Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch Professional GDB 180 WE Originalbetriebsanleitung Seite 174

Diamantbohrmaschine mit diamantbohrständer
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Professional GDB 180 WE:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
174 | Қазақ
Ылғалды бұрғылау кезінде саңылаудан шығатын суды
жинау үшін су жинау сақинасы мен ылғалды/құрғақ
сорғыш (екеуі де керек-жарақ) қажет болады.
Су жинау сақинасын суды сору үшін монтаждау
(C суретін қараңыз)
Су жинау сақинасы (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы
бөлшектер", Бет 176) GCR 180 алмасты бұрғылау
станинасымен және GDB 180 WE алмасты бұрғы
білдегімен бірге пайдалануға арналған.
Саңылауды қажетті бұрғылау диаметрі үшін тығыздауыш
қақпақта кесіп алыңыз.
Қыспа серіппені (33) едендік тақта (25) мен бұрғылау
бағаны (20) арасындағы саңылауға тірелгенше
жылжытыңыз. Бұл ретте қыспа серіппенің бұрыштық
бөлігі төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су жинау сақинасын қалпына келтіріп, қыспа серіппені су
жинау сақинасындағы тіреу нүктелеріне қойыңыз. (Қыспа
серіппедегі ұштардағы қапсырмалар қыспа серіппені
жоғары қарай тартуға арналған.)
Серіппенің керу күші арқылы су жинау сақинасы
тығыздауышымен бірге астыңғы бетке басылып,
ылғалды/құрғақ сорғыштың вакуумымен бірге судың
шығып кетуіне жол бермейді.
Шаңсорғышты жалғау
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Сору адаптерін (13) жұдырықша жалғастырғышқа (6)
орнатып, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап
бекітіңіз.
Осы жүйеге мақұлданған және ұсынылған ылғалды/
құрғақ сорғыштың (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы
бөлшектер", Бет 176) сорғыш шлангісін (15)
аспирациялық келте құбырға (14) енгізіңіз.
Пайдалану
Бұрғылау бұрышын өзгерту
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
1 609 92A 4NJ | (03.04.2019)
Бұғылау станинасында әр реттегеннен кейін
u
барлық бұрандаларды қайтадан бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау бұрышын реттеуге арналған астыңғы
бұранданы (24) айыр тәрізді кілтпен кілт ені 17 мм)
босатып, алып тастаңыз.
Жоғарғы бұранданы (21) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені
17 мм) босатыңыз.
Қыспа гайканы (27) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 24 мм)
босатыңыз. Бұрғылау станинасын қажетті бұрғылау
бұрышына орнатыңыз.
Қыспа гайканы (27) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 24 мм)
қайтадан тартып қойыңыз. Жоғарғы бұранданы (21) айыр
тәрізді кілтпен (кілт ені 17 мм) бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау станинасы тек қыспа гайка (27) және
u
бұрышты реттеуге арналған бұранда (21) қайтадан
тартылғанда ғана орнатылуы мүмкін.
Бұрғылағаннан кейін бұрғылау бағанын (20) кері реттілік
бойынша тік күйге (0° бұрғылау бұрышы) қайтып
орнатыңыз. Ол үшін астыңғы бұранданы (24) қайта
орнатып, айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17 мм) бұрап
бекіту керек.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Жұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен,
u
сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен
жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз.
Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат
алып ажыратыңыз.
Бұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу
u
кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын
тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді
қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD)
жұмысын тексеру
Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс
автоматының (PRCD) (16) ақаусыз жұмыс істеуге
қабілетін тексеріп шығыңыз:
– Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)
TEST түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау
индикаторы сөнеді.
– RESET түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы
керек.
Егер қызыл түсті бақылау индикаторы TEST түймесі
басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде
қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті Bosch
клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)
u
ақаулы болса, электр құралын пайдалануға
болмайды.
Қосу
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) (16)
RESET түймесін басыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Professional gcr 180

Inhaltsverzeichnis