Herunterladen Diese Seite drucken

Lux Tools E-BMS-21 Originalbetriebsanleitung Seite 87

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
• Кабельді мақсатынан тыс, мысалы, электр
құралын тасымалдау, штепсельдік ашаны
тартып шығару үшін пайдаланбаңыз.
Кабельді жоғары температурадан, майдан,
құралдың өткір шеттерінен немесе жылжы-
малы бөліктерінен сақтаңыз. Зақымданған
немесе шатасып қалған сым электр тогынан
зақымдану тəуекелін арттырады.
• Электр құралымен далада жұмыс істеген
кезде, далада жұмыс істеу үшін жарамды
ұзартқыш кабельдерді ғана пайдала-
ныңыз. Ғимарат сыртында пайдалану үшін
жарамды ұзартқыш кабельді пайдалану ток
соғу қаупін төмендетеді.
• Электр құралының ылғалды ортада қолда-
нылуынан сақтану мүмкін болмаса, диф-
ференциалдық автоматты пайдаланыңыз.
Қорғаушы өшіру құрылғысын пайдалану ток
соғудан жарақаттану қаупін төмендетеді.
Адам қауіпсіздігі
• Мұқият болыңыз, жұмысыңызды қадаға-
лап отырыңыз жəне электр құралымен
жұмысты ойластырып бастаңыз. Шар-
шаған немесе есірткі, ішімдік немесе дəрі-
дəрмек əсерінде болған жағдайда аспапты
пайдаланбаңыз. Электр құралымен жұмыс
істеу кезінде бір секундтық зейінсіздік қайтым-
сыз салдарға əкелуі мүмкін.
• Қорғаныс жарақтарын киіп, əрдайым қорға-
ныш көзілдірік тағыңыз. Электр аспабының
түрі мен қолданылуына қарай шаңнан қорғай-
тын бетперде, сырғанауды болдырмайтын
табаны бар аяқ киім, қорғаныш шлем жəне
есту мүшелерін қорғау құралдары сияқты
қорғау құралдарын киіп жүру жарақаттану
қаупін төмендетеді.
• Кездейсоқ қосылуынан сақтаныңыз.
Электр құралын қуат көзіне жəне/немесе
аккумулятор батареясына қосу, қолыңызға
алу немесе басқа орынға тасымалдаудан
бұрын, оның өшіп тұрғандығына көз жет-
кізіңіз. Электр құралын тасымалдау кезінде
саусақты ажыратқышта ұстау жəне құралды
ажыратқыштың қосулы күйінде қуат көзіне
жалғау жарақаттануға апарып соғады.
• Электр құралын іске қоспас бұрын, ретте-
гіш құралды жəне бұрауыштарды алып
тастаңыз. Құралдың айналмалы бөлігінде
орналасқан құрал немесе кілт жарақаттануға
əкелуі мүмкін.
• Қалыпсыз дене қалпында болудан сақта-
ныңыз. Əрдайым орнықты қалыпқа көшіп,
тепе-теңдікті сақтаңыз. Осының арқасында
күтпеген жағдайларда электр құралын жақсы-
рақ бақылайсыз.
• Лайықты киім киіп жүріңіз. Кең киім мен
əшекейлер тақпаңыз. Шашыңызды,
киіміңізді жəне қолғабыңызды айналмалы
бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, əше-
кейлер жəне ұзын шаш айналмалы бөліктерге
тап болуы мүмкін.
• Егер шаң соратын жəне шаң ұстайтын
құрылғыларды монтаждау мүмкін болса,
олардың дұрыс қосылғанына жəне пайда-
ланылғанына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаңнан пайда болатын қауіпті
төмендетеді.
Аспапты пайдалану жəне қолдану
• Құралды асыра жүктемеңіз. Жұмыс істеу
үшін осыған арналған электр құралдарын
ғана пайдаланыңыз. Жарамды электр құра-
лымен аталған қуаттылық диапазонында жақ-
сырақ жəне сенімдірек жұмыс істейсіз.
• Сөндіргіші зақымданған электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосу немесе өшіру мүмкін
емес электр құралы қауіпті болып табылады
жəне оны міндетті түрде жөндеу қажет.
• Аспапты орнатудан, керек-жарақтарды
алмастырудан немесе құралды сақтауға
қоймастан бұрын штепсельдік ашаны
розеткадан ажыратыңыз жəне/немесе акку-
мулятор батареясын шығарыңыз. Бұл
сақтық шарасы құралдың байқаусызда
қосылуын болдырмайды.
• Қолданылмайтын электр құралдарын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Құралдың құрылымымен таныс
емес немесе осы пайдалану бойынша
нұсқаулықты оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Электр құралдары тəжірибесіз тұлғалардың
қолында қауіпті болады.
• Электр құралын мұқият күтіңіз. Жылжы-
малы бөлшектері мінсіз жəне қысылмай
жұмыс істейтіндігіне, электр құралының
жұмысына кері əсерін тигізе алатын
зақымдар мен сынған бөлшектердің
жоқтығына көз жеткізіңіз. Құралды пайда-
ланбас бұрын зақымдалған бөліктерін мін-
детті түрде жөндеу керек. Электр құралда-
рына нашар күтім жасау жарақаттанудың жиі
себепкері болады.
• Кескіш құрал жақсы қайралған жəне таза
болуы тиіс. Мұқият тазаланатын жəне
күтілетін өткір кескіш жиектері бар кескіш
құралдар азырақ кептеледі жəне оларды жүр-
гізу жеңілдеу.
• Электр құралдарын, керек-жарақтарды,
қосалқы құралдарды жəне т.б. осы нұсқау-
лыққа сай пайдаланыңыз. Бұл ретте еңбек
жағдайлары мен жүзеге асырылатын əре-
кет түрін ескеріңіз. Электр құралдарын олар-
дың пайдаланылуы үшін көзделмеген басқа
операцияларды орындау үшін пайдалану
қауіпті жағдайлардың туындауына əкелуі мүм-
кін.
Сервистік қызмет көрсету
• Электр құралыңызды жөндеуге тек білікті
қызметкерлерге жəне тек түпнұсқа қосалқы
бөлшектермен рұқсат етіңіз. Тек осылайша
электр аспабының қауіпсіздігіне кепілдік
беруге болады.
Бұрғымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқаулар
• Соққылы тесу кезінде есту органдарын
қорғау құралдарын киіңіз. Шуыл есту
қабілетінің жоғалуына алып келуі мүмкін.
• Аспаптың жеткізілім жиынтығына кіретін
қосымша тұтқаларды пайдаланыңыз.
Бақылауды жоғалту жарақат алуға əкеп соқты-
руы мүмкін.
KAZ
87

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Fehlerbehebung

loading

Diese Anleitung auch für:

380453