Herunterladen Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Техникасы Ережелері - Stihl RMA 253 Gebrauchsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RMA 253:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
Пышақты қосып өшіріңіз.
4
Қауіпсіздік техникасы
ережелері
4.1
Ескерту белгілері
Көгалшапқыштағы немесе аккумулятордағы
ескерту белгілері төмендегіні білдіреді:
Қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және тиісті шараларды
орындаңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз және
сақтап қойыңыз.
Серпілетін заттардан сақ болыңыз -
арақашықтық сақтаңыз және үшінші
тараптарды жақындатпаңыз.
Айналмалы пышақпен жанаспаңыз.
Аккумуляторды жұмыстағы
үзілістерде, тасымалдау, сақтау,
техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу кезінде шығарып алыңыз.
Сақтандырғыш кілтті жұмыстағы
үзілістерде, тасымалдау, сақтау,
техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу кезінде суырып алыңыз.
Қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.
Аккумуляторды жылу және от көзінен
қорғаңыз.
Аккумуляторды сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Аккумулятор үшін рұқсат етілген
температура диапазонын сақтаңыз.
4.2
Мақсаты бойынша қолдану
STIHL RMA 253 көгалшапқышы құрғақ шөпті
шабуға арналған.
Көгалшапқыш STIHL AP аккумуляторынан
қуат алады.
0478-131-9862-B
Сақтандыру
■ STIHL компаниясы көгалшапқыш үшін
мақұлдамаған аккумуляторлар өрт және
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін. Адамдар
жарақат алуы не қаза табуы немесе
материалдық зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Көгалшапқышты STIHL AP
аккумуляторымен пайдаланыңыз.
■ Көгалшапқыш немесе аккумулятор тиісінше
пайдаланылмаса, адамдар ауыр жарақат
алуы не қаза табуы немесе материалдық
зияннан зардап шегуі мүмкін.
► Көгалшапқыш пен аккумуляторды
аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай
пайдаланыңыз.
4.3
Пайдаланушыға қойылатын
талаптар
Сақтандыру
■ Біліксіз пайдаланушылар көгалшапқыш пен
аккумулятор тәуекелдерін анықтай алмауы
және бағалай алмауы мүмкін.
Пайдаланушы немесе басқа адамдар ауыр
немесе қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз
және сақтап қойыңыз.
► Көгалшапқыш немесе аккумулятор басқа
адамға табыс етілген жағдайда:
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бірге
беріңіз.
► Пайдаланушы мына талаптарды
орындайтындығына көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушының тиісті жабдығы
бар.
– Пайдаланушының дене, сезім және
ақыл-ой қалпы көгалшапқыш пен
аккумуляторды басқаруға және
жұмыс істеуге жеткілікті. Егер
пайдаланушының дене, сезім немесе
ақыл-ой қабілеті шектеулі болса, ол
құрылғымен тек бақылау астында
немесе жауапты тұлғаның
нұсқаулары бойынша ғана жұмыс
істей алады.
– Пайдаланушы көгалшапқыш пен
аккумулятор тәуекелдерін анықтай
алады және бағалай алады.
– Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
мен залал үшін жауапты екендігін
біледі.
қазақ
305

Quicklinks ausblenden:

Werbung

loading