Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Metabo W 22-180 MVT Originalbetriebsanleitung Seite 142

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für W 22-180 MVT:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
kk
ҚАЗАҚША
- Quick қыспа гайкасын (1) сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
7.4
Қыспа гайканы бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
Қыспа гайканы (14) бекіту:
Қыспа гайканың 2 жағы бір-бірінен
өзгешеленеді. Қыспа гайканы шпиндельге
төмендегідей бұрап орнатыңыз:
2-беттегі E суретін қараңыз.
- А) Жұқа ажарлағыш дөңгелектер үшін:
Қыспа гайканың (14) буылтығы ажарлағыш
дөңгелекті мықтап қысу үшін жоғары қарап
тұр.
Ә) Қалың ажарлағыш дөңгелектер үшін:
Қыспа гайканың (14) буылтығы қыспа гайканы
шпиндельге берік бекіту үшін төмен қарап тұр.
- Шпиндельді бекітіңіз. Қыспа гайканы (14) екі
саңылаулы кілттің (15) көмегімен сағат тілінің
бағытымен бұрап тартыңыз.
W...B... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та
асқын қарсылық сезілуі тиіс.
Қыспа гайканы босату:
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
Қыспа гайканы (14) екі саңылаулы кілттің (15)
көмегімен сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
шығарыңыз.
8. Пайдалану
8.1
Қосу/өшіру
Аспапты әрдайым екі қолмен ұстап
тұрыңыз.
Алмалы-салмалы құралды дайындамаға
тек қосулы күйінде апарыңыз.
Кенет іске қосылуына жол бермеңіз:
желілік аша розеткадан суырылған немесе
токпен жабдықтау үзілген болса, әрдайым
аспапты өшіріңіз.
Үздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан
түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс
істейді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен
арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты
қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды
орындалатын жұмысқа аударыңыз.
Аспапқа шаң мен жоңқаның құйындауын
немесе тартылуын болдырмаңыз. Аспапты
өшіргеннен кейін қозғалтқыш толықтай
тоқтағанша қоймаңыз.
2-беттегі A суретін қараңыз.
Қысқа мерзімге қосу:
Қосу: құлыпты (8) көрсеткі бағытымен
жылжытып, батырма ауыстырып
қосқышты (9) басыңыз.
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (9)
жіберіңіз.
142
Үздіксіз жұмыс режимі (жабдықталуға
байланысты):
Қосу: құлыпты (8) көрсеткі бағытымен
жылжытып, батырма ауыстырып
қосқышты (9) басып тұрыңыз. Аспап енді
қосылып тұр. Енді құлыпты (8) тағы бір
рет көрсеткі бағытымен жылжытып,
батырма ауыстырып қосқышты (9)
бекітіңіз (үздіксіз жұмыс режимі).
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (9) басып
жіберіңіз.
W...B белгісі бар аспаптар:
Қысқа мерзімге қосу (қауіпсіз тоқтату
функциясымен)
2-беттегі B суретін қараңыз.
Қосу: батырма ауыстырып-қосқышты (9) алға
қарай жылжытыңыз да, содан кейін
батырма ауыстырып қосқышты (9)
жоғары қарай басыңыз.
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (9)
жіберіңіз.
8.2
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Ажарлау:
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың
беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет
бойынша алға-артқа жылжытыңыз.
Сиыра ажарлау: жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін 30° - 40° орнату бұрышында жұмыс істеңіз.
Абразивті кесу:
Абразивті кесу кезінде әрдайым
қарама-қарсы бағытпен (суретті
қараңыз) жұмыс істеңіз. Кері
жағдайда аспап кесіктен кенет
секіріп шығуы мүмкін. Орташа,
өңделетін материалға жарамды беріліспен
жұмыс істеңіз. Қисайтуға, басуға және
теңселтуге болмайды.
Егеуқұм қағазымен ажарлау:
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың
беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет
бойынша алға-артқа жылжытыңыз.
Сым қылшақтармен жұмыс істеу:
Аспапты орташа күшпен қысыңыз.
9. Тазалау
Жұмыс барысында электрлік құралдың ішінде
материал бөлшектері жиналуы мүмкін. Бұл
электрлік құралдың суытылуын нашарлатады.
Ток өткізгіш шөгінді электрлік құралдың
қорғайтын оқшаулағышын бұзып, ток соғу қаупін
тудыруы мүмкін.
Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен
артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі
түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ
ауамен үрлеп тазартыңыз. Бұл әрекеттің
алдында электрлік құралды қуат көзінен
ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен жарамды
респираторды киіп алыңыз. Үрлеп тазарту
кезінде жеткілікті ауа тартқыш желдету
қамтамасыз етілуі тиіс.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis