▶ Аспаппен бірге тек рұқсат етілген бекіту элементтерін қолданыңыз.
Термиялық сақтық шаралары
▶ Ұсынылатын ең жоғары қондыру жылдамдығынан асырмаңыз.
▶ Аспап қызып кетсе, оны суытыңыз.
▶ Қатты қызған аспапты бөлшектемеңіз. Аспапты суытыңыз.
2.4
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ LiIon аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша арнайы нұсқаулардың
талаптарын орындаңыз.
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен өрттен алшақ ұстаңыз.
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C-тан жоғары температураға дейін қыздыруға және
жағуға тыйым салынады.
▶ Соққы тиген, бір метрден жоғары биіктіктен құлаған немесе басқа жолмен зақымдалған
аккумуляторларды пайдалануға немесе зарядтауға болмайды.
Hilti сервистік қызметіңізге хабарласыңыз.
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аспапты тұтану қаупі
жоқ орынға, тұтанғыш материалдардан алыс, оны бақылауға болатындай қойыңыз және cуытып
қойыңыз. Мұндай жағдайда әрдайым Hilti сервистік қызметіңізге хабарласыңыз.
3
Сипаттама
3.1
Өнімге шолу
1
3.2
Мақсатына сай қолдану
Бұл өнім бөлмеде пайдалануға арналған, қолмен басқарылатын аккумуляторлық қондыру құралы болып
табылады. Ол арнайы өндірілген бекіту элементтерін бетон, болат, кірпіш қалау, силикаттық кірпіш пен
басқа да тікелей монтаждауға арналған беттерге орнатуға арналған. Өнім, сонымен қатар, арнайы
бекіту элементтері пайдаланылған жағдайда электрлік сымдарды қысқыштармен бекітуге де арналған.
2180111
*2180111*
Printed: 19.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5376263 / 000 / 01
Мұндай жағдайда әрдайым
Аспаптың шығыңқы жері
@
X-FG B3-ME 02 бекіту бағыттауышы
;
X-FG B3-IF 02 бекіту бағыттауышы
=
Бекіту бағыттауышының құлпы
%
Желдету ойықтары
&
Сақтандырғыш ажыратқыш
(
Тұтқыш
)
Құлыптан босату түймелері
+
Белдікті ілмек/арматуралық ілмек
§
Зарядтау күйінің индикаторы
/
LiIon аккумуляторы
:
Шеге жапқышы, құлыптанған позиция
∙
Шеге жапқышын құлыптан босату
$
Тірек
£
Қорап
|
Күй индикаторы
¡
Қосу/өшіру түймесі
Q
Шеге жапқышы, құлыптан босатылған
W
позиция
Қазақ
385