Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Техникалық Қызмет Көрсету - Gorenje S3 WHGC663S4X Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

T5. Қарқынды сору жылдамдығын (қуат) ҚОСУ/ӨШІРУ «POWER BOOST»
(уақытқа негізделген)
Ескертпе: 5 минут жұмыс істегеннен кейін сорғыш алдыңғы күйге оралады.
T6*. (Тек белгілі бір үлгілерде) Қарқынды сору жылдамдығын (қуат) ҚОСУ/ӨШІРУ
«POWER BOOST x 2» (уақытқа негізделген)
Ескертпе: 5 минут жұмыс істегеннен кейін сорғыш алдыңғы күйге оралады.
T7.
"Refresh" жұмыс режимін ҚОСУ/ӨШІРУ
Əр 50 минут бойы ешқандай əрекет орындалмаса, 1-ші сору жылдамдығы (қуат) 10 минутқа
қосылады.
T8. Сору жылдамдығының (қуат) кідіртілген өшіру функциясын ҚОСУ/ӨШІРУ
(шамамен 30 минут)
Ескертпе: бұл функция T4 түймесімен таңдауға болатын жылдамдықтар үшін қолжетімді.
T9. Индикатор жəне қалпына келтірілген сүзгі қанықтығы
Май сүзгісіне техникалық қызмет көрсету қажет болған кезде түйме автоматты түрде
тұрақты жарықпен жанады.
Көмір сүзгісіне техникалық қызмет көрсету қажет болған кезде түйме автоматты түрде
жыпылықтап жанады.
Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін сорғыш өшірулі жəне түйме қосулы күйде сүзгінің
қанықтық индикаторын қалпына келтіру үшін түймені 3 секундтан артық басып тұрыңыз;
қажет болса, əрекетті қайталаңыз (мысалы, екі сүзгі де қанық болған кезде).
Көмір сүзгісінің қанықтық индикаторын іске қосу
Көмір сүзгісінің қанықтық индикаторы əдетте өшірулі болады. Оны іске қосу үшін келесі
əрекеттерді орындаңыз:
Дисплей қосулы (ON) жəне сору функциясы өшірулі (OFF) күйде T8 жəне T9 түймелерін
бір мезгілде 3 секундтан артық басып тұрыңыз; T9 түймесі іске қосылғанын көрсету үшін
тұрақты жарықпен шамамен 5 секундқа жанады.
Оны өшіру үшін əрекетті қайталаңыз; T9 түймесі өшкенін көрсету үшін шамамен 5 секундқа
жыпылықтайды.
Автоматты жұмыс істеу параметрлерін орнату
Автоматты жұмыс істеу параметрін дұрыс пайдалану үшін «Сорғышты калибрлеу».
Сорғышты калибрлеу
Дисплей қосулы (ON) жəне сору функциясы өшірулі (OFF) күйде T3 түймесін 3 секунд бойы
басып тұрыңыз.
1-ші сору жылдамдығы (қуат) жұмыс істей бастайды жəне T3 түймесі сорғышты калибрлеу про-
цедурасы басталып, шамамен 5 минут бойы жалғасатынын көрсету үшін жыпылықтайды.
Ескертпе: калибрлеу процедурасын тоқтату үшін T3 түймесін 5 минут бойы басыңыз; калибрлеу
процедурасы орындалмайтындықтан, қайталануы қажет болады.
Техникалық қызмет көрсету
Ескерту! Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет ету операциясын жасаудан бұрын,
вилканы шығарып немесе бөлменің басты ажыратқышын суырып сорғышты электр желісінен
ажыратыңыз.
Тазалау
Сорғыш ішінен жəне сыртынан жиі тазаланып тұруы қажет (кем дегенде шамамен майды ұстап
қалатын фильтрді тазалау мерзіміне сəйкес). Тазалау үшін бейтарап жуғыш затпен суланған
арнайы шүберекті пайдаланыңыз. Абразиялық қоспасы бар затты пайдаланбаңыз.
81

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

S3 whgc963s4x

Inhaltsverzeichnis