82 www.electrolux.com
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не
сымдардың ешқайсысын тартпаңыз,
жылжытып не бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса
хош иістендірілген тазалағыш
заттарды не балауыз
жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз,
себебі бұндай заттар құрылғының
беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше
иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара
гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу
5.2 Тоңазытқыш мұзын-қырауын еріту
5.3 Мұздатқыштың мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі камераның
айналасына белгілі бір мөлшерде ылғи қырау
жиналып тұрады.
Қырау қабатының қалыңдығы шамамен 3-5
мм жеткен кезде мұздатқышты жібітіңіз.
құрылғы жұмысын жақсартып, электр
шығынын азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан
келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының
сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса, қырау
тоңазытқыш камерадағы буландырғыштан,
мотор компрессоры тоқтаған сайын
автоматты түрде шығарылады. Еріген су науа
арқылы құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан арнайы
сауытқа жиналады да, сол жерде буға
айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы тағамға
тамшыламас үшін тоңазытқыш бөліктегі
науаның ортасындағы еріген су ағатын
саңылауды мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы
тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны су
ағатын тесіктен аласыз.
Жібітуге 12 сағат қалғанда, құрылғы
жұмысын тоқтатуға жеткілікті суық
қорын қалыптастыру үшін
температура түймешесін ең жоғарғы
параметрге қойыңыз.