Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PPR 250 Originalbetriebsanleitung Seite 125

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PPR 250:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 9
OBJ_BUCH-1513-004.book Page 125 Tuesday, November 26, 2013 4:07 PM
 Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған
жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған
жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі
мүмкін.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қаупі бар ортада электр құралын
пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып,
шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
 Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы
қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес.
Жерге қосулы электр құралдармен бірге ешқандай
адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген
айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр
тоғының соғу қаупін төмендетеді.
 Құрылғыны жаңбырдан, сыздан қорғаңыз. Электр
құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу
қаупін арттырады.
 Электр сымын орынды қолданыңыз, электр
құралын тасымалдау, асып қою немесе айырын
розеткадан шығару үшін пайдаланбаңыз. Электр
сымын жоғары температурадан, майдан, өткір
қырлардан, электр құралының қозғалмалы
бөлігінен қорғаңыз. Зақымдалған немесе
шиеленіскен кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
 Электр құралымен ашық аспан астында жұмыс
істесеңіз, тек сыртта пайдалануға рұқсат етілген
ұзартқыш кабельді пайдаланыңыз. Сыртта
пайдалануға арналған ұзартқыш - кабельді пайдалану
электр тоғының соғу қаупін төмендетеді.
 Электр құралын ылғалды ортада пайдалану қажет
болса, онда оны автоматты сақтандырғыш
ажыратқышы арқылы қосыңыз. Автоматты
сақтандырғыш ажыратқышын пайдалану тоқ соғу
қаупін төмендетеді.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосылмайтын немесе өшірілмейтін
электр құралын пайдалану қауіпті. Оны жөндету қажет.
 Балаларға абай болыңыз. Балалардың электр бояу
білікшесімен ойнамауына көз жеткізіңіз.
 Балалардың немесе дене, сезім немесе ойлау
қабілеттері шектеулі, не тәжірибесі мен білімі аз,
электр бояу білікшесін дербес әрі дұрыс басқара
алмайтын адамдардың электр бояу білікшесіне
жауапты адамның бақылауынсыз және
нұсқауынсыз пайдалануына жол бермеңіз. Кері
жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар
қаупі пайда болады.
 Әр пайдаланудан алдын негізгі бөлігін, кабельді
және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз
негізгі бөлікті пайдаланбаңыз. Негізгі бөлікті өзіңіз
ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқалы
бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған негізгі бөлік
пен, зақымдалған кабель және айыр электр тоғының
соғу қаупін арттырады.
 Пайдалану нұсқаулығында жазылған бояуларды
пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген бояулар (мысалы
Bosch Power Tools
лак, май бояулары т.б.) электр бояу білікшесін
зақымдауы мүмкін.
 Бояудың қауіптерін ескеріңіз. Бояу бойынша
өндіруші ақпараттарын ескеріңіз. Өндіруші
нұсқауларын орындау жарақаттану қаупін төмендетуі
мүмкін.
 Тасымал шлангін өзіңізден ары бағыттаңыз және
әсіресе басқыштарда немесе қанқаларда жұмыс
істемеңіз. Тасымал шлангіне қағылып түсу
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Тек су негізіндегі материалдармен тазалаңыз. Ұшпа
буланатын еріткіштер жарылатын қоршауды жаратып
электр бояу білікшесін зақымдауы мүмкін
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын
жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр
құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгі
Мағына
 Ротор толық тоқтағанша күте
тұрыңыз. Айналып тұрған роторға
тию жарақатануларға алып келуі
мүмкін.
Биіктігі реттелетін бояу шелегінің
ілмегін бояу шелегінің биіктігіне
лайықтандырыңыз:
Негізгі бөлік muss immer еденде тегіс
тұру.
солда
Сорғыш ысырмасы жабық
(Сору функциясы тек осы
күйде мүмкін)
оңда
Сорғыш ысырмасы ашық
Өнім және қызмет сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы тек су негізіндегі дисперсиялық қабырға
бояуларымен бояуға арналған.
Электр құралын тек барлық қызметтерін толық бағалап,
оларды орындай алатыныңызға сенімді болғанда немесе
тиісті нұсқаулықтарды алғаннан соң пайдалану керек.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірлері суреттері бар беттегі
электр құралының сипаттамасына негізделген.
1 Бояғыштың ұзартқышы
2 Тасымал шлангі
Қaзақша | 125
2 609 006 717 | (26.11.13)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis