Аспаптың жүктемемен бірге үздіксіз жұмыс уақыты 1 минуттан аспауы тиіс.
Қосылулар арасындағы ұсынылатын үзіліс — 2-3 минут.
Ұсақтағышты қолдану кезінде 1-2 секунд үзілістермен 3-5 секундтан аспайтын не-
гізгі немесе турбо тәртіптің қосылу түймесін ұстап тұрыңыз — бұл өнімнің ұсақталу
үрдісін жақсы бақылауға және қозғалтқыштың қызып кетуіне жол бермеуге мүмкін-
дік береді.
III. АСПАПТЫ КҮТУ
Тазалаудың ұсынылған тәсілдері А4 кестесінде көрсетілген.
Аспапты тазалау кезінде тағаммен байланысқа түсетін заттарды қолдану
үшін ұсынылмаған қырғыш құралдарды, химиялық агрессивті немесе өзге зат-
тарды қолданбаңыз.
Пышақтар мен алмастарын тазалау кезінде абай болыңыз — олар өте өткір!
Аспапты қолданбас және қайталап пайдаланбас бұрын оның барлық бөлшектерін
толығымен кептіріңіз. аспапты күн сәулелерінен және қыздырғыш аспаптардан алыс
құрғақ желденетін жерде сақтау қажет.
IV. СЕРВИС - ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР
АЛДЫНДА
Ақау
Ықтимал себеп
Аспап жұмыс
Кернеу жоқ
істемейді
Аспап шуылдап,
Сіз қатты азықты өң-
дірілдейді
демейсіз
Аспап қызып кеткен
Жұмыс кезінде
бөгде иіс пайда
болады
Аспап жаңа, иіс қорға-
ныс жабындысынан
шығады
Ақауды жою
Аспапты алдын ала өшіріп, желідегі кер-
неудің барын тексеріңіз
Бұл қалыпты жағдай. Өңдеу алдында
азық-түлікті кесектеп турауға кеңес бе-
реміз
Аспаптың үздіксіз жұмысының уақытын
қысқартыңыз. Қоспалар алдында ара-
лықтарды ұлғайтыңыз
Аспапты мұқият тазалаңыз. Иіс бірнеше
қоспалардан соң кетеді
V. КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 2 жыл мерзіміне кепілдік беріледі. Өндіруші
кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл бұйымды ауы-
стыру жолымен материалдар немесе жинау сапасының жетіспеушілігінен туындаған
кез келген зауыттық ақауларды жоюға міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні
түпнұсқалық кепілдік талонында дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған
жағдайда ғана күшіне енеді. Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа
сәйкес қолданылған, жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу
нәтижесінде зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдай-
да танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын материалдарына
таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық тығыздауыштар және т. б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен оған кепілдікті міндеттемелердің қолданыс мерзімі
бұйым сатылған немесе өндірілген кезден есептеледі (егер сату күнін анықтау
мүмкін болмаса).
Аспап өндірілген күнді бұйым корпусының сәйкестендіру жапсырмасындағы сериялық
нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден тұрады. 6-шы және 7-ші
белгілер айды, 8-ші — құрылғының шығарылған жылын білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы осы
нұсқаулық пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі жағдайында
сатып алынған күнінен 3 жыл құрайды.
Экологиялық зиянсыз кәдеге жарату (электрлік және
электрондық жабдықтарды кәдеге жарату)
Орамның, пайдаланушы нұсқаулығының, сонымен бірге құралдың өзінің
кәдеге жаратылуын қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті
бағдарламаға сәйкес іске асыру қажет. Қоршаған ортаға қамқорлық
танытыңыз: ондай бұйымдарды кәдімгі тұрмыстық қоқыстармен бірге лақтырмаңыз.
Пайдаланған (ескі) құралдар қалған тұрмыстық қоқыстармен лақтырылмауы тиіс,
олар бөлек кәдеге жаратылуы қажет. Ескі жабдық иелері құралдарды арнайы қа-
былдау пунктеріне әкелуге немесе сәйкес ұйымдарға тапсыруға міндетті. Бұнымен
сіз құнды шикізатты қайта өңдеу, сонымен қатар ластаушы заттарды тазалау бой-
ынша бағдарламасына көмектесесіз.
Берілген құрал электрлік және электрондық жабдықты кәдеге жаратуды реттейтін
2012/19/EU Еуропалық бағыттамасына сәйкес белгіленген.
Берілген бағыттама электрлік және электрондық құралдардан қалдықтарды кәдеге
жарату және қайта өңдеуге деген, Еуропалық Одақтың барлық аумағында қолда-
нылатын негізгі талаптарды анықтайды.
RHB-2939-E
KAZ
113