214 | Қазақ
Өлшеу диапазонына тиетін әсерлер
Өлшеу диапазоны жарық жағдайы мен мақсатты
жазықтықтың қайтарғыштығына байланысты. Сыртта
жұмыс істеу кезінде және қатты күн жарығында лазер
сәулесінің көрерлігін жақсарту үшін лазер көру
көзілдірігін (28) (керек-жарақ) және лазер нысандық
тақтасын (29) (керек-жарақ) пайдаланыңыз немесе
мақсатты жазықтықты өшіріңіз.
Өлшеу нәтижесіне тиетін әсерлер
Физикалық әсерлерге байланысты әртүрлі беттерде
өлшеу кезінде қаты өлшеу нәтижелері пайда болуы
мүмкін. Бұларға төмендегілер жатады:
– мөлдір беттер (мысалы, әйнек, су),
– шағылысатын беттер (мысалы, жылтыраған металл,
әйнек),
– борқылдақ беттер (мысалы, оқшаулағыш
материалдар),
– құрылымдалған беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас).
Мұндай беттерде лазер нысандық тақтасын (29) (керек-
жарақ) қажетінше пайдаланыңыз.
Қате өлшеу нәтижелері қисық көзделген мақсатты
жазықтықтарда да пайда болуы мүмкін.
Температурасы әртүрлі болатын ауа қабаттары немесе
көлбеу шағылысулар өлшеу мәніне теріс әсер етуі
мүмкін.
Дәлдікті тексеру және көлбеу өлшеуді калибрлеу
(H суретін қараңыз)
Көлбеуді өлшеу дәлдігін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
Бұл әрекет кері өлшеу арқылы орындалуы мүмкін. Ол
үшін өлшеу құралын үстелге қойып, көлбеуді өлшеңіз.
Өлшеу құралын 180° шамасына бұрап, көлбеуді қайтадан
өлшеңіз. Көрсетілген санның айырмашылығы ең көбі 0,3°
құрауы тиіс.
Үлкен ауытқуларда өлшеу құралын қайта калибрлеу
қажет болады. Ол үшін көлбеуді өлшеу түймесін (3)
басып ұстаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру
Өлшеу құралының дәлдігін төмендегідей тексеріңіз:
– Дәл ұзындығы сізге белгілі, ұзақ уақыт өзгермейтін,
шамамен 1 және 10 м аралығындағы ұзындыққа ие
өлшеу қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік
саңылауы). Өлшеу қашықтығы бөлме ішінде болуы
керек, өлшеудің мақсатты жазықтығы тегіс және
жақсы қайтарғыш болуы керек.
– Қашықтықты бірінен кейін бірін 10 рет өлшеңіз.
Бөлек өлшемдердің орташа шамадан ауытқуы ең көбі
±2 мм болуы керек. Дәлдікті кейінірек туралау мүмкін
болуы үшін, өлшеу мәндерін жазып алыңыз.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штативті әсіресе үлкен қашықтықтарды өлшеу кезінде
пайдалану керек. Өлшеу құралын 1/4 дюймдік ирек
оймасымен (19) штативтің (27) немесе стандартты фото
штативтің жылдам алмастыру тақтасына орнатыңыз. Оны
жылдам алмастыру тақтасының бекіткіш бұрандасымен
бекітіңіз.
1 609 92A 55A | (15.07.2019)
Штативпен өлшеуге арналған негізгі жазықтықты (10)
түймесін басу арқылы тиісінше орнатыңыз (ирек
ойманың негізгі жазықтығы).
Өлшеу шинасымен жұмыс істеу (I–K суреттерін
қараңыз)
Өлшеу шинасын (25) көлбеуді өлшеудің дәл нәтижесіне
қол жеткізу үшін пайдалануға болады. Өлшеу шинасымен
қашықтықты өлшеу мүмкін емес.
Өлшеу құралын суретте көрсетілгендей
өлшеу шинасына (25) енгізіп, өлшеу
құралын құлыптау иінтірегімен (26)
құлыптаңыз. "Өлшеу шинасы" жұмыс
режимін іске қосу үшін өлшеу түймесін (2)
басыңыз.
Көлбеуді өлшеудің дәлдігін кері өлшеу арқылы немесе
өлшеу шинасындағы ватерпастар арқылы жүйелі түрде
тексеріп тұрыңыз.
Үлкен ауытқуларда өлшеу құралын қайта калибрлеу
қажет. Ол үшін көлбеуді өлшеу түймесін (3) басып
ұстаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
"Өлшеу шинасы" жұмыс режимін аяқтау үшін өлшеу
құралын өшіріп, оны өлшеу шинасынан тартып
шығарыңыз.
Ақаулар - Себептері және шешімдері
Себебі
Шешім
Температура ескертуі (j) жыпылықтайды, өлшеу
мүмкін емес
Өлшеу құралы –10°C және
Өлшеу құралы жұмыс
+50°C аралығындағы
температурасына
жұмыс температурасынан
жеткенше күтіңіз.
тыс (ұзақтықты өлшеу
функциясында +40°C
шамасына дейін).
Дисплейдегі "ERROR" индикаторы
Әртүрлі өлшем бірліктеріне
Тек бірдей өлшем
ие өлшеу мәндерін қосу/
бірліктеріне ие өлшеу
алу
мәндерін қосу/алу
Лазер сәулесі мен нысана
Лазер сәулесі мен нысана
арасындағы бұрыш тым
арасындағы бұрышты
сүйір.
үлкейту
Мақсатты жазықтық тым
Лазер нысандық тақтасын
қатты (мысалы, айна)
(29) (керек-жарақ)
немесе өте нашар (мысалы,
пайдалану
қара заттек) қайтарылады
немесе қоршаған орта
жарығы тым қатты.
Лазер сәулесінің шығысы
Лазер сәулесінің шығысын
(16) немесе қабылдау
(16) немесе қабылдау
линзасы (17) буланған
линзасын (17) құрғақ және
(мысалы, температураның
жұмсақ шүберекпен сүртіп
шұғыл өзгеруінен).
шығу
Есептелген мән 999 999 м/
Өлшеу процесін аралық
2
3
м
/м
шамасынан артық.
қадамдарға бөлу
Bosch Power Tools