Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GCM 10 MX Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCM 10 MX Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Бекіткіш тетік (10) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Иінтіректі (11) бастып, аралау үстелін (7) қажетті
ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз.
– Иінтіректі жіберіңіз. Иінтірек ойыққа шерту
дыбысымен тірелуі тиіс.
– Бекіткіш тетікті (10) қайтадан тартыңыз.
Тік еңіс бұрышын реттеу (J суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығында реттеуге
болады.
– Қысқыш тұтқаны (26) босатыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасынан (3) бұрыш
индикаторында (31) қажетті тік еңіс бұрышы
көрсетілгенше қайырыңыз.
– Манипуляторды осы күйде ұстап, қысқыш тұтқаны
(26) қайтадан бұрап бекітіңіз.
0° және 45° стандартты бұрыштарын жылдам әрі дәл
реттеу үшін зауытта орнатылған тіреуіш бұрандалар
((33) және (23)) қолданылады.
– Қысқыш тұтқаны (26) босатыңыз.
– Манипуляторды тұтқасы (3) арқылы тірелгенше оңға
(0°) немесе тірелгенше солға (45°) қарай қайырыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (26) қайтадан тартыңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу (K суретін қараңыз)
– Іске қосу үшін ажыратқышты (4) басып тұрыңыз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (4)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Иінтіректі (2) басу арқылы ғана манипуляторды төмен
жылжытуға болады.
– Сондықтан аралау үшін ажыратқышты (4) іске
қосумен қатар иінтіректі (2) де басуыңыз керек
болады.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4) жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
Бекіту тетігі(10) мен қысу тұтқасын (26) аралаудан
u
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
u
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Bosch Power Tools
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Тербелуден сақтайтын қаптаманың дұрыс істеп, бос
жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төменге
апаруда тербелуден сақтайтын қаптама ашылуы керек.
Манипуляторды жоғарыға апаруда тербелуден сақтайтын
қаптама ара дискісінің жоғарысынан қайта жабылып,
манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді
пайдаланыңыз.
Оператордың күйін (L суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Максималды дайындамалар:
Көлденең
Тік еңіс
еңіс
бұрышы
бұрышы
макс. биіктік
89 x 89
45°
86 x 67
45°
44 x 95
45°
45°
44 x 67
Минималды дайындамалар (= жинақтағы жылдам
қысқышпен ара дискісінен оңға немесе солға қысуға
болатын барлық дайындамалар): 110 x 130 мм
(ұзындығы x ені)
макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 89 мм
Ішпектерді алмастыру (M суретін қараңыз)
Ішпек (9) ұзақ уақыт пайдаланылғаннан кейін электр
құралын тоздыруы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұрандаларды (46) жинақтағы крест ойықты
бұрауышпен (22) бұрап шығарып, ескі ішпекті алып
тастаңыз.
– Ішпекті бұрандалармен (46) мүмкіндігінше оңға бұрап
қойыңыз да, осылайша ықтимал кесу әрекетінің бүкіл
жолында ара дискісі ішпекке тимейді.
Аралау (көлденеңінен аралау)
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Қажетті көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын
орнатыңыз.
Қазақ | 211
Биіктігі x ені [мм]
макс. ені
62 x 130
65 x 91
32 x 130
32 x 91
1 609 92A 4YL | (14.05.2019)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis