Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

BRAYER BR1603 Handbuch Seite 45

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 14
• Ұсақ саңылаулары бар тор (10) шикі етті, со-
нымен қатар пісірілген етті, балықты және т.с.с.
өңдеуге жарайды.
• Анағұрлым ірі саңылаулары бар тор (10) шикі
етті, балықты, көкөністерді, кептірілген жемі-
стерді, ірімшікті және т.б. өңдеуге жарайды.
• Орынды (19) екінші торды (10) сақтау үшін
пайдаланыңыз.
• Еттартқыштың бастиегіне (7) өнімдерге арналған
астаушаны (6) орнатыңыз.
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз.
• Жұмыс режимдері (1) ауыстырғышын «ON» күйіне
орнатып, еттартқышты қосыңыз.
• Ұсыныстар:
- Мұздатылған етті толық еріту қажет. Етті өңдеу
процесін жақсарту үшін оны жолақтармен
(20х20х60 мм) немесе текшелермен (20х20х20
мм) кесіңіз.
- Жұмыс істеген кезде жеткізілім жиынтығына
кіретін итергішті (5) ғана пайдаланыңыз. Етті
немесе басқа өнімдерді итеру үшін аса көп күш
жұмсамаңыз.
- Етті қолмен немесе басқа заттармен итеруге
тыйым салынады.
• Жұмыс аяқталғаннан кейін, еттартқышты ажыра-
тыңыз, ол үшін жұмыс режимдері ауыстырғышын
(1) «OFF» күйіне орнатыңыз, электр розеткасынан
қуаттандыру бауының ашасын суырып алыңыз,
содан кейін оны бөлшектеуге кірісіңіз.
• Еттартқыштың бастиегін (7) бөлшектеу үшін
сомынды (11) сағат тіліне қарсы бұрап шешіп
алыңыз, еттартқыш бастиегі (7) корпусынан орна-
тылған торды (10) шығарып алыңыз, крест тәрізді
пышақты (9) және иірмекті (8) шешіп алыңыз (Сур.
15).
• Еттартқыш бастиегін (7) шешіп алу үшін бекіткіш
(3) батырмасын басыңыз, еттартқыш бастиегін
(7) сағат тілі бойынша бұраңыз және оны шешіп
алыңыз (Сур. 16).
КЕББЕ ДАЙЫНДАУ
• Кеббе, Киббех немесе кубэ — сиыр немесе қой
етінен, бидай ұнынан және дәмдеуіштерден дай-
ындалатын жерорта теңізі асханасының тағамы.
• Кебе (13) қондырмасының көмегімен негізден
қуыс түтіктер жасалады. Түтікшелер салмамен
толтырылады және фритюрде қуырылады. Түтік-
терді толтыру үшін салма дайындаумен тәжірибе
жасаңыз.
• Кебені дайындаудың үлгі рецепті берілген, интер-
нетте басқа да рецепттерді табуға болады.
• Салма
- Қой еті 100 г
- Зәйтүн майы 1,5 ас қасық
- Пияз (ұсақтап туралған) 1,5 ас қасық
- Талғамға қарай дәмдеуіштер
KZ
45

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis