Жұмысты бастау
• Bluetooth динамигін зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны толық
зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін.
• Зарядтау уақытында Bluetooth динамигін тұрақсыз қуат көзін алып тұрса, ол жұмыс
істемеуі мүмкін. Бұл жағдайда, зарядтағышты Bluetooth динамигінен ажырату керек.
• Зарядтау кезінде, Bluetooth динамигі мен зарядтағыш қызуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай
және Bluetooth динамигінің қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер
батарея әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
• Bluetooth динамигі дұрыс зарядталмай жатса, Bluetooth динамигі мен зарядтағышты
Samsung сервис орталығына апарыңыз.
• Зарядтау уақыты зарядтағыш сипаттамасына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Кабельдің көмегімен зарядтау
Оны бірінші рет пайдалану алдында немесе ол ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, Bluetooth
динамигін зарядтаңыз.
Samsung бекіткен зарядтағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
зарядтағыштарды қолдану батареялардың жарылуына немесе Bluetooth динамигінің
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
1
Ұяшықтар тақтасының тысын ашыңыз.
2
Bluetooth динамикті зарядтағышқа жалғаңыз.
Зарядтағышты дұрыс жалғамау Bluetooth динамигін қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
Қазақ тілі
5
5