Көмір сүзгісіне техникалық қызмет көрсету қажет болған кезде түйме автоматты түрде жыпылықтап жанады.
Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін сорғыш өшірулі жəне түйме қосулы күйде сүзгінің қанықтық индикаторын
қалпына келтіру үшін түймені 3 секундтан артық басып тұрыңыз; қажет болса, əрекетті қайталаңыз (мысалы, екі сүзгі
де қанық болған кезде).
Көмір сүзгісінің қанықтық индикаторын іске қосу
Көмір сүзгісінің қанықтық индикаторы əдетте өшірулі болады. Оны іске қосу үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
Дисплей қосулы (ON) жəне сору функциясы өшірулі (OFF) күйде T8 жəне T9 түймелерін бір мезгілде 3 секундтан артық
басып тұрыңыз; T9 түймесі іске қосылғанын көрсету үшін тұрақты жарықпен шамамен 5 секундқа жанады.
Оны өшіру үшін əрекетті қайталаңыз; T9 түймесі өшкенін көрсету үшін шамамен 5 секундқа жыпылықтайды.
Автоматты жұмыс істеу параметрлерін орнату
Автоматты жұмыс істеу параметрін дұрыс пайдалану үшін «Сорғышты калибрлеу» жəне
«Конфорканы таңдау» процедурасын орындаңыз.
Сорғышты калибрлеу
Дисплей қосулы (ON) жəне сору функциясы өшірулі (OFF) күйде T4 түймесін 5 секунд бойы басып тұрыңыз.
2-ші сору жылдамдығы (қуат) жұмыс істей бастайды жəне T4 түймесі сорғышты калибрлеу процедурасы басталып,
шамамен 15 минут бойы жалғасатынын көрсету үшін жыпылықтайды.
Ескертпе: калибрлеу процедурасын тоқтату үшін T4 түймесін 5 минут бойы басыңыз; калибрлеу процедурасы
орындалмайтындықтан, қайталануы қажет болады.
Конфорканы таңдау
Дисплей қосулы (ON) жəне сору функциясы өшірулі (OFF) күйде T3 түймесін 5 секунд бойы басып тұрыңыз. T5 (POWER
BOOST) жəне T6 (POWER BOOST х 2) қарқынды қуатының 2 деңгейі бар үлгі T3, T5 жəне T6 түймелері жанады.
Газ конфоркасына арналған T5 түймесін басыңыз, түйме таңдалғанын көрсету үшін жыпылықтайды.
Электр конфоркасына арналған T6 түймесін басыңыз, түйме таңдалғанын көрсету үшін
жыпылықтайды.
T5 (POWER BOOST) қарқынды қуатының бір деңгейі бар үлгі T3, жəне T7 T8 түймелері жанады.
Газ конфоркасына арналған T7 түймесін басыңыз, түйме таңдалғанын көрсету үшін жыпылықтайды.
Электр конфоркасына арналған T8 түймесін басыңыз, түйме таңдалғанын көрсету үшін жыпылықтайды
Техникалық қызмет көрсету
Ескерту! Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет ету операциясын жасаудан бұрын, вилканы шығарып
немесе бөлменің басты ажыратқышын суырып сорғышты электр желісінен ажыратыңыз.
Тазалау
Сорғыш ішінен жəне сыртынан жиі тазаланып тұруы қажет (кем дегенде шамамен майды ұстап қалатын фильтрді
тазалау мерзіміне сəйкес). Тазалау үшін бейтарап жуғыш затпен суланған арнайы шүберекті пайдаланыңыз.
Абразиялық қоспасы бар затты пайдаланбаңыз.
СПИРТТІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ!
Ескерту: Фильтрді ауыстыру жəне аспапты тазалау ережелерінің сақталынбауы өрттің пайда болуына əкелуі мүмкүн.
Сондықтан берілген нұсқаумен пайдалануға кеңес береміз.
Жоғарыда көрсетілген ескертулерді сақтамағандықтан немесе дұрыс емес жөндеу салдарынан болған өрт немесе
қозғауыштың бүлінуіне байланысты барлық жауапкершілік алынады.
Май сүзгісі
Ас дайындаудағы май бөлшектерін ұстап қалады.
Фильтрді ай сайын агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен немесе ыдысжуғыш машинада, төмен температурада,
үнемді тазалау тəртібінде жуу керек.