немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаңсорғыштаудың жоғары деңгейіне
жету үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне
арналған респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ LiIon аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша арнайы нұсқаулардың
талаптарын орындаңыз.
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар мен өрттен ары ұстаңыз. Жарылыс қаупі бар.
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары температураға дейін қыздыруға
және жағуға тыйым салынады. Әйтпесе өрт, жарылыс немесе күйік қаупі бар.
▶ Зақымдалған аккумуляторларды (мысалы, сызаттары бар, бөліктері сынған, контактілері
бүгілген және/немесе созылған аккумуляторларды) зарядтауға және қайта қолдануға тыйым
салынады.
▶ Аккумуляторды осы нұсқаулықта көрсетілмеген басқа аспаптармен бірге қолданбаңыз.
▶ Аспап тиген кезде өте ыстық болса, ол бүлінген болуы мүмкін.Аспапты тұтану қаупі жоқ
орынға, тұтанғыш материалдардан алыс, оны бақылауға болатындай қойыңыз және оны сууға
қалдырыңыз. Аккумулятор суығаннан кейін Hilti қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
2.4
Циркулярлық арамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
▶ Дайындамаға тек қосылған қолмен басқарылатын циркулярлық араны бағыттаңыз.
➥ Аралау сызығының үстінде және астында бөгде заттар болмауы керек.
шегелердің және т.б. үстінен аралауға тыйым салынады.
▶ Циркулярлық араны ешқашан басыңыздың үстінен ұстап жұмыс істемеңіз.
▶ Ара төсемін ешқашан бүйірінен қарсы қысу арқылы тежемеңіз.
▶ Ара тістері ұштарының қызып кетуіне жол бермеңіз.
▶ Кесілетін бет үшін әрдайым тиісті ара төсемін пайдаланыңыз.
2.5
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
▶ LiIon аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша арнайы нұсқаулардың
талаптарын орындаңыз.
▶ Аккумуляторларды жоғары температуралар, тікелей күн сәулесі мен өрттен алшақ ұстаңыз.
▶ Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C-тан жоғары температураға дейін қыздыруға және
жағуға тыйым салынады.
▶ Соққы тиген, бір метрден жоғары биіктіктен құлаған немесе басқа жолмен зақымдалған
аккумуляторларды пайдалануға немесе зарядтауға болмайды.
Hilti сервистік қызметіңізге хабарласыңыз.
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аспапты тұтану қаупі
жоқ орынға, тұтанғыш материалдардан алыс, оны бақылауға болатындай қойыңыз және cуытып
қойыңыз. Мұндай жағдайда әрдайым Hilti сервистік қызметіңізге хабарласыңыз.
*2033298*
Printed: 06.06.2019 | Doc-Nr: PUB / 5142667 / 000 / 05
2033298
Бұрандалардың,
Мұндай жағдайда әрдайым
Қазақ
183