Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Және Y Осі Бойынша Калибрлеу - Bosch GRL 600 CHV Anwenderhandbuch- Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
484 | Қазақ
X және Y осі бойынша калибрлеу
GRL 600 CHV үлгісін тек LR 60 лазер қабылдағышының
көмегімен, ал GRL 650 CHVG үлгісін тек LR 65 G
көмегімен калибрлеуге болады. Лазер қабылдағышы
өлшеу құралына Bluetooth® арқылы қосылып тұруы тиіс
(қараңыз „Қашықтан басқару құралымен/лазер
қабылдағышымен байланыс орнату", Бет 476).
Өлшеу құралын және лазер қабылдағышын калибрлеу
барысында орнын ауыстыруға болмайды (сипатталған
туралау немесе бұрау әрекеттерін қоспағанда).
Сондықтан өлшеу құралын берік, тегіс бетке қойып,
лазер қабылдағышын мықтап бекітіңіз.
Калибрлеу әрекетін мүмкіндігінше Bosch Levelling
Remote App арқылы орындау қажет. Қолданба арқылы
басқарылғанда, түймелерді абайсыз басқан жағдайда,
өлшеу құралының орны ауысатындай ақаулық
жағдайлары есептен шығарылады.
Қолданбасыз калибрлеген кезде өлшеу құралындағы
тиісті түймелерді басып тұру керек, калибрлеу
барысында қашықтан басқару құралын пайдалану мүмкін
емес.
Берік бетте 30 м бос арақашықтық қажет болады. Мұндай
арақашықтық қолжетімді болмаса, калибрлеу әрекетін
төменірек нивелирлеу дәлдігімен де ұзындығы 15 м
өлшеу қашықтығында орындауға болады.
Өлшеу құралын және лазер қабылдағышын
калибрлеу үшін монтаждау:
Өлшеу құралын көлденең күйде лазер
қабылдағышынан 30 м немесе 15 м арақашықтығында
штативке (43) монтаждаңыз немесе оны берік, тегіс
бетке қойыңыз.
Лазер қабылдағышын жарамды биіктікте берік бекітіңіз:
– қабырғаға немесе басқа бетке магниттермен немесе
лазер қабылдағышының ілгектерімен,
– немесе тұрақты бекітілген көмекші құралға лазер
қабылдағышының ұстағышымен.
Бұл ретте лазер қабылдағышының пайдалану бойынша
нұсқаулығын ұстаныңыз.
Өлшеу құралын калибрлеу үшін туралау:
Өлшеу құралын оның үстінде қашалған X осінің
индикаторы "+" жағымен лазер қабылдағышына
қарайтындай етіп туралаңыз. Бұл ретте X осі лазер
қабылдағышына тігінен тұруы тиіс.
1 609 92A 6AE | (28.05.2021)
Калибрлеуді іске қосу:
– Bosch Levelling Remote App арқылы калибрлеу:
өлшеу құралын қосыңыз. Қолданбада калибрлеу
әрекетін іске қосыңыз. Содан кейін қолданбадағы
нұсқауларды орындаңыз.
– Қолданбасыз калибрлеу: өлшеу құралы мен лазер
қабылдағышын қосыңыз. Олардың екеуі де Bluetooth®
арқылы қосылғанына көз жеткізіңіз. Лазер
қабылдағышының қосу/өшіру түймесін және лазер
қабылдағышындағы CenterFind режимінің түймесін
бір уақытта басу арқылы калибрлеу әрекетін іске
қосыңыз. Лазер қабылдағышының дисплейінде CAL
жазбасы пайда болады.
Калибрлеу әрекетін қажетінше тоқтату үшін лазер
қабылдағышындағы CenterFind режимінің түймесін ұзақ
басыңыз.
Калибрлеуді қолданбасыз орындау:
Калибрлеуді бастағаннан кейін
өлшеу құралының дисплейінде
пайда болатын мәзірде өлшеу
құралы мен лазер қабылдағышының
арасындағы бар қашықтықты
таңдаңыз. Ол үшін ▲ (4) немесе
▼ (3) түймесін басыңыз. Таңдауды
арқылы растаңыз, ол үшін еңісті
реттеу түймесін (14) басыңыз.
Төмендегі мәзірде таңдалған өлшеу
қашықтығын және оған қатысты
нивелирлеу дәлдігін растау үшін (
) еңісті реттеу түймесін (14)
басыңыз. Өлшеу құралының
таңдауына қайту үшін (
сызықтық режим түймесін (5)
басыңыз.
Лазер қабылдағышын оның үстіндегі айнымалы лазер
сәулесі (8) ортаңғы ретінде көрсетілетіндей биіктігі
бойынша туралаңыз (лазер қабылдағышының пайдалану
бойынша нұсқаулығын қараңыз). Лазер қабылдағышын
осы биіктікте берік бекітіңіз.
Өлшеу құралы мен лазер
қабылдағышы дисплейде
көрсетілгендей бір-біріне
тураланғанын тексеріңіз (X осінің
"+" жағы лазер қабылдағышына
бағытталған). X осін калибрлеу
әрекетін
ол үшін еңісті реттеу түймесін (14)
басыңыз.
Бұл қадам дисплейде көрсетілсе,
өлшеу құралын X осінің "–" жағы
лазер қабылдағышына
бағытталатындай 180°-қа бұраңыз.
Әр бұраған сайын өлшеу құралының
биіктігі мен еңісі өзгермегеніне көз
жеткізіңіз. Бұрауды
растаңыз, ол үшін еңісті реттеу
түймесін (14) басыңыз. X осі бойынша калибрлеу
жалғасады.
)
арқылы іске қосыңыз,
арқылы
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Grl 650 chvgRc 6 professionalRc 6 professional grl 600 chvRc 6 professional grl 650 chvg

Inhaltsverzeichnis