• Таразы
KK
Дұрыс пайдалану туралы ескерту: Таразыны қолданған кезде, Companion құрылғысына
қол тигізбеңіз және құрылғының үстіне немесе құрылғыны үстінен не астынан басып тұрған
заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Құрылғының жұмыс бетінде нық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Соңында, қуат сымының құрылғының астына кептеліп қалмағанын немесе тым қатты
тартылып қалмағанын тексеріңіз, себебі мұндай жағдайда салмақ дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
Таразы функциясын пайдалану:
Companion құрылғысында таразы түймесі
барысында ингредиенттерді өлшей аласыз. Ингредиенттерді өлшеу үшін ыдысты (C1)
мотор блогына (A) орнату керек.
Таразыны қолданудың үш жолы бар:
Рецепт бойынша өлшеу: Рецептіні әзірлеу кезінде әр жаңа қадамның басында
ингредиенттерді өлшей аласыз:
1 - Таразы логотипін басыңыз (18a суретін қараңыз)
2 - Автоматты мөлшерлеу орын алғанша, бірнеше секунд күтіңіз
3 - Экранда көрсетілген ингредиентті ыдысқа салып, «OK» түймесін басып өлшеңіз.
4 - Егер рецепт бойынша бірнеше ингредиенттер қосу қажет етсе, экранда келесі
өлшенетін ингредиент атын көрсетеді
5 - Қадамдағы барлық ингредиенттер өлшенгеннен кейін «ОК» түймесін басыңыз, одан
кейін ортадағы түймеде көрсетілген нұсқауларды орындап, рецептіні жалғастырыңыз
(B3 суретін қараңыз)
«Менің тоңазытқышымда» өлшемі: Бұл функция сіз таңдаған ингредиент мөлшеріне
сәйкес рецептіні іздеуге мүмкіндік береді.
1 - Тоңазытқыштан бір немесе бірнеше ингредиентті таңдап, оларды Companion
қолданбасында іздеу жолағы арқылы таңдаңыз
2 - Таразы логотипін басыңыз (18a суретін қараңыз)
3 - Ингредиенттерді мотор блогындағы ыдысқа салыңыз
4 - Жасалған өлшемдерге қарай рецептілер тізімі ұсынылады
Қолмен өлшеу: Рецептіні әзірлемес бұрын барлық ингредиенттерді қолмен орындау
режимінде немесе автоматты бағдарламалар арқылы өлшей аласыз.
1 - Ыдысты (C1) мотор блогына (A) орналастырыңыз
2 - Таразы логотипін басыңыз (18a суретін қараңыз)
3 - Автоматты мөлшерлеу орындалғанша бірнеше секунд күтіңіз
4 - Бірінші ингредиентті өлшеңіз (18b суретін қараңыз)
5 - Егер ингредиенттерді қосқыңыз келсе, «CALIBRATION» түймесін басу арқылы
мөлшерлеп, келесі ингредиентті қосыңыз. Мөлшерлеуді басу өлшеу дәлдігін жақсартады.
Үзіліссіз, бір өлшегенде рұқсат етілетін ең көп салмақ: 4 кг. Бұл салмақтан асып кеткен
кезе шамадан тыс жүктеме туралы хабарлама көрсетіледі
6 - Жалпы 8,0 кг салмақтан аспастан, бұл процедураны қажетінше жиі қайталаңыз
Абайлаңыз! Қолданған кезде осы нұсқаулықтың 6-бетіндегі кестеде көрсетілген ең
жоғарғы мөлшерлерден аспаңыз.
!! Қолмен орындау режимінде 15 минут бойы таразы қолданылмаса, ол күту режиміне
өтеді. Күту режимінен шығу үшін экранды (B6) немесе сенсорлы пернелердің бірін (B1,
B2, B3, B4 немесе B5) басуға болады.
(B2) жанған кезде рецептіні әзірлеу процесі
178
CALIBRATION (МӨЛШЕРЛЕУ) функциясы
CALIBRATION пернесі таразы дисплейін 0 мәніне орнату үшін қолданылады.
UNIT (ӨЛШЕМ БІРЛІГІ) функциясы
UNIT пернесі салмақ бірлігін ауыстыруға мүмкіндік береді (г, мл, унция).
• Жаңартулар
Өнім функциялары оңтайлы жұмыс істеуі үшін өнім жаңартуларды орындау опциясын
ұсынады. Ол үшін экранда терезе пайда болып, онда соңғы жаңартуды орнатуды
қабылдау/қабылдамау ұсынылады. «Қабылдау» нұсқасын басыңыз, Companion
құрылғысы жаңартуды орындайды.
Сондай-ақ жаңартулар Companion құрылғысының цифрлық қызметтеріне қатынасуға
мүмкіндік береді.
ОФФЛАЙН РЕЖИМ
Companion құрылғысын оффлайн режимде пайдалануға болады. Төмендегі функциялар
оффлайн режимде қолданылады:
• Рецептілер каталогы
Рецептілер каталогына қатысты толық ақпарат 173-бетте берілген.
Рецептілер каталогында 310 рецепті бар.
• Бағдарламалар
Автоматты бағдарламаларды пайдалану бойынша толық ақпарат 174-бетте берілген.
• Қолмен орындау режимі
Қолмен орындау режимін пайдалану туралы толық ақпарат 177-бетте берілген.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
Ыдысты пайдаланғаннан
•
кейін бірден тазалаңыз.
Құрылғыны суға батыруға
болмайды. Мотор блогын
(А) ағын судың астына
қоймаңыз.
П айдаланып болғаннан кейін, құрылғыны
розеткадан ажыратыңыз.
П айдаланып болғаннан кейін, ыдысты
тазалаңыз:
• Құлыптарды (C2) басып, қойылған ыдысты
(C) көтеріңіз.
• Ыдысты тегіс бетке қойыңыз.
• Сағат тілінің бағытымен отыз градусқа
бұрап, қақпақ құлпын босатыңыз. Қақпақты
абайлап шығарып алыңыз.
• Тазалап жатқанда және ыдысты
босатқанда, ультра жүзді пышақтың
(E1) өткір жиектері мен илеу/ұнтақтау
пышағын (E4) абайлап ұстаңыз, олар
өте өткір болады.
• Бөлшектер суығанда:
- Білікті(C3), тығыздағышты (C4) және
құлыптау сақинасын (C5) алып тастаңыз
(13-суретті қараңыз)
- Ыдысты (C), білікті (C3), тығыздағышты
(C4) және құлыптау сақинасын (C5), керек-
жарақтарды (E1), (E2), (E3), (E4), (E5), буды
реттегіш қақпақшаны (D1), қақпақты (D2),
тығыздау сақинасын (D4) және тығыздағыш
ұстағышын (D3) губкамен және жылы,
сабынды сумен тазалаңыз
• Әр бөлшекті ағын судың астында
шайыңыз.
• Ыдысқа жабысып қалған тағамды бірнеше
сағат бойы сумен және аздап жуғыш
сұйықтықпен жібітіңіз де, қажет болған
жағдайда қалақшамен (F) немесе губканың
қатты жағымен қалдықтарды қырыңыз.
179
KK