Gartenpumpe_118655.book Seite 85 Montag, 29. Oktober 2018 7:26 07
3. Су құю саңылауының тығынын
тығыздауышпен бірге қайта бұрап бекітіңіз.
4. Сору уақытын қысқарту қажет болса,
қысымды құбырды да толтырыңыз
(қабылдағыш клапанмен ғана толтырылуы
мүмкін).
5. Енгізу кезінде ауаны шығару үшін қысымды
құбырды ашыңыз (су өткізгіш шүмекті/
соплоны ашыңыз).
6. Құрылғыны қосыңыз.
7. Бір уақытта су шығып жатқан жағдайда
құрылғыны өшіріңіз жəне желілік ашаны суы-
рып шығарыңыз.
Нұсқау: Кіріс құбырда су бағанын сақтап
тұру үшін сорғы мен кіріс құбыр арасында
кері клапанды орнату ұсынылады.
Енгізу сипаттарын жақсарту үшін кіріс
сүзгіні пайдалану ұсынылады.
► Толымдауыштар – 87-бет.
Пайдалану
Сорғы мен кіріс құбыр қосылған жəне
толтырылған болуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жабдықтың
сыну қаупі бар! Сорғы құрғақ күйде
жұмыс істемеуі тиіс. Оның ішінде
берілетін ортаның (судың) жеткілікті
мөлшері əркез болуы тиіс.
1. Желілік ашаны жалғаңыз.
2. Сорғыны ажыратқышпен қосыңыз.
3. Қысымды құбырды ашыңыз (қысымды
шүмекті/соплоны ашыңыз).
4. Судың ақпағанына көз жеткізіңіз.
Егер қозғалтқыш іске қосылмаса, сорғы қысым
шығармаса немесе ұқсас ақаулар орын алса,
құрылғыны өшіріңіз жəне ақаулықты жоюға əрекет
етіңіз (► Ақаулықтар жəне оларды жою
тəсілдері – 85-бет.).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жабдықтың
сыну қаупі бар! Ешқашан сорғыны
жабық қысымды құбырмен 3 минуттан
артық уақытқа іске қоспаңыз. Ұзақ мер-
зімді жұмыс қызып кетуге жəне
зақымдарға апарып соғуы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ҚАУIП! Өмір үшін қауіпті! Жоғары кер-
неу! Кез келген жұмыстарды орындау
алдында құрылғының желілік ашасын
ажыратыңыз.
Ақаулық/ақау
Сорғы жұмыс істемейді.
Сақтау
Аяз қаупі болған жағдайда құрылғы мен толымда-
уыштарды бөлшектеп, тазалап шығыңыз жəне
аяздан қорғалған жерде сақтаңыз.
Бөлшектеу жəне сақтау
1. Құрылғыны өшіріп, желілік ашаны суырып
алыңыз.
2. Қысымды құбырды ашыңыз (қысымды
шүмекті/соплоны ашыңыз), суды толықтай
ағызыңыз.
3. Сорғыны толығымен босатыңыз, ол үшін
сорғының төменгі жағынан су ағызуға
арналған бұранданы (1) бұрап шығарыңыз.
4. Құрылғыдан кіріс жəне қысымды құбырды
бөлшектеңіз.
5. Құрылғыны аяздан қорғалған бөлмеде (кем
дегенде 5 °C) сақтаңыз.
Ақаулықтар жəне оларды жою
тəсілдері
Ақаулар орын алған жағдайларда...
Көбінесе тіпті кішігірім қателіктер ақаулыққа
соқтырады. Əдетте көптеген ақауларды пайдала-
нушы өз бетімен жоя алады. Сатушыға хабарласу-
дан бұрын, төменде келтірілген кестемен
танысыңыз. Бұл артық жұмыстың жəне ықтимал
шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Себебі
Желіде кернеу жоқ па?
Қозғалтқыш сұйықтықтың тым
жоғары температурасынан қызып
кетті ме?
Қозғалтқыш жабық желдету
саңылауларынан қызып кетті ме?
ҚАУIП! Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғыда кез келген жұмыстарды орын-
дау алдында құрылғы мен жалғанған
жабдықтың қуат көзінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспаптың
зақымдалу қаупі бар! Бөліктерді əр
бөлшектеген соң барлық тығыздауыштар
жаңартылуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жабдықтың
сыну қаупі бар! Аяз құрылғы мен
толымдауыштарды бұзады, себебі
олардың ішінде үнемі су болады!
ҚАУIП! Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғыда тиісінше өткізілмеген жөндеу
құрылғының бұдан былай қауіпсіз жұмыс
істемеуіне алып келуі мүмкін. Осындай
жөндеулер салдарынан, сіз өзіңізге жəне
қоршаған ортаға қауіп төндіресіз.
Жою тəсілі
Сымды, розетка мен
сақтандырғышты тексеріңіз.
Қызып кету себебін жойыңыз.
(сұйықтықтың макс. температура-
сы► Техникалық сипаттама-
лар – 87-бет.)
KAZ
85