұсқау
Шлангтың ұзындығы неғұрлым қысқа жəне
диаметрі неғұрлым жоғары болса, беру
жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Сорғының бітелуіне жол бермеу үшін диаметрі
1 ¼"-ден аз шланг үшін алдын-ала тазалау сүзгісін
қолданыңыз.
● SP 17.000 Flat Level датчигі: Керек-жарақтар
Қазақша
Кепілдік
145

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Sp 22.000 dirt level sensor

Inhaltsverzeichnis